Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлесе білу де өнер

04 маусым 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Тақырыбы: Сөйлесе білу де өнер

Мақсаты: Балалардың сөз, сөз құдіреті, тіл табысу ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: Сөзді түсіне білу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Адамдармен жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту. Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үнтаспа, оқулық, дәптер, газеттер, қағаздар

Топпен ән айту: Ш. Әбілтаевтың Бір ауыз сөз әнін үнтаспаға қосылып айту.
Бір ауыз сөз қасіретті тыяды,
Бір ауыз сөз айықпас дерт жияды.
Бір ауыз сөз әлемге әйгі еткізсе,
Бір ауыз сөз жаманатқа қияды.
Бір ауыз сөз мұхиттарды жалғайды,
Бір ауыз сөз қыран болып самғайды.
Бір ауыз сөз ұшса бақыт құсы боп,
Бір ауыз сөз арсыз жандай алдайды.

Әңгімелесу: Адамдармен қалай тез тіл табысуға болады?
Бейтаныс адамдармен жолыққанда сөзді қалай бастап, қалай аяқтаған жөн деп ойлайсыңдар?
Жақындарың мен достарың сені түсіне ме?
Өзіңді ешкім түсінбеген жағдайда қалай түсінесің?

Мақал - мәтелдер: Балалардан сөйлеу, сөз, тіл туралы өздері білетін мақал - мәтелдерін айтуы сұралады.

Мәтінмен жұмыс: Оқушылардың сөз төркінін қалай түсінгенін білу және мәтіннің мазмұнын түсіндіру бағытында төмендегідей сұрақ қойылады. Балалар, қалай ойлайсыңдар, адамның қалдырған бидайын көршілер қалай сақтауы мүмкін?

Сөз және мағына.
Күндердің бірінде бір адам алыс сапарға шықпақшы болады. Үйінде тұрған екі қап бидайды өзі келгенше сақтап қоюға көршілеріне қалдырады.
Көршілердің бірі бидайды үйдің астыңғы қабатындағы қойманың бір бұрышында сақтайды. Екінші көршісі қаптың аузын ашып, тұқым ретінде егістікке себеді.
Адам сапардан қайтып оралған соң бидайын алу үшін көршілеріне барады. Бірінші көршісі сақтаған бидайын қоймадан алып шығады. Сыртынан бүтін көрінген қапты ашқанда жартысының бұзылғанын, қалған жартысына құрт түскенін көреді. Ешқандай пайдаға жарамайтын бидайды не істесін?.. Қатты ашуланып, екінші көршісіне барып бидайын сұрайды. Көршісі қолынан ұстап.
- Менімен бірге жүр. Саған бидайыңды көрсетейін,- деп, адамды егістікке ертіп апарады. Жайқалып тұрған егінді көріп:
- Міне, бидайың, үйде тұрса шіритін еді. Оны тұқым қылып сеуіп, егін ектім. Егін піскен кезінде қолымызда қаптар толы бидай болады,- дейді. Адам риза болып күлімсіреп.
- Ия, Аллаға шүкір, көп нәрседен хабары бар, түсінігі мол досымның болғанына. Арғы көршім сөзімнің мағынасын түсінбеді. Оның астарына көңіл бөлмеді. Келесі досым сөзімнің шын мағынасын түсінді.
- Әзіз досым! Жазда егін жиналғаннан кейін маған бидайдың екі қабын ғана жібер. Қалғаны өзіңде қалсын. Саған қалдырған бидайды еңбегіңе қайтарған ризашылығым деп қабыл ал. Саған көп рақмет айтамын,- деді ол

Қай көршісі адамның айтқанын дұрыс түсінді?
Сөзді әр кез тура мағынасында қабылдау қажет пе?
Сөз астары дегенді қалай түсінесіңдер?

Ойын жаттығу: Балалар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа газеттер таратылып беріледі. Осы газеттерден балалар бүктеу, орау арқылы ең биік мұнара жасаулары тиіс. Сөйлеу бұл қарым - қатынас түрі яғни бұл өмір. Балаларға өмірде биік мұнаралар сияқты биік шыңдардан көріне беріңдер деген тілек айтылады.

Дәйексөз: Бүгінгі сабақтың дәйексөзі Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді. Үнтаспадан Абайдың он тоғызыншы қара сөзі тыңдалады.

Анаграмма: Қанағаттандырылғандықтан деген сөзден жаңа сөздер құрау.

Жүректен - жүрекке: Балаларға ақ қағаз таратылып беріледі. Әр оқушы қағазға өзінің есімін жазып, есімінің мағынасын жазады. Мысалы: Айсұлу айдай сұлу болсын деген ұғым. Есімін жазып болған соң келесі оқушыға береді. Ол қағазға өз тілегін жазады осылайша келесі оқушы да тілек жазады. Манағы есімі жазылған қағаз оқушының өзіне қайтып келгенде тоқтатылады. Барлық сыныптастарының тілектері жазылған қағазды әрбір оқушыға бүктеп тұмар ретінде сөмкелеріне салып қою ұсынылады.
Осымен бүгінгі сабағымызда қорытындылаймыз.
15 046
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Халық ауыз әдебиеті
Халық ауыз әдебиеті
Фольклор – қазіргі тілмен айтқанда «әмбебап», яғни синкретикалық өнер түрі. Онда өнердің әр түрі – сөз, музыка, хореография және театр өнері шоғырланған.
Астың ауыз қуысында қорытылуы
Астың ауыз қуысында қорытылуы
Ақтау қаласы, №10 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі: Даулбаева Райхан Тажибаевна
Мақал - мәтелдер, жұмбақтар - шешендіктің айнасы
Мақал - мәтелдер, жұмбақтар - шешендіктің айнасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жунусова Майрагуль Садырбайқызы
Халық ауыз әдебиеті. Тұрмыс-салт жырлары, түрлері, олардың ерешеліктері
Халық ауыз әдебиеті. Тұрмыс-салт жырлары, түрлері, олардың ерешеліктері
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
Ертегілер
Ертегілер
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка ауылы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы Тыштықаева
Шоқан – халық ауыз әдебиетін зерттеуші
Шоқан – халық ауыз әдебиетін зерттеуші
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×