Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әже

20 ақпан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сауат ашу 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Әже
Мақсаты:
1. Оқушыларға отбасының түп қазығы, әже туралы түсінік беру.
2. Сөздерге дыбыстық талдау жасау, сөйлем туралы ұғымды тиянақтау, сөздік қорын арттыру.
3. Ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: интерактивті тақтаны пайдалану, суреттер, үлестірмелі кесте, жұлдызша, күн, гүл.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.

Сабақтың барысы:
I. Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз бәріміз!
- Балалар, біз бүгін «Шаңырақ шуағы» бөлімімен танысудамыз.
Кәне, отбасы мүшелерін атаңдаршы.
- Балалар, қазір мен бірнеше тапсырмалар беремін.
Егер мүдірмей, дұрыс орындасаңдар «отбасылық мейрамдармен» танысамыз!
Мына әдемі гүлді ашайық! ( 8 - наурыз)
8 - наурыз аналар мейрамы! Үйге «Құттықтаймын мама туған күніңмен» М. Мақатаевтың өлеңі жаттауға берілді. Кәне, балалар кім орындайды?
Қазір, балалар, сөздік диктант жазайық.
Көктем, ана, әже, апа, аға, іні, қарындас, сіңілі.
Сергіту сәті:
2. Көктем айларын ата.
22 - наурыз. Түсінік беру. Жаңа сабақ.
Ұлттық мейрам, көжені кім пісіреді?
«Әже» - ассоциациялық құрастыру.
Әже
Мейірімді қамқор ақылшы үйретуші
А) «Әже» оқып беру.
Ә) Оқушылар тізбектей оқу.
3. Сөздік жұмыс
Немере – ұлдың баласы (атасыны)
Шөбере – ұлдың баласының баласы (атасына)
4. 43 - жаттығу. 1 - мамыр – бірлік күні, бірігіп көшіріп жазу.
Ана
Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет. (Ғ. Мүсірепов)
5. Келесі мейрам 7 - мамыр Отан қорғаушылар күні немесе ұлдар мейрамы.
Мына жұлдыздардың артында сұрақтар тұр, соған жауап берейік.
1. Жіңішке дауыстыларды ата.
2. Жуан дауыстыларды ата.
3. Ең мейірімді жан кім?
4. Әжеден не үйренеміз?
5. Отбасы мүшелерін ата! (ата, апа, ана, әже...)

6. 1 - маусым – «балалар қорғау күні» слайд.
Бәріміз»Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындайық.
Әрқашан күн сөнбесін,
Қасымда болсын мама,
Болайын мен де аман!
Рефлекция күн жапсыру.
Бекіту. Сабақты бағалау.
Әр дұрыс жауапқа
«5» - қызыл гүл
«4» - көк гүл
«3» - сары гүл
8 890
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз
Наурыз
Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы
Балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы туралы білім бере отырып, ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы жақсы екендігін ұғындыру; Наурыз мейрамын сипаттау арқылы байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
Оқушыларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру Диалог жүргізе отырып, сөздік қорын дамыту
Аяулы ана
Аяулы ана
8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Мұғалім:- Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×