Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат тылсымы

13 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Өзiн-өзi тану 5 класс

Тақырып: Табиғат тылсымы
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: толеранттық, қамқорлық, қоршаған ортаны қорғау.
Сабақ мақсаты: Табиғатқа және қоршаған ортаға байланысты қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
- табиғатқа қиянат жасамау қажеттігін түсіндіру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру;
- балалардың табиғатқа аялы қарым – қатынастарын қамқорлығын дамыту;
- табиғатты сүюге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Ресурстар:
(құралдар, мәліметтер) Махатма Ганди - портреті
дәйексөз жазылған плакат, дәптер

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. сәлемдесу
оқушыларды түгендеу
2. Тыныштық сәті. (баяу әуен) Мұғалім: АРҚАҢЫЗДЫ ТІК ҰСТАП ОТЫРЫҢЫЗ. Сіздерден аяқ - қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9 - 10 рет)
3. Үй тапсырмасын тексеру «Бесағаш бұлағы» Ә. Ысқабаев
1. Ақсақал неліктен Бесағаш бұлағының көзін ашу үшін еңбектенді?
2. Табиғатты қорғаудың мәні неде?
3. Табиғатқа қалай қиянат жасамауға болады?

Сабақ барысын талқылау:
Дәйексөз. Қиянат жасамау шексіз сүйіспеншілікті білдіреді, өз кезегінде шексіз жанашырлықты білдіреді. Махатма Ганди

1. Қиянат жасамау дегенді қалай түсінесіздер?
2. Ұлдар, қыздар, барлығы қайталайды

5. Әңгімелеу. Мұғалім сыйы.
Махатма Гандидің өмірінен шабыттандыратын мысал келтіру.
Үндістанның ұлы перзенті - Махатма Ганди.
Мохандас Карамчанд Ганди (Махатма - туған халқы құдайдай көріп, құрметтеп қойған ұлы есімі) - үнді халқының оның көзі тірі кезінде - ақ аты аңызға айналған көсемі.
Сөзі мен ісінің арасында алшақтық болып көрмеген Махатма Гандидің өмір жолы бұрын - соңды адамзат баласы басынан кешіп көрмеген теңдесі жоқ үлгі - өнеге! Махатма Ганди өзі құрған Сатьяграха қозғалысының арқасында еш қандай қарсылықсыз, қантөгіссіз, күш көрсетусіз, асқан төзімділікпен Үндістан халқын тәуелсіздікке жеткізуге шындап бел буады.
Махатма Ганди бүкіл Үндістанды жаяу аралап, будда, христиан, мұсылман дін орындарында болып, ешкімді ұлтына, дініне, әдет - ғұрпына алаламай ортақ күреске шақырады.. Бұған ол тек қана өзін - өзі тазарту жолымен жете алды. Сондықтан өз өміріне одан әрі де өзгерістер енгізе бастады. Денесін жетілдіру әрі тәртіптеу үшін тежеле білуді және талғамымды көндіктіруді үйренді.
Ата - бабасынан келе жатқан үйіндегі барлық асыл заттарды банкіге өткізіп, оның өсімін жетім - жесірлерге жұмсап отырды. Адам миы жете бермейтін қадамдарға бару - М. Ганди үшін үйреншікті әдет болды.

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар:
1. Осы әңгімеден не түйдіңіздер?
2. Осы әңгімедегі Махатма Гандидің бойынан қандай құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді байқай алдыңыздар?
3. Адам өзіне қатысты қандай қиянат жасамауы керек?
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
3 топқа түс арқылы бөлу
I топ. Табиғат 5 - жолды өлең құру
II топ. Қиянат жасамау ұғымына асcоциация құру
III топ. қоршаған ортаны қорғау туралы жоба

6. Топпен ән айту. Ән «Жақсы адамдар» сөзі К. Салыковтікі. әні
7. Үй тапсырмасы. 28 - сабақ 102 - 104 беттегі «Аққулы мекен» Ы. Кененбаев әңгімесін оқып, сұрақтар әзірлеу.

8. Соңғы тыныштық сәтi.
Сабақ соңындағы тыныштық сәті (1 мин)
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсылық ойла, жақсылыққа қара, жақсылықты есті, жақсылықты оят, жақсылық істейік! Бақытқа бастар жол осы. Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады
7 489
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өмір - мәңгілік жасампаздық (қарым - қатынас)
Өмір - мәңгілік жасампаздық (қарым - қатынас)
Өмірдің мән - мағынасын ашып, ешкімге қиянат жасамай өмір сүруге бейімдеу.
Ар – намыс керек адамға
Ар – намыс керек адамға
Оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу, әділеттілік, жақсы азамат болу.
Денсаулық – өмір негізі
Денсаулық – өмір негізі
Құндылық: денсаулық, адам, өмір Қасиеттер: қамқорлық, қадірлеу Сабақ мақсаты: оқушылардың «денсаулық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Табиғат - тал бесігің, аялай біл
Табиғат - тал бесігің, аялай біл
Ақмола облысы, Есіл ауданы, Қаракөл ауылы «Қаракөл орта мектебі» ММ География мұғалімі: Митинг Ардагүл
Табиғат ғажаптар
Табиғат ғажаптар
Мұғалiм: Исраилова Тахмина
Ашу - дұшпан, ақыл - дос
Ашу - дұшпан, ақыл - дос
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің өзін - өзі тану мұғалімі Кажгалиева Салтанат Оразовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×