Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат - тал бесігің, аялай біл

21 ақпан 2015, Сенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Өзін - өзі тану сабағының жоспары 8 сынып

Тақырып: Табиғат - тал бесігің, аялай біл
Құндылық: қиянат жасамау Қасиеттер: Қоршаған ортаға қамқорлық, табиғатқа қиянат жасамау
Сабақтың мақсаты: Табиғатқа қиянат жасамау, қоршаған ортаға қамқорлық таныту туралы түсініктерін кеңейту.
1. Білімділік: Табиғатты аялай білуге, қоршаған ортасына қамқорлықпен қарауға үйрету.
2. Дамытушылық: Қамқорлық сезімдерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Табиғатқа қиянат жасамауға тәрбиелеу.
Ресурстар: бейне көрсетілім, плакат, фломастер, интер белсенді тақта. оқулық, жұмыс дәптер.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
Тыныштық сәті
№2 демалу жаттығулары

2. Үй тапсырмасын сұрау
Оқушылардың өз қалаулары бойынша үйге
берілген шығармашылық жұмыс.
«Ағаш маған не берді?» тақырыпқа сай бес жол өлең шығару оқушылардың ойын қорытындылау, тыңдау.

3. Дәйек сөз
«Табиғат – тал бесігің»
1. Табиғат адамды қандай сезімге бөлейді?
2. Табиғат аясында өздеріңді қалай сезінесіңдер?
1. Әңгімелесу
«Ағаш» әңгімесі (сеттен алынған) 04MAR
Ерте - ерте - ертеде әдемі үлкен алма ағашы болыпты. Бір кішкентай бала сол алма ағаштың көлеңкесінде үнемі келіп ойнағанды жақсы көретін. Ағаштың ең басына шығып, нәрлі жемісін жеп, көлеңкесінде ұйықтайтын еді. Ағашты жақсы көретіні анық еді. Ағаш та баланы жақсы көретін. Уақыт өте, бала ержетіп ағаштың көлеңкесінде ойнамайтын болды. Бір күні келеді, бірақ көңіл күйі жоқ болады.
«Менімен ойнашы!» - деп сұрайды ағаш.
«Ағаштың көлеңкесінде ойнайтын кішкентай бала емеспін енді», жауап береді жігіт, – «Қазір мені басқа заттар қызықтырады, бірақ оларды сатып алуым үшін ақшам жоқ».
«Қап, менде де ақша жоқ… Бірақ сен барлық алмаларымды жинап алып, оларды сатсаң, ақша жасай аласың».
Жігіт қуанып, ағаштың барлық жемісін жинап алады да, қуанып сол жерді тәрк етеді. Қайтып ол жерге оралмайды. Ағаш көңілсіз болады. Бір кезде ол қайтып келеді – кешегі жігіт енді ер - азамат болды! Ағаш оны көріп қатты қуанады.
«Менімен ойнашы!», деп сұранады ағаш…
«Ойынға еш уақытым жоқ, жұмыс істеуім керек, бала - шағамды асырауым керек. Үй керек, жай керек. Көмектесе аласың ба?»
«Кешір! Менің үйім жоқ, бірақ бұтақтарымды кесіп, солардан үй жасауыңа болады…»
Адам қуана келіседі де, ағаштың бұтақтарын кесіп алады. Адамның қуанғанын көріп, ағаш та қуанады. Содан адам ұзақ уақыт көрінбей кетеді.
Көп жылдардан соң адам қайтадан ағаштың алдына келеді.
«Балам, кешір. Саған беретін еш нәрсем қалмады. Алма да жоқ…»
«Керегі де жоқ, алма жейтін тісім да қалмады...»
«Үстіме шығарып ойнатайын десем, бұтақтарым да жоқ…»
«Ойын үшін тым кәрімін…», дейді адам.
«Саған ешбір нәрсемен пайдалы бола алмайтыным мені қатты мұңайтады. Барым – кәрі, өліп бара жатқан тамырларым ғана», деді ағаш көзге жас алып. «Маған көп нәрсенің керегі жоқ. Демалатын бір орын болса болғаны. Өткен жылдар шаршатыпты…»
«Кәрі ағаштың тамырлары – демалу үшін жақсы жер, жантайып демала ғой…» – дейді ағаш қуанып. Кәрі адам ағаштың түбіне отырып, жанына тыныштық тапқандай болады. Ағаш болса адамның бақытын көріп қуанады…

Сұрақтарға жауап
1. Біз ағаш туралы не білеміз?
2. Ағаш адам өмірінде қандай маңызды рол атқарады?
3. Ағаштың істегені дұрыс па, баланың істегені дұрыс па? Неге?
4. Ағаш - біздің бақытымыз үшін барын беруге даяр ата - анамыз…?
4. Шығармашылық топтық жұмыс
1. Ағаштан нені үйренуге болады? (кластер жасау)
2. Ағаш маған не береді, мен ағашқа не беремін?
Оқушыға өз еркімен шығармашылық жұмыс беру (суретті схемамен бейнелеу )
Екі топ өз жұмыстарын қорғайды
5. Мұғалімнің оқушыларға сыйы
«Қазақстан табиғатының көркем жерлері»

6. Үйге тапсырма беру
«Менің ауламдағы ағаштар» мұнда оқушы өз ауласындағы ағаштың түрін, жасын оқушы оған қандай қамқорлық көрсете алады өз ойын жазып келу.

7. Топпен ән айту
«Әке арманы» әнін орындау
1. Жапырағын жайған бәйтерек
Тереңге тартқан тамырын
Сезбеппін әке ертерек
Жаныңның ыстық жалынын

Қайырмасы:
Ахоу, ахоу,
Ахоу, әке арманы - ай
2. Ертеңім үшін көз ілмей
Атқыздың қайта таңымды
Түсінер кім бар өзіңдей
Сағыныш толы жанымды
Қайырмасы

5. Соңғы тыныштық сәті
Баяу музыка

8. Мұғалімнің сөзі
Құрметті оқушылар бүгінгі өткен сабағымыз барлығымыздың көңілімізден шығып өз мәресіне жетті деп ойлаймын. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларға барлығыңа үлкен алғыс айтамын. Бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерімізбен жақсы көңіл - күймен келесі сабаққа барамыз.
Келесі сабақта кездескенше қош сау болыңыздар!
7 478
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Оқушылардың табиғат – тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғатпен үндестік таба білуге үйрету, бағыт беру, ойларын дамыту.
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Майтөбе ОММДШО шет тілі мен өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі, директордың оқу – тәрбие ісінің орынбасары Сайлыбаева Бақтыбала Аманбайқызы
Табиғат ғажаптар
Табиғат ғажаптар
Мұғалiм: Исраилова Тахмина
Табиғат тылсымы
Табиғат тылсымы
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің өзін-өзі тану мұғалімі Кажгалиева Салтанат Оразовна
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Қызылорда қаласы, № 187 М. Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Сейдахметова Сәуле
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×