Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет

15 қараша 2013, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет»
Мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету.
Міндеттері:
- Өзара сыйластық қарым - қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
- жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- жақсылыққа, имандылыққа, адамгершілікке, шыншылдыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Шара түрі: Топтық сайыс
Көрнекі құралдар: Өнегелі сөздер, мақал - мәтел, суреттер.
Шаттық шеңбері
Мұғалім: Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Шаттық шеңбері
- Кәне, бәріміз бір - бірімізге жақсы тілек тілейік!
- Әдепті бол!
- Мейірімді бол!
- Кішіпейіл бол!
- Қамқоршы бол! т. с. с.

Бәрі: Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан.
Бүгін, «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» топтық сайысын өткіземіз, әділ қазыларымызды сайлап алайық
1 топ: Әдептілер
ІІ топ: Ізеттілер
ІІІ топ: Кішіпейілділер

1 – тур: Әдеби монтаж
2 – тур: Мақал - мәтелдер сайысы
3 – тур: Пікір сайысы (педагогикалық ситуация)
4 – тур: Ақылдыдан шыққан сөз
5 – тур: Қортынды.

Танзила: Ойы терең мұхиттай дана болғым келеді,
Көңілі аппақ сүттен де бала болғым келеді.
Адалдықты сүйетін жүрегімен, жанымен,
Бал бұлақтай мөп - мөлдір таза болғым келеді.
Отты, ойлы жыры бар ақын болғым келеді,
Қиындықтан қайтпайтын асыл болғым келеді,
Адамдардың бәрінен кіші болғым келеді,
Ең бастысы өмірде – кісі болғым келеді.

Аяна: Адам бойында жақсы – жаман қасиеттер болады екен. Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл бөлінеді. Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез келген адамның кісілігінен білінеді.
Мәселен: жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып есік ашу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, сөз жарыстырмау - жастарымыз үшін бұлжымас заң болатын. Мені өмірге әкелген, мәпелеген, өсірген сенің анаң мен әкең. Ең алдымен соларды сыйлау керек.

Мұғалім:
Мен де сендердің әдепті де, ақылды, адамгершілігі мол, үлкенді сыйлай білетін, кішілерге қамқоршы аға, ата - анаға көмекші, адамдарға мейірімді бола білетін оқушы болады деп сенім білдіремін.
І – тур: Әдеби монтаж
1Бекарыс: оқушы: Атаң болса анаңмен -
Алтыннан соққан қорғаның.
Ағаң болса ақылды -
Ешкімнен кем болмадың.

Әкежан: Інің болса жанашыр -
Семсер қылыш білегің.
Ақылды қыз, ақылды ұл
Өкпе, бауыр, жүрегің.

Насиха:
Не қасиетсіз?
Бал салмаса – ара қасиетсіз,
Жанбай қалған шала қасиетсіз.
Әдепсіз болса – бала қасиетсіз,
Әділетсіз болса – дана қасиетсіз.
Аружан:
Көк шықпаса – жер қасиетсіз,
Ойсыз болса - ер қасиетсіз,
Жылу болмаса – түбіт қасиетсіз,
Жігері болмаса – жігіт қасиетсіз.

Ұлан:
Дөрекі сөз айтпаңдар,
Жақсы істі жақтаңдар,
Сыйлап сынып қыздарын,
Әдепті бола бастаңдар,
Бүгіннен бастап бар бала,
Үлгілі мінез көрсетсін,
Сынайын достым досыңды - ай,
Мін түзейік, осылай.

Нұрбекет: Адамдарға кешіріммен қарайтын,
Жан жылуы жылылық боп тарайтын.
Кішіпейіл бала болғым келеді,
Айналасын нұрлы күнге бөлейтін.

Ризабек: Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.

Айгерім: Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.

Карина: Үлкендерді сыйлаймыз біз,
Үй тазалап жинаймыз біз,
Біз қолқанат баламыз.
ІІ – тур: Мақал – мәтелдер сайысы
Кішіпейілділік, сыпайыгершілікке байланысты мақалдар айту.
Ән: Жас дәуірдің түлегіміз.

Мұғалім: Үлкенге құрмет, кішіге ізет дегенді қалай түсінесіңдер?
Жанарыс: Адам баласы өзгелермен қарым - қатынас жасағанда оның таныс, таныс еместігіне, алыс - жақындығына, үлкен - кішілігіне, қызмет дәрежесіне қарамай кішіпейіл, әдепті болуы керек. бұл адамгершілік борыш.
Ару: Ұлы істердің қандайы болмасын кішіпейілділіктен басталады. Сондықтан әркім өзінен кішілердің мінезі кішкентайынан дұрыс қалыптасуына қамқорлық жасап, оларға жол көрсете білуі керек.
Үлкендердің өз басында олқылық болмауы керек. Жоғары сынып оқушыларының ішінде бас киімдерін коридорда киіп жүруі немесе қоңырау арасында алысып ойнау сияқты кемшіліктер кездеседі. Оны көрген кішкене балалардың «Е, ағаларымыз не істесе, біз де соны істейік» деген ойда болып теріс қортынды шығаруы мүмкін.
ІІІ – тур: Пікір сайысы

Қ. Сәтбаев орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Карагойшиева Сара Тұяққызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
65 682
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет
Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет
Халқымызда «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» деген мақал бар. Бұның өзі өсіп келе жатқан әрбір жас ұрпақты имандылыққа, мейірім - қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Үлкенге құрмет, кішіге ізет
Үлкенге құрмет, кішіге ізет
Қызылорда облысы. Өзін өзі тану пәні мұғалімі Мұнарбаева Жанар Сейдуалиқызы
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Исолдаева Мирамкүл
Әдептілік - әдемілік
Әдептілік - әдемілік
Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. Сәтбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Ақтөре Айгүл Сапарқызы
Тәртіп - тәрбие бастауы, Тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы
Тәртіп - тәрбие бастауы, Тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Б. Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Үргенішбаева Гүлзат Нәбиқызы
Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет
Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет
Атырау облысы Исатай ауданы, Жанбай селосы Х.Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Инкабаева Аян Тобаниязқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×