Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шарықтап шыңға ұмтылған – Қазақстан

04 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Шарықтап шыңға ұмтылған – Қазақстан
Елім менің еңселі
Бар әлеммен тең келді
Асқар белің,
Жазира кең далаң
Емін еркін сонда ойнаған
Мына қазақ өз балаң!
Қазақ халқы қандай жағдайда болса да даулы мәселелерді ақылға салып, ойланып, ауызбіршілікпен шешіп отырды.
Желбіреген тәуелсіздік туының астында бүгінде көп ұлттар өмір сүреді. Тіліміз бөлек, үніміз бөлек болғанымен өз бауырымыздай көріп, жақсы тату жүреміз. Тіпті шағын Қазалы ауданымыздың өзінде: орыс, кәріс, өзбек, татар, қырғыз тағы басқа ұлттардың қазақ тілінде емін - еркін сөйлескенін көруге болады.

Үстіміздегі жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 20 жыл толады. Бұл сан ғасырлар сарыла күткен ата - бабамыздың еңбектерінің жемісі. Бүгінгі таңда бейбіт, бақытты ел болуымыз - халқымыздың қайтпас - қайсар, ер - жүректігінің арқасында.
Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері жеткен жетістіктерін санап, шыққан табалдырығын айтар болсам: 1992 жылы 3 қарашада – Дүние жүзілік қазақтардың І құрылтайы болды.
1992 жылы 6 маусымда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы мен Туы қабылданды.
1993 жылы 15 қарашада Ұлттық валюта – теңгеміз айналымға шықты.
1991 жылы 2 қазанда Тоқтар ағамыз ғарыш көгіне самғаса, 1994 жылы Талғат Мұсабаев жолын жалғады.
1995 жылы еліміздің Ата - заңы жаңадан қабылданып, Абай атамыздың 150 жылдық тойы бүкіл әлемде жоғары деңгейде тойланды. Отаным сонымен қатар, ядролық сынақтарды тоқтатқан ел ретінде де жер жүзіне танылды. Бұл мәңгілік бейбітшілік боларының белгісі.
1998 жылы ел ордамыз Астана қаласына көшіп, Қазақстан үшін жаңару, өрлеу кезеңі басталды.
2011 жылы Алматы - Астана қалаларында қысқы Азияда ойындары өткізілді.

Тағы да ауыз толтырып айтарлықтай жайт Азияның жүрегіне айналған – Қазақстан сәулет өнері туындылары: «Бәйтерек», Хан» шатыры, «Шабыт» шығармашылық сарайы тағы басқа көз тартар зәулім ғимараттары шетелдіктердің қызығушылығын арттыруда. Яғни бұдан байқағанымыз еліміз 20 жыл ішінде үлкен биіктерді бағындырды. Енді алдағы уақытта Қазақстан - әлемде қайталанбас ең бай мемлекет дәрежесіне көтерілмек. Мен оның болашақта боларына сенемін. Қазақстанның бейбіт, тату - тәтті, жаңарған - жаңашыл әлемде өмір сүруі елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сара жолының нәтижесі.
Жас ұрпақ, біздер ел ағаларының игі істерінен үлгі ала отырып өсудеміз. Сондықтан біз білімді болып, олардың жолын қуып, еліміздің аспанын ашық қазақ қыраны қанатын кеңге жайып, көкке бұдан да биік самғауын мақсат етуіміз қажет.
Болашақта еліміздің өткенінен үлгі ала отырып, Қазақстанның қарыштап дамуына үлес қосамын.
4 430
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің елім — Қазақстан!
Менің елім — Қазақстан!
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арнаған «Менің елім — Қазақстан!» - атты тақырыптық оқу қызметі.
Тәуелсіздік – таусылмас тарих
Тәуелсіздік – таусылмас тарих
«Тәуелсіздік»... Осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде «Мен қазақпын» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды. Себебі, сонау алмағайып кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата - бабаларымыздың аңсаған арманы болған
Бірлігі жарасқан ел
Бірлігі жарасқан ел
«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы. Біздің елімізде Қазақстанда 130 - дан астам ұлт өкілі бар: ұйғыр, кәріс, дұнған, өзбек, қырғыз, түркмен, тәжік, армян, азербайжан, украин, беларус, түрік, шешен және т. б.
Жаса, Қазақстан
Жаса, Қазақстан
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі. Ешбаева Кенжегүл Өтелбайқызы
Тәуелсіздік тірлігімнің айғағы
Тәуелсіздік тірлігімнің айғағы
Шалқар қаласы №6 орта мектебі Тәрбиеші: Төреханова Г.
Елім менің еңселі
Елім менің еңселі
Бердіғали Шынар Ибадуллақызы Сабақтың тақырыбы: «Елім менің еңселі»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×