Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Таза болса табиғат, аман болар адамзат

03 маусым 2014, Сейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Сынып: 4
Тақырыбы: ТАЗА БОЛСА ТАБИҒАТ, АМАН БОЛАР АДАМЗАТ
Мақсаты: оқушылардың «табиғат», «денсаулық» құндылықтары және «табиғатқа қамқорлық» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін қалыптастыру;
- Денсаулығын күту іскерліктерін дамыту;
- Табиғатты, халқын сүюге, денсаулығын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: слайд, плакат.
Шаттық шеңбері.
Мұғаліммен бірге шеңберге тұрып, «Біздің ауыл» әнін шырқайды
Әңгімелесу.
Балалар табиғат дегеніміз не?
Балалар, дұрыс айтасыңдар, табиғат дегеніміз бұл – ағаш, су, аңдар және өсімдіктер. Адам – табиғаттың бір бөлшегі.
- Жасыл ел туралы естігендерің бар ма?
- Жасыл ел тобын құрған адамдар немен айналысады?
- Олардың атқарған іс - шаралары қандай мақсатпен жасалуда деп ойлайсыңдар?

Табиғаттың тазалығына, гүлденуіне, оны қамқорлыққа алып, аялауға, сақтауға адам жауапты. Адам мен табиғат үндістікте өмір сүреді. Ал жас табиғат қамқоршылары жиналған топ «Жасыл ел» деп аталады. "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтары 2005 жылы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауы негізінде құрылған көшбасшы жастар ұйымы. "Жасыл ел" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында аталмыш Жолдау негізінде 2005 жылы 18 ақпанда «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабы өз жұмысын бастады. Штабтың негізгі мақсаты - жастардың көмегімен елімізді көгалдандыру, абаттандыру, сол арқылы студенттер мен жұмыссыз жастарды еңбекпен қамтып, жас ұрпақ арасында патриоттық және экологиялық тәрбиені насихаттау.

Біздер «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» деген ұранмен адам жаны сау болып, салауатты өмір сүру үшін жұмыстар жүргіземіз. Бүгін біз «Жасыл ел» тобы болып, жасыл түсті эмблемаларды тағып, табиғатқа қамқорлығымызды көрсетеміз. Жасыл эмблема – біздің табиғатқа деген жауапкершілігімізді білдіреді. Өйткені, табиғат тазалығы – адам денсаулығының кепілі. Ал енді біз мына слайдқа назарларын аударып, «Табиғат» тақырыбы бойынша әңгіме құрастырамыз.

Шығармашылық жұмыс.
«Жасыл ел» тақырыбы бойынша әңгіме құрастыру.
Тыныштық сәті.
Мұғалім әуен қосып, балалармен тыныштық сәтін өткізеді.
Жаңа ақпарат.
Табиғат тазалығы – адам денсаулығының кепілі. Алуан түсті гүлдер алқабы, сайраған құстар, бұлақ сылдыры, биік таулар, жарқыраған күн, таза ауа адамдарға саулық пен қуаныш сыйлайды.
Мәтінмен жұмыс.
«Табиғатпен тілдессем». М. Аяғанова.
- «Табиғаттан ешқашан қаша алмайсың,
Әуел баста егіз боп жаралғансың» деген өлең жолдарынан нені түсінесіңдер?
- «Ол ауырса сенің де ауырғаның,
Ол сауықса, сенің де сауыққаның» дегенді қалай түсінесіңдер?
- «Табиғаттың қабағы қашан да ашық,
Сезбесе егер адамнан қауіп барын» деген өлең жолдарына көзқарастарың қандай?
Ойын. «Жау – жау жаңбыр» Балалар мұғалімге ілесіп, жаңбыр жауғандағыдай қимылдар жасайды (саусақтарын жайып сермейді, алақандарын ысқылайды, саусақтарын сыртылдатады, алақан соғады, аяқтарымен жер тепкілейді).
Дәйексөз.
«Табиғатқа тазалықты тарту ет». Р. Сәтімбеков.

Адам дүниеге келгеннен бастап табиғатпен бірге. Табиғаттағы тіршілікті үйреніп, өсіп жетіледі. Қоршаған ортаны таза ұстап, табиғатқа қамқорлық көрсету арқылы адамзат баласының өмірі де, әлем де дами түседі.

Тапсырма.
Жұмбақтардың шешуін тауып, адамның табиғатпен үйлесімділігі туралы айтып беру.

Коллаж жасау.
Тақырыбы: «ТАЗА БОЛСА ТАБИҒАТ, АМАН БОЛАР АДАМЗАТ»

Қорытынды.
Рефлексия
Сабақтан не түсіндік?
Не ұнады?
Сабақтан қандай әсер алдыңдар?

Жүректен жүрекке.
Тілек ағашына өз тілектеріңді жапырақтарға жазып, жабыстырамыз.
Балалар табиғатқа өз тілектерін білдіреді:
- Ағаштар өсе берсін.
- Табиғат жасыл болсын.
- Табиғатта қоқыс аз болсын
- Табиғат әдемі болсын
- Ауа таза болсын
- Табиғатымыз гүлдене берсін
- Күннің көзі жарық болсын
- Гүліміз жақсы өссін
- Суымыз мөлдір болсың
39 378
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам, табиғат және денсаулық
Адам, табиғат және денсаулық
Табиғат және адам жасаған нысандарды ажырата білуге үйрету, қоршаған ортаның эстетикалық және тәжірибелік құндылығын көрсету.
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Табиғаттан нәр алып
Табиғаттан нәр алып
Табиғатты сүю оған деген құштарлықтан, оның үйлесімділігі мен сұлулығына тәнті болудан басталады. Табиғатты сезіну арқылы адам өз табиғатының қасиетін ұға алады, денсаулығын нығайтып, шабытының қайнар көзін ашады. Адамның табиғатпен етене жақындасуы
Табиғат және Адам
Табиғат және Адам
Табиғатпен пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін бекіту. Табиғатқа деген қамқор қарым-қатынас дағдысын дамыту.
Табиғат - тіршілік көзі
Табиғат - тіршілік көзі
Атырау қаласы Еркінқала селосы Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұпмағанбетова Алия Абдешқызы
Табиғат – асыл қазынам
Табиғат – асыл қазынам
Қызылорда қаласы, Талдыарал елді мекені, №215 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қоңырбаева Раушан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×