Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүрек жылуы

02 қыркүйек 2014, Сейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Ашық сабақтың тақырыбы: «Жүрек жылуы» (слайдымен)

Сыныбы: 2
Өзін өзі тану
Мақсаты:
1. Қайырымдылық, мейірімділік, түсіністік, сыйластық қасиеттерінің адами қарым - қатынастағы маңыздылығын түсіндіру.
2. Қоршаған ортасына шын ниетімен жақсылық, қамқорлық жасау қасиеттерін дамыту, жетілдіру.
3. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге, жомарттыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдістері: түсіндіру, әңгімелесу, пікірталас, суретпен жұмыс, көрнекілік.
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс
Типі: жаңа материалды меңгерту
Формасы: жеке және көптік
Принциптері: түсініктілік, көрнекілік, жүйелілік пен бірізділік.
Көрнекі құралдары: ақыл тақтасы, тақырыпқа сай суреттер.
Шаттық шеңбері.
Бәріміз ортаға шығып, шеңбер құрайық.
Сәлеметсіздер ме, балалар? Көңіл - күйлеріңіз қалай? Бәріміз бірге жүрек жылуы өлеңін айтайық. Алдымен мен айтамын, сендер қайталайсыздар.

Жан - жағына нұр шашып
Арайлап жарқын таң атса,
Жер бетінде жайқалып,
Көгеріп өссе көк майса
Жүрегім жыли бастайды.

Қазір сабақ сәтті өту үшін бір - бірімізге тілек айтамыз. Менің қолымда жүрек тұр, яғни мен тілегімді шын жүрегімнен айтып тұрмын дегенім.

Жақсы, ендеше сабағымызды бастайық.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жүрек жылуы». Мақсаты: 1. Қайырымдылық, мейірімділік, түсіністік, сыйластық қасиеттерінің адами қарым - қатынастағы маңыздылығын түсіндіру.
2. Қоршаған ортасына шын ниетімен жақсылық, қамқорлық жасау қасиеттерін дамыту, жетілдіру.
3. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге, жомарттыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Мәтінмен жұмыс.
Біздің тақырыбымызға байланысты В. Осееваның «Жай ғана әжей» әңгімесі берілген екен. __________ оқиды.
 Әңгіме не туралы айтылған?
 Сендердің осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе?
 Бұл оқиғадан не үйрендің?
 Абзал мен Айнұрдың ой - пікірлері туралы не айтасың?

Жағдаяттарды талдау.
Назарымызды тақтаға аударамыз. Әртүрлі жағдаяттар көріп тұрмыз. Ойласып, жағдаяттарды шешуіміз керек.

1. Сен бір құшақ газет - журнал көтеріп келе жатқан пошташыға кездестің...
2. Сен аулаға ролик тебуге шықтың, ал досыңның ролигі жоқ...
3. Анаң ас пісіріп жатыр, ал сенің інің мазасызданып кетті...

Оқып үйренейік.
Қайырымдылық
М. Сүндетов
Басты кейіпкер: оқушы Мұхтар
Әңгіме кейіпкерлері: Мұхтардың анасы, сотқар балалар, күшік.

Әңгіме оқылады. Сұрақтар қойылады.
 Апасы неліктен Мұхтарға риза болды?
 Сендердің қайырымды іс - әрекеттер жасаған кездерің болды ма? Сол жағдайда өзіңді қалай сезіндіңдер?

Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашамыз.
Бүгінгі күнді, сынып жұмысын, тақырыпты, әңгіменің тақырыбын, авторын жазамыз.
Сынып жұмысы
Жүрек жылуы
М. Сүндетов
Қайырымдылық
Басты кейіпкер: оқушы Мұхтар
Әңгіме кейіпкерлері: Мұхтардың анасы, сотқар балалар, күшік.

Дәйек сөз.
Табиғаттағы барлық жылу – күннен,
Өмірдегі барлық жылу – адамнан.
М. М. Пришвин

Сергіту сәті.
Балалар, орнымыздан тұрамыз. Жаттығу жасап жіберейік, шаршап қалған шығармыз.
Ормандағы аюдың (қорбаңдап жүру)
Құлпынайы көп екен. (қолды екі жаққа созу)
Теріп - теріп алайық, (теру)
Қалтамызға салайық. (қалтаға салу)

Жаңа ақпарат.
Бүгінгі өткен тақырыптан қандай ақпарат алдық?
 Адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа, махаббат пен бақытқа бөлейді.

 Мейірімді адам өзге адамға, туған - туысқандарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады.

Тапсырма.
Суреттерге қараңдар. Тал мен мысыққа, қарт кісі мен сырқат жанға қандай жақсылық жасау керек екендігі туралы айтыңдар.

Тал майысып, сынғалы тұр. Оған жақсылық жасау үшін, сынайын деп тұрған бұтағын матап, су құйып, күту керек.

Мысыққа сүт беріп, тамақтандыру, мейіріміңді көрсету арқылы жақсылық жасауға болады.

Қарт кісіге құрмет көрсету, ауыр сөмкелерін көтерісу, сыйлау арқылы жақсылық, қайырымдылық көрсете аламыз.

Сырқат жанды емдеп, жақын туыстары, достары барып қал - жағдайын біліп көңіл бөліп, назар аударса, қасында анасы болса емі тезірек қонады. Көмектесу керек.

Жүректен жүрекке
Шеңберге тұралық. Бәріміз бірге, «туған күніңізбен, Сара Алпысқызы!» деп айтайық.

Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық ананы,
Жүрегім оттай жанады.
Бақыттымыз осы біз,
Қасымызда досымыз.

Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
22 887
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қуаныш – жан жылуы
Қуаныш – жан жылуы
Жан дүниесі ізгі, рухани бай тұлға қалыптастыру. Танымдық қабілеттерді, белсенділікті дамытуға жағдай жасау, ой - өрісті кеңейту, ойлануды, ұжымдық, бірлік икемділіктерін қалыптастыру.
Жақсылыққа жақсылық
Жақсылыққа жақсылық
Үлкендермен достармен сыйластық қарым-қатынас мәдениетін дамыту. Достықты қадірлей білуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.
Жүрек жылуы
Жүрек жылуы
Мейірімділік – адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі, отбасындағы адамдардың бір-біріне деген мейірімі – шапағаты - әдептік әсем құбылыс, түйсікті баурап алатын түсінік, ұлағатты ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы.
Жүрек жылуы
Жүрек жылуы
Мақсаты: Балалардың бойларындағы адамгершілік, қайырымдылық, сүйіспеншілік, ізгілік, инабаттылық, ақылдылық, әдептілік қасиеттерін ояту.
Бастауыш сыныптарына өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспарлары
Бастауыш сыныптарына өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспарлары
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Мичурин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кукеева Орынкуль Исмагуловна
Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет
Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет
Өзара сыйластық қарым - қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру; жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×