Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адам мінезімен танылады

10 желтоқсан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
5 сынып
Өзін – өзі тану пәнінен қысқа мерзімдік сабақ жоспары
Сабақтың атауы: «Адам мінезімен танылады»
Жалпы мақсаты:
Адамның мінезі, мінезді жетілдірудегі адамның мүмкіндіктері туралы түсінік беру.
Міндеттер:
- жақсы/жаман мінез - құлықты ажырат білуге үйрету;
- оқушылардың бойындағы жақсы мінез - құлық дамытуға ықпал ету;
- өзін құрметтеу, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу.
Сабақта туындаған негізгі идеялар: Сабақ барысындағы ережені пысықтау. Өз ойын толық айта білуге, жаңа ортаға бейімделеді.

Күтілетін нәтиже: Бұрынғы білген білімдерін байланыстыра отырып, жаңаны үйренеді. Білуге деген құштарлықтары туындайды.
Тапсырмалар:
Үш деңгейлі оқушыларға I. «Мінезі жақсы оқушылар деп...» тақырыбына эссе жазу

II. Берілген Ақыл қалта жинағынан мінезге байланысты айтылған ойларды, нақыл сөздерді тауып, қорғау, дәлелдеу
Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу шаттық шеңбері, психологиялық ахуал орнату, ынталандыру
СТО сұрақтары Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс - әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?
- оқушылар не алады?
- бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
- өмірден алған тәжірибесінің әсері?
- сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

Көшбасшылық жасау. «Балалығым - бал дәуренім» әнін үнтаспада орындалады. Оқушылар бірге орындайды
Сөзі: А. Айтпайдікі
Әні: Қ. Сақайдікі
Жерім бар ертегінің жұмағындай,
Елім бар нұр сәулелі шарғындай.
Сал - сері, батырлардың ұрпағымын,
Жайқалған жасыл желек құрағындай.
Қайырмасы:
Бал дәуренім тәтті балдай,
Өмір деген жақсы қандай.
Еркін елім мәпелеген,
Ұланыңмын жазық маңдай

Орындап ата - анаңның өсиетін,
Баламын жасы үлкенге бас иетін.
Паш етем ер жеткен соң бар әлемге,
Жаңарған нағыз қазақ қасиетін.
Қызығушылығын ояту. Жаттығу «Мозайка»

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер
- еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?
- өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады? Мәтінмен жұмыс: Б. Тұрсынбаевтың «Әлім мен Жанар» әңгімесін оқып, кейіпкерлерге мінездеме беру.

Сұрақтар топтамасына жауап беру:
Жанардың Әлімге ренжуі дұрыс па?
Әлімнің қандай мінезі сендерге ұнады?
Балалардың қандай қасиеттерін өз бойыңнан көргің келеді?

Жаңа ақпарат:
«Адамның мінезі оның басқа адамдарға, қоршаған ортаға деген қарым - қатынасынан, іс - әрекеттерінен байқалады. Адам өзін - өзі тәрбиелеу үшін өзіңнің мінез - құлқын танып, өзіне сыни көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы керек.
Әр адам өз бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, өз мінезін жетілдіре алады.
Берілген тұжырымдамаларға оқушылардың өз ойларын қосуға мүмкіндік, ұсыныс беріледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 648
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам мінезімен танылады
Адам мінезімен танылады
Адам өзін - өзі тәрбиелеу үшін өзінің мінез - құлқын танып, өзіне сыни көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы керектігін біледі.
Мінез - адам көрсеткіші
Мінез - адам көрсеткіші
Оқушылардың мінез - құлық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Адам мінезімен танылады
Адам мінезімен танылады
Жақсы, жаман мінез - құлықты ажырата білуге үйрету; Оқушылардың бойында жақсы мінез - құлық дамытуға ықпал ету; Өзін құрметтеу, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу
Адам мінезімен танылады
Адам мінезімен танылады
ШҚО,"Зырян қаласы, №9 орта мектеп"КММ өзін - өзі тану пәні мұғалімі Тандыбаева Гульмира Толкуновна
Мінез-көңіл айнасы
Мінез-көңіл айнасы
Байқоңыр қаласы, №2 К. Э. Циалковский атындағы жалпы білім беретін мектептің I санатты бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Алмагуль Байдуллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×