Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Рухани байлық – игілік көзі

12 наурыз 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Өзін - өзі тану 10 сынып

Тақырыбы: Рухани байлық – игілік көзі
Мақсаты:
- оқушыларға қазақ халқының рухани байлығы мәдени құндылықтар туралы түсінік беру.
Міндеттері:
- рухани байлық көздерін ұғындыру;
- рухани байлықты бағалай білуге үйрету;
- рухани байлыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
- Байлық дегеніміз не?
- Байлық дегеніміз - денсаулық
Ата - анамыз
Туыстарымыз
Балалар
Достар
Туған ел мен жер
Ақша, дүние - мүлік
Алған білім
Қазына
Күн
Су
Табиғат
Жан - жануар
Таза ауа
Тау, теңіз, мұхит
Кен орындары
Кітап

- Байлық адами, материалдық, табиғи, рухани болып бөлінеді екен!
Ең басты байлық туған жер, туған ел екен. Сондықтан да бәріміз бірге шаттық шеңберін құрып, Н. Тілендиевтің Қ. Мырза Әлидің сөзіне шығарған «Өз елім» өлеңін орындайық.

Ойланайық, пікірлесейік
Биыл тәуелсіздік алғанымызға 21 жыл болады. Осы тәуелсіз ел болғанымыздың өзі де – байлық, ана тіліміз мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілді, бұл да біздің байлығымыз емес пе! Ұмыт болып бара жатқан салт - дәстүріміз қайта оралып жатыр, бұл да біздің рухани байлығымыз, ата – бабамыздың көзіндей болып қалған мәдени мұраларымыз да біздің рухани байлықтарымыз. Біздің адами құндылықтарымыз, яғни қадір - қасиетімізде рухани байлықтарымыз.

Мәтінмен жұмыс
Оқулықтағы Н. Айтұлының «Күлтегіннің көк тасы» атты өлеңі оқылып, талдау жасалады.
- Неліктен автор «Исі түркі жұртының тұмарындай Көктасым», деп толғанады?
- Тасқа түскен жазулардың рухани күші неде деп ойлайсыңдар?
- «Елтаңба мен Көк байрақ, Әнұранда ғана емес,
Күлтегіннің тасында Елдігімнің нышаны!- деген жолдарды қалай түсінесіңдер?
Дәйексөз
«Дүниенің көзі, тұтқасы, түп негізі – заттық нәрсе емес, рухани дүние» (Платон)
(1 - слайд бойынша жұмыс)

1 - слайд
Рухани байлық – адамның өмірін қоршаған орта, тіршілік аясымен тұтастыратын және оның мақсат - мүддесін игі істермен ұштастыратын асыл арна. Рухани байлық адамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыратындықтан ол үнемі игілікке бағытталады. Халық игілігі ретінде рухани асыл қазыналар ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып, сабақтасып жатады. Халқы үшін еңбек еткен адамдардың өмірі де рухани байлық болып табылады. Сонымен, ұлттық құндылықтар адам өміріне қажетті рухани байлық болып табылады.

Назар аударыңыздар!
Айдынды жақсы аймен тең,
Жомарт жігіт баймен тең,
Шешен жігіт дүрмен тең,
Имансыз көңіл кірмен тең,
Ақылы жоқ надандар,
Іс бітірмес жамандар,
Жүз болса да бірмен тең. (Шал ақын)
- Шал ақынның мына өлең жолдарынан адамның рухани әлемін нұрландыратын қандай адами қасиеттер көріп тұрсыңдар?
Шығармашылық тапсырма
(Оқушыларды тез топтап жіберіп, тапсырмалар беру)
1 - тапсырма. Ә Асылбековтің мына өлең жолдарын басшылыққа ала отырып, «Туған тілім - рухани асыл қазынам» тақырыбына өлең құрастырту.

Танытқан қазағымның қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын,
Танытқан қазағымның ғажаптығын,
Айналдым құдіретіңнен, Қазақ тілім!

2 - тапсырма. Ұлт мақтаныштарының халық игілігі үшін жасаған еңбектерін айту.
(Е. Берліқожаұлы жөнінде айту)

3 - тапсырма. Сахналап көрсету. Түркістанда
Жолбасшы: - Түркістан екі дүние есігі ғой,
Түркістан ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған,
Түріктің тәңір берген несібі ғой...- деп Мағжан Жұмабаев атамыз жырлағандай,
Сіздер Қожа Ахмет ибн Ибраһим Махмуд ибн Яссауи кесенесіне келіп тұрсыздар.
Кесене 1978 жылдан бастап Республикалық мұражай болып қызмет істейді. 2003 жылдан бастап кесене ЮНЕСКО - ның «Бүкіләлемдік мәдени мұралар» тізбесіне енгізілді. Ол әлемдік сәулет өнері жауһарларының бірі, еліміздің мақтанышы. Мешітті 1397 жылы Әмір Темір салдырған, сонымен бірге мешіттегі Тайқазанды көріп тұрсыздар. Әмір Темір заманынан қалған құнды жәдігерлердің бірегейі – Тайқазан 1399 жылы құйылған. Салмағы – 2 тонна, 7 түрлі асыл металдан құйылған.
1935 жылы Тайқазан Санкт-Петербургтегі Эрмитажға алынып кетіп, жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы қыркүйектің 18 - де Отанымызға оралды.
«Рухани тірегіміз – Қожа Ахмет Яссауи» деп, Н. Ә. Назарбаев баға берген кесене - бүгінгі күнде біздің ұлттық рухани байлығымыз.
Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атында Халықаралық қазақ - түрік университеті бар. Мұнда 16 мемлекет пен 30 - дан астам ұлт пен ұлыстан тұратын жастар білім алуда. Сіздердің де мектептеріңізден Алимханова Асель осы университеттің студенті, дінтану факультетінде оқиды. Сіздерді де осы оқу орнына шақырамын.
Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет.

Оқу ақпараты
Игілікке қалай қол жеткізу керек?
Игілікке қол жеткізу қашан да екі шартты қатаң сақтауға байланысты. Алдымен қызметтің кез келген түрінде түпкі мақсатты дұрыс белгілеу керек, сонан соң түпкі мақсатқа жеткізердей тиісті жол іздеп табу қажет. Игілік – ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым. Ол табиғи және қоғамдық - әлеуметтік болып сараланады. Игілік, тұтастай алғанда, адам өмірінің қажетін өтейтін құндылық болып саналады. Ал игілікті адам деп игі іс - әрекет жасай алатын еңбек сүйгіш жандарды айтады. Істің игілікті болуы адамның жауапкершілігіне байланысты.

Дәйексөз
Әрқашанда таза болсын ар - ожданың жүрегің,
Өзгелер де саған адал, әділ болар білемін.
Зорлық қылсаң өзгелерге - өзің жәбір көресің,
Қиянаттың құрбаны боп, қорлықпенен өлерсің. (Мұхаммед Бабыр)
Жүректен жүрекке
Оқушылар бір - біріне жақсы тілек айтып төмендегідей берілген ойды жалғастырады:
- Адам – ең жоғарғы құндылық, оның өмірі бәрінен де қымбат,...
- Ұлттық ұлағат рухани мұраларда көрініс табады,...
- Ата - баба дәстүрін құрметпен ұғынам,...
- Игіліктің ерте - кеші жоқ,...
- Туған жердің қымбат маған әр тасы,...
- Атадан қалған асыл сөз, нұр құяды көңілге, ...
46 081
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Құдіретті төрт Ана
Құдіретті төрт Ана
Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – Ана. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ананың мейірімі жан – жағына өз шуағын төгеді.
Байлық пен ақыл (Ертегі)
Байлық пен ақыл (Ертегі)
Ертегінің мазмұнын меңгереді, негізгі идеясын ұғынады. Ақыл мен байлық сөзінің мағынасын түсінеді.
Халық даналығы – рухани байлық көзі
Халық даналығы – рухани байлық көзі
Ырым сөздер мен тыйым сөздердің айырмашылығын және мағынасын түсіндіру. Ата – баба дәстүрін құрметтеуге дағдыландыру. Шешендік сөздерден тағлым алуға тәрбиелеу.
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Рауаш
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №8 «Теремок»бала - бақшасы тәрбиешісі: Балдырова Бақыт Мейрамовна
Денсаулық зор байлық.
Денсаулық зор байлық.
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы №5 орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Құдабаева Айгүл Болатбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×