ойын сауық отауы
Өз - өзіңді жақсы көр...
03.04.2021 74 782 0 Admin

Өз - өзіңді жақсы көр...

Өлеңдер
Өз - өзіңді жақсы көр...

Мейлі біреу сені дұшпан санасын,
Мейлі біреу жаман көзбен қарасын.
Сен оларға жақсы көзбен қарай caл,
Сонда олардан жоғарылау боласың.

Бұл өмірде неше түрлі адам бар,
Сен туралы білмей жатып жамандар.
Мына сені жек көреді біліп қой,
Өзін жақсы көре алмайтын адамдар.

Сол үшінде өз - өзіңді жақсы көр!
Алдарыңнан шықсын десең жақсы жол.
Жақсы жанды жолықтырғың келсе егер,
Ең бірінші өзің сондай жақсы бол.

Мейірім мен шуақ шашып маңайға,
Көмегіңді көрсете біл талайға.
Мың арманнан аттап өту керексің,
Бір арманға жету үшін қалай да.

Алдарыңнан шықса дағы қандай сын?
Қыран болсаң сыннан биік самғайсың.
Кешіре сал, біреу сені ренжітсе,
Кешіргеннен кішірейіп қалмайсың.

Тірлігіңе қарап тұрып таңдана,
Тіліндегі уын шашар сонда да.
Мына сені өсектейді отырып,
Қолдарынан түк келмейтін жан ғана.

Елің үшін төгілсе егер ашщы тер,
Жақсы адамдар еңбегіңді жақсы дер.
Сені жақсы көрсін десең барлығы,
Ең бірінші өз - өзіңді жақсы көр!

Мұқағали Мақатаев

Мінезіңдегі аурулардан құтыл Мінезіңдегі аурулардан құтыл
Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез көрсең, оған шипа сұрап дұға қыл. Оған жабысқан кеселден сені сау қылған
Жақсы әйел туралы жақсы сөз. Жақсы әйел туралы жақсы сөз.
Бір әйелден: «Бұл өмірде сенен басқа әйел жоқтай, күйеуің не үшін сені соншалық жақсы көреді? Алайда дүниеде сенен де сұлу әйелдер бар ғой?» деп
Сержанәлі Әлібек - Мен сені жақсы көремін Сержанәлі Әлібек - Мен сені жақсы көремін
Көздеріңнен аққан жасты көрем, Алдымда жұбатқан досты көрем, Сен мені жаным ұмыттың ба? Мен сені жаным жақсы көрем...
Бағлан Əбдірайымов - Мен сені жақсы көрем Бағлан Əбдірайымов - Мен сені жақсы көрем
Бағлан Əбдірайымовтың"Мен сені жақсы көрем" атты жаңа әні
Достық туралы мақал - мәтелдер №1 Достық туралы мақал - мәтелдер №1
Асы бар қазан сүйкімді, Досы бар адам сүйкімді.
Аңғал досым - ай Аңғал досым - ай
Аңғал досым - ай, He дейін саған, не дейін. Көрінеді ішің, Ашылса болды көмейің, Жақсы да сені демейін, Жаман да сені демейін, Қасымда жүрші әрқашан
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×