Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дара сөздер мен күрделі сөздер

23 қаңтар 2013, Сәрсенбі
Базарова Ақкенже Мырзақызы
Астана қаласы, №53 мектеп - лицей
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Дара сөздер мен күрделі сөздер.
Сабақтың мақсаты: А) Білімділік мәні: дара сөздер мен күрделі сөздерге түсінік беру.
Ә) Тәрбиелік мәні: жаттығу жұмыстары арқылы сөз мәнін, мағынасын түсінуге, еңбекқорлыққа үйрету.
Б) Дамытушылық мәні: оқушының ой-өрісін жаңа сөз туындайтын күрделі сөздерді үйрету арқылы дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру.

Сабақтың технологиясы: Сатылай комплексті талдау.
Сабақтың әдіс-тәсіл: Сұрақ жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Плакат. Сызба нұсқалар. Бағалау парақтары.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен «қызығамын»деген психологиялық сауалнама жүргізу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге: 71 - жаттығу берілген. Сөздердің түбірі мен қосымшаларын дефис арқылы ажыратып келу.
ІІІ. Жаңа сабақ
Тақтаға Дара сөздер мен күрделі сөздер жазылған плакат ілінеді. Осы кезде оқушыға өткен сабақ (түбір мен қосымша) пен жаңа сабақтың (дара мен күрделі сөздер) байланысын атап кету.
……..

Сызба – нұсқалар тақтаға ілінеді. Сонымен қатар бірнеше сөзді сатылай комплексті талдау жасап үлгісін көрсету.
Туынды сөздерді сатылай комплексті талдау.
Аспазшы
1. Бұл үш құрамнан тұрады Ас + паз+шы
2. Тұлғасына қарай туынды (синтетикалық немесе морфологиялық тәсілмен түбір сөзге сөз тудырушы – паз - шы жұрнақтары жалғану арқылы жасалған)
3. Құрылысына қарай - дара (туынды түбірден тұр)
4. Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар.
5. Лексикалық мағынасы - кәсіп иесіне берілген атау;
6. Грамматикалық мағынасы – зат есім:
7. Аспазшы кім? -деген сұраққа жауап береді;
8. Мағынасына қарай
А) Жалпы
Ә) жанды
Б) деректі себебі, көзбен көреміз, қолмен ұстаймыз
А) нақты себебі, деректі болған нәрсе нақты болады.

Туынды сөздерді талдау үлгісінен кейін тақтаға мынадай кесте ілінеді.
Дара сөздер ----- Күрделі сөздер
Негізгі түбір ----- Туынды түбір ----- Біріккен ----- Қос сөздер ------Қыстырған ------Тіркесті сөз
Аялдама
Ауыл
Жақсылық
Қала
Жақсы Әнші
Достық
Қалашық
Аялдама
Таулы
аспазшы Балапан
Екібастұз
Батпақ
Бұлбұл
Шерлі
Емхана Бала - шаға
Үйлі - баранды
Тау - тау
Көйлек - көншек
Үлкен - кіші
Ақ - қара Қарақұрт
Алашорда
Газ - 33
ТМД, кг
Талдықорған
Кедей – кепшік
Бидай өңді,
Он бес,
Күні бойы,
Мәдениет сарайы
Келіп отыр
Ұзын бойлы
Дұрыс кестеге - «+»
Дұрыс емес кестенің астына – «-»

Бұл берілген тапсырма жаңа сабақты қаншалықты меңгергендігін байқатады.
Оқулықпен жұмыс 75 - жаттығу
Әр оқушыға осы жаттығу жұмысын орындау үшін сызбасы бар парақтар таратылады.
________________Дара ___________Күрделі
Арқар
Арқан
Арқар мүйіз
Аспан
Аспаз
Аспан көк
Асқазан
Асығып - аптығу
Астан кестан
Көркем филм
Дәнекер
Жақсы атты
Жол сілтеуші
Жомарт
Бұл сызбада тек сөздер жазылады, сілтемелерді оқушылардың өздері қойып шығады. Соңында парақтар жиналады. Бірден тексеріп, бағасы қойылады.

IV. Жаңа сабақты пысықтауға арналған сұрақтар:
1. Жаңа сөзге ие болатын күрделі сөзді ата.
2. Кіріккен сөз қандай күрделі сөздің бөлігі?
3. Өзіндік ерекшеліктерін ата (теория)

V. Сабақты қорытындылау кезеңі: Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасын бекіту: Үйге: 77 - жаттығу. Берілген күрделі сөздерге сатылай комплексті талдау жасап келу.
27 763
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер туралы түсінік бере отыра, біріккен сөздер туралы анықтаманы өздері шығарып алуына жағдай туғызу. Біріккен сөздердің жасалу жолдарын көрсету, түрлерін ажыратуға машықтау, біріккен сөздерді практикада дұрыс жазуға дағдыландыру.
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Дара сан есім бір сөзден жасалады: бес, алты, бір, үш. Күрделі сан есім екі не одан да көп сөзден жасалады: он тоғыз, екі жүз алпыс төрт, он екінші, қырық бес, бесінші.
Дара сөздер мен күрделі сөздер.
Дара сөздер мен күрделі сөздер.
оқушыларға сөз түлғасы және дара сөздер мен күрделі сөздер жайлы толық түрде мәлімет беру. ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой-өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, өз ойын толық жеткізе білуге үйрете отырып, әрбір оқушының жеке даралығын дамыту, тәрбиелеу.
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сөйлем, сөйлем мүшелері, олардың дара және күрделі түрлері туралы білімдерін нығайта отырып, оларды сөйлем ішінен дара және күрделі сөйлем мүшелерін табу арқылы сұрақ қоюға үйрету.
Ырықсыз етіс
Ырықсыз етіс
Астана қаласы №53 мектеп - лицей мұғалімі Базарова Ақкенже Мырзақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×