ойын сауық отауы
О. Айтанұлы / Аң шадырын оқ табар
15.04.2023 220 0 Admin

О. Айтанұлы / Аң шадырын оқ табар

Әдебиет
Ұлы Даланың рухани жауһары
О. Айтанұлы / Аң шадырын оқ табар
Ақтағыс пен қызы Сәтбекті шығарып салып, өздерінің отбасылық шүңкіліне көшкен. Бірі көненің, бірі жаңаның көзқарастарын қозғап, таразы басын теңестіре алмай, үркерді жамбасқа аунатты. Көңіліне дық алған Ақаңның ұйтқымалы заманның мінезіне болған міні де аз болған жоқ. Оны ақтауға тырысқан Мәкестен де маза кетті. Бұлш түпсіздіктен туысы бір түтін басына қайта ауысты. Әкесінің айтуынша, төркініне барып келгеннен кейін, Нұрғиза қыңырайып, беталды сөйлейтін болған. Кіріп - шығып жүріп қазан болса қазанға, сиыр болса сиырға, табадағы нанға, түтінге, шаңыраққа, шыны - аяққа, ит екеш итке де сөйлеген. Сиыр саумай, бұзауын бірге қоя беріп, ұзақты күн кішкене қызыл тысты кітапты оқумен болған. Кезіндегі келіннің қайсы десе мынау дейтіндей момақан келін емес, бойына бір желік кірген. Оны Қоңқай да айтқан: “Келініңізде желік ауруы бар ма? Сау емес - ау! Біреуді құдай желіктіреді, біреуді адам желіктіреді, біреу өзінен - өзі желігеді” – деп Нұрғизаның сайқал саясаттың желбуаз жоспарымен желіккені рас еді. Тіпті “Құл болып, күлдікөмеш болып үйде отырмаймын. Кетемін, елдің бәрі күмше (колхоз) боп жатыр, күмшеге барамын” – дейді. Саясаттың сан құбылысын сараптай алмайтын жас келін ет қызуымен қазанын да алмастан Күмшесіне кетіп тынған. Ас қамына әзірленген қызына қамыға қараған қарт: “Үйім деп шаршап - шалдығып, қызылсырап келгенде тым құрыса, екі аяғым сау болса еді, алланың ырыздығы ғой, қақпан құрып болса да қазан - аяғымды қаңсытпас едім. Зәруат, кешірер еді, біз сияқты мүсәпірлерін...” Тобан аяқ шал осылай дымы құрып сарқыла сөйлеп, талығып барып жантайған. Ертесі әкесінің мұратына мұрагерлік етіп, таң бозынан құралын асынып, аңға шыққан Мәкестің нұрға шомған бейнесі сол болатын. Оқып жүргенде нағашы ағасы Жази кәрі жездесі Ақтағыстың “Аң шадырын оқ табар” – деген мақалын есеп жолдарымен сызбалап дәлелдеген. Аңды өкпе тұсынан атса, оқпен бірге жығылады. Егер аңның өкпесін шеңберге ұқсатып, оның дәл ортасын “О” нүктесі десек, шадыр тұрған аңның өкпесінің “О” нүктесін тауын ату оңай емес, мергені келіссе ондай шадырлықты оның оғы таба алады. Әкеңнің жолын қусаң, сызықтар өнеріне көп жаттық дейтін ол. Міне Мәкестің миығынан күліп келе жатқаны сол сөздер болатын. Алдынан Сәтбектің тосын жолыққанынан қапелдемде тосырқап қалды.
Киелі тесік тастың етегіндегі бір жартастың түбінде Мәкес пен Сәтбек әңгімелесіп отырған. “Әкемді аяймын” деп бастаған қыз сөзін “Ол ғана емес, тау - тастың қуысында, бір тастың түбінде тығылып ап, дүниеден бейхабар өтуді өз түсініктері бойынша ең зор бақыт санайтындардың саны да аз емес. Ойға көшейік десек, өлсем ата - бабам бұл төккен осы тастың түбінде өлем, сүйегім осында марқұм апаларыңның қасында қалсын деп табандап тұрып алады. Қаланың қайнаған тіршілігі оның басын ауыртады. Коммунизмді түсінбесе де соған ұқсас өзінің арманы бар. Керуеншінің тоғанақтап артқан жүгі секілді әркімнің өз жүгі болады ғой, екеуіміздің заманымыз екі басқа екен. Әкем жөбішеңкіге ашуланбаушы еді, бірақ, құда баласы кеп, адал малын конпоскалағандға ересен ыза болды. Құдайдың қоңыр аңының киесі атты ма, кім білсін кейін әкем топ болып қалды. “Өлгенге, өлтіргенге қуанба, тірілгенге, тірілткенге қуан” – дейтін қайраты қайтқан шағында...” Ол осыларды айтып отырғанда Сәтбек тұңғиық бір ойдың түбіне кеткен. Қызыл науқанның қайнаған кезінде Тұрағұлды күреске тартады, Ақтан болса ақырған төңкерісшіл белсенді. Өзін де жарға итеріп, сонау алыстағы тау түбіне еңбекпен өзгертуге жіберген сол болатын. Неге егер болғанына жіп таға алмаған, болмаса бәрі де бір терінің пұшпағын илеп, бір оқу орнында істеген.
Жас социализмнің “оңшыл”, “солшылдары” тұздық болған қызу қозғалыс қу қопаға өрт кеткендей үдеп, коммунизмнің нұрлы болашағына жедел жетудің жарқын жолы тек коллективтендірудің қадамын тездету деп аңқау елді арамза молдалар билеп, дүниенің астан - кестеңін шығарған. Баланың ісі, бақсының жыны көбейіп, ненің ақ, ненің қара екенін айыра алмай, қарабайыр халықтың қара бастары қазандай болған. Сөйтіп, көлеңкесінен қорқатын қоян жүректер, от пен судай тап жаулары, бұқпа тыңшылар, ұрда - жық әпербақандар молайып, алтын бесік елдің атқа мінерлері есерлердің ермегі болған бір шу басталған. Мәкес Сәтбектің ішкі арпалысынан өзгерген өңіне қарап, отбасынан оза алмай жатқан ой шудасын жимасқа амалы қалмаған. Олар буындарын сытырлатып орындарынан тұрып, бет - бетіне кетіскен. Көп өтпей тобан аяқ шалдың қызы Сәтбектің қосына кәресін алуға қайта жолға шыққан. Сілесі қатып шаршаған Аққоянмен жолыққан. Мәкеспен қоштасып келе жатқан жалқы жігіт жолшыбай ойға қоныс аударған қалың көштің үстінен түскен. Түленмен танысқан, оның ықыласты пейілімен Ағайшаға жолыққан. Ол қосына кеткен соң, Түлен бастаған бір топ ауылдың қызғалдықтай қыздары Сәтбекке сәлемдесе келген. Осы жиналған жұрттың үстіне айқұлақтана ақырып Ақтан жеткен. Ол өшіккен ит ізін талайдының кебін киіп, Сәтбектің сары ізіне шөп салуын әлі қоймаған. Нұрғиза мен Қазым Ақтағысты көшіріп алуға белді бекем байлаған. Олар Мәкес, Сәтбек, Түлен болып, араларына ақтағысты алып Ақтанның кішкене машинасына мінген. Табиғатпен тұлғаласқан, жер исі сіңген таудың кәрі тарланын болат қортудың батырлары күшке салып иіп, туып өскен топырағынан айырып, мұң тұнған нұры тайған жанарын жасқа шылап, жат ортаға көген көздендіріп, қарт кеудесін қайғыға толтырып, күні ертең не боларын жаратқан иесіне тапсырып, Ақтағыстың “Аң шадырын оқ табар, бір жөні болар!” – деуімен роман соңғы нүктесін қояды.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

О. Айтанұлы / Аң шадырын оқ табар О. Айтанұлы / Аң шадырын оқ табар
Кейіпкерлері: Ақтағыс, Сәтбек, Мәкес (Ақтағыстың қызы), Қазым (Ақтағыстың ұлы), Нұрғиза (Қазымның әйелі), Қоңқай, Жәзи, Қаратай молла, Өтеген,
Үй туралы мақал - мәтелдер Үй туралы мақал - мәтелдер
Үй туралы мақал - мәтелдер Туған үйдің түтіні жылы, Туған ананың күтімі жылы. Түздегі май ішеді, Үйдегі зәр ішеді.
Жүкті болған келінді күту дәстүрі Жүкті болған келінді күту дәстүрі
Келіннің жүкті болғанын сезген ене «Атамыздың аруағы біліп, қолдап жүрсін» деп ауылдағы үлкен үйдің оң керегесіне ақ орамал таңады.
Жұпар ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Жұпар ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Жұпар ана – Бәйдібек бидің келіні, Қоңырат Қызыл бидің қызы.
Бұл жерде Бұл жерде
Құлан да болған бұл жерде, Бұлан да болған бұл жерде. Құлан мен бұлан қалмастай Лаң да болған бұл жерде.
Сорлы болған мұжық Сорлы болған мұжық
Болған соң кәсібі ұрлық, ұры залым Ұрлауға ұят дей ме жұрттың малын? Ойы арам, қаны қара, ол нағылсын, Біреуді зар жылатпақ, зор обалын!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×