Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Денім сау болсын десең

16 ақпан 2014, Жексенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
6 сынып
Тақырыбы: Денім сау болсын десең...
Мақсаты: Оқушыларға жан сұлулығының тән сұлулығына әсері туралы түсінік беру.
Міндеттері:
● оқушыларға адам денсаулығына ой тазалығы мен таза ниеттің әсері туралы түсінік беру;
● оқушылардың жағымды ойлай білу қабілеттерін дамытуға ықпал ету;
● өзіне және өзгеге адал болуға тәрбиелеу
Көрнекілік: сабақтың тақырыбы, дәйексөз, Әйтеке бидің портреті, компьютер, бақытты адамдардың суреттері, доп, шаңырақ, денсаулық баспалдағы, оқушылардың фотосы, алақан қиындылары, үй тапсырмалары.

- Сәлеметсіңдер ме балалар! Қайырлы таң! Бүгінгі күніміз сәтті өтсін деген ниетпен шаттық шеңберіне шақырамын?(әр бөлім сайын бақытты адамдардың суреттерін іліп отыру)
Шаттық шеңбері
Сөзі Л. Ошаниннің, әні А. Островскийдің "Әрқашан күн сөнбесін" әнің жақсы көңіл күймен үш тілде орындауға шақырамын.

1. Күн әдемі, көк әлемі,
Бұл суреті жас баланың.
Ақ қағазға салған ізі,
Қалдырған бір сөзі.
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман.

2. Солнечный круг, небо вокруг
Это рисунок мальчишки.
Нарисовал он на листке,
И подписал в уголке.
Пусть всегда будет солнце,
Пусть всегда будет небо.
Пусть всегда будет мама,
Пусть всегда буду я.

3. Bright blue the sky,
Sum up on high.
That was the little boy` s picture,
He drew for you,
Wrote for you, too
Just to make clear what he drew
May the always be sunshine,
May the always be blue skies.
May the always be Mamie,
May the always be me.

Әңгімелесу
1) "Бірінші байлық - денсаулық" деп неліктен айтылған?
2) "Тәні саудың - жаны сау" дегенді қалай түсінесіздер?
Жаңа ақпарат
Денсаулық - адам баласының ең құнды игілігінің бірі. Денсаулықты сақтау үшін ең бірінші кезекте ойың, ниетің таза болу керек. Адамның жан тазалығы денсаулығына әсер етеді.
Сабыр мен сенім, мейірімділік пен сүйіспеншілік адам денсаулығын жақсартуға ықпал етеді. Денсаулығың жақсы болса, көңіл - күй де көтеріңкі болады.
Деннің саулығы адамның өзіне және өзгеге адал болуынан, көңіл - күйін басқара білуіне байланысты. Өзіне және өзгелерге деген адал сезім, ақыл - ой салауаттылықтың негізі.
Мәтінмен жұмыс
Аудиоға жазылған Дж. Джексонның "Денсаулықтың он құпиясы" атты мәтінін тыңдаңыздар. Енді мәтінді сұрақтар арқылы талдайық.
1) Денсаулықтың құпиясын іздеудің мәні неде?
2) Денсаулықты ақыл - оймен байланыстырудың себебі неде?
3) Денсаулықтың бесінші құпиясын қалай түсінесіңдер?
4) Сүйіспеншіліктің денсаулыққа әсері қалай?
5) Мәтіннен қандай ой қорытасыздар?
Дәйексөз
"Сау дене, азат ақыл, адал көңіл - үшеуімен болады бақытты өмір" (Әйтеке би)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 111
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Денсаулық құпиялары
Денсаулық құпиялары
Денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.: Жан сұлулығының тән сұлулығына әсері туралы түсінік беру. Өмір - өзегі денсаулық екенін ұғыну.
Денім сау болсын десең
Денім сау болсын десең
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Мұнайшы селосы, №7 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі: Түешиева Меруерт
Мен болашақты суреттеймін
Мен болашақты суреттеймін
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, «Ақбота» балабақшасының информатигі: Рахымбергенова Гулназ Ғалымжанқызы
Денсаулық зор байлық.
Денсаулық зор байлық.
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы №5 орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Құдабаева Айгүл Болатбайқызы
«Ана» туралы мәтін құрастыру
«Ана» туралы мәтін құрастыру
Семей қаласындағы "№23 Жалпы орта білім беретін мектептің" КММ Бастауыш сынып мұғалімі Есенғұлова Құралай Жәнібекқызы
Әже
Әже
КММ «№19 орта мектеп» Бастауыш сынып мұғалімі Аманбаева Гульшат Алихановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×