ойын сауық отауы
Күз
04.11.2024 556 329 9 Жайна

Күз

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?

Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал - кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

Біреу малма сапсиды салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесін иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.

Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол – бір керуен.
Қай ауылда көрсең де, жабыраңқы,
Күлкі - ойын көрінбейді, сейіл серуен.

Кемпір - шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңісіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа - су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.

Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы.
Тұман болар, жел соқса, шаң - тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрсын заңы.

Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Күз туралы тақпақтар жинағы Күз туралы тақпақтар жинағы
Көктен көзін бір алмай, Қызғылт тартты кәрі құз... Жер қызығын қия алмай, Маужырап тұр сары күз...
Тұңғиық түпсіз астында Тұңғиық түпсіз астында
Тұңғиық түпсіз астында Су сабалап, суды тіліп, Көк теңізде келе жатты бір кеме. Бір мезгілде түсі суық Бір қара бұлт көкке ойнақтап, Шыға келіп,
Қанжар Қанжар
Сүйкімді болат қанжар, тұрсың жайнап, Ыстық, суық майданда шығады ойнап. Грузин ашулы ұста кекке соққан, Ер шеркес соғыс үшін алған қайрап.
Асау той, тентек жиын, опыр - топыр Асау той, тентек жиын, опыр - топыр
Асау той, тентек жиын, опыр - топыр, Ішінде түсі суық бір жан отыр. Алысты тұманданған ол ойлайды, Өзге жұрт ойды нетсін, өңкей соқыр.
Қыс Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті - басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Күйісбайға Күйісбайға
Дұғай сәлем жазамын Күйісбайға, Бермек болған айғырдың көзі қайда? Көзді көрсең бересің, тайсаң танып, Алдамшы атанғанның несі пайда?
Пікірлер (9)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Merey
#1 Merey Қонақ 11 сәуір 2020 18:11
Жақсы екен маған көмегі қатты тиді!Енді мінекей өзімнің жарысыма расында байқаума қатысайын деп отырмын!
Осыны істеген админдермен админкаларға рахмет!Біз сіздерді жақсы өте қатты жақсы көреміз
Қонақ Камила
#2 Қонақ Камила Қонақ 18 сәуір 2020 13:48
Керемет.Маған қатты көмек тесті
Ислам
#3 Ислам Қонақ 30 сәуір 2020 21:28
Керемет оте керемет маган унады!
Динмухаммед
#4 Динмухаммед Қонақ 26 қыркүйек 2020 16:39
Оте керемет! Маган унады!
Қонақ Айжан
#5 Қонақ Айжан Қонақ 28 қыркүйек 2020 10:50
Мен негизи сурет деп жазгандай болдым гой. Маган күз өлеңге байланысты сурет керек??
Шайдолда Назерке
#6 Шайдолда Назерке Қонақ 3 қазан 2020 21:15
Бұл керемет өлен маған қатты ұнады!?
Аружан
#7 Аружан Қонақ 18 қазан 2020 16:16
Өте керемет өлең екен маған қатты ұнады мен енді жаттап жатырмын өте мағыналы сөздер жазылған әр адамға керек өлең нкн
Аружан
#8 Аружан Қонақ 18 қазан 2020 20:06
Класс♥️????
Жанару ханшайым
#9 Жанару ханшайым Қонақ 24 қараша 2020 18:52
Маған унады керемет Абай атам есыме туысты керемет
×