Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Халық даналығы

29 қазан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Қызылорда қаласы,
№112 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Балғабаева Перизат Мұратқызы

Тақырыбы: «Халық даналығы»
Мақсаты: «Даналық» ұғымының құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
- жұмбақ, мақал - мәтел, ертегі – халық даналығы екендігін түсіндіру
- өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым - қатынастарын дамыту.
- жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту;
- татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, сюжетті суреттер.

Тыныштық сәті
- Балалар, ыңғайланып, еркін отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Бізге күн жарқырап, сәулесін мол төгіп тұр. Ауа тап - таза. Көгілдір аспан. Құстар сайрап даланың сәнін келтіріп тұр. Осылардың бәрі өз жақсылығын барлық адамға, барлық тіршілік иелеріне бірдей көрсетіп тұр. Адамдар да сондай болса екен, шіркін.... Әрбір тірі жан иесі: кіп - кішкентай құмырсқалардан бастап құстар да, аңдар мен жануарлар да, адамдар да өзінің өмірі үшін құлшынып, ұрпағы үшін тіршілік етіп жүр. Бәрі де осы ашық аспан аясында, бейбіт елде өмірге келгеніне қуанышты, болашағына сеніммен қарайды. Осындай жақсы ниетпен бұрынғы қалпымызға келейік.

Тарту
Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп, байқар қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?!
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!
деп Ахмет Байтұрсынов ағамыз айтқан екен (көздерін ашып сыныпқа оралу)
Өлең жолдарында не туралы айтылғанын сұрау.
Халық даналығы өлең, жыр, жұмбақ, мақал - мәтел, ертегілер арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырады. Оларда халқымыздың ежелгі ерлігі мен еңбегі, ақылы мен арманы, тұрмысы мен салты бейнеленген
Халық даналығына мыналар жатады:
• мақал – мәтелдер
• шешендік сөздер
• аңыз әңгімелер
• нақыл сөздер.

Үй тапсырмасын сұрау:
Тыныштық сәті:
Мәтінмен жұмыс «Алпыстан асқаннан ақыл сұра»,
Мәтін бойынша жұмыс жүргізіледі.
- Алпыстан асқан қарттарын үйде ұстамауға патша не үшін жарлық шығарды?
- Патшаның жарлығы туралы не айтасыңдар?
- Мейірімді бала туралы не айтар едіңдер?
- Қарттың даналығы неден көрінеді?
- Патша уәзірлеріне не себепті көңілі толмады?
- Бала патшаның келесі жұмбақтарын қалай шешті?
- Патша жарлығын өзгертуіне не себеп болды?

Оқушыларға тапсырма беру; (әңгіме арқылы мақалдар құрату)
1 - әңгіме; Серік аға кішкентайынан еңбекпен күнін көрген адам. Мектеп жасынан әкесінің жанынан қалмай, егін даласында өскен ағайды дүйім жұрт мақтан тұтады.
Күтілетін жауаптар: «Еңбек ер атандырады», «Еңбектің наны тәтті», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»

2 - әңгіме; Ботаның алдына қойған мақсаты – тек жақсы оқу болған сияқты. Бар уақытын мектеп пен кітапхана ішінде өткізетін Ботаны достары «Кішкентай оқымысты» деп атайды.
Күтілетін жауаптар; «оқу – инемен құдық қазғандай», «Оқу - білім бұлағы, Білім – өмір шырағы»

3 - әңгіме; Айнұр үйінде ең кішкентайы. Ол өте ақылды. Әрбір тапсырған жұмысты ақылға салып, тиянақты, ұқыпты орындайды.
Күтілетін жауаптар: Ақыл азбайды, білім тозбайды. Ақылы көпті дау алмайды, досы көпті жау алмайды.
Дәйексөз
Мұғалім сабақ тақырыбын ашу мақсатында тақтаға
- Ақыл шыңы – даналық
Өте ақылды, ақылы асқан адамды дана адам дейді. Дана адам барлық нәрсені ақылмен шешеді, ойланып барып әрекет етеді. Ұстамды, өте сабырлы болады. Өйткені ашуын ақылмен жеңеді. Айтар ойын шұбыртпай қысқа да нұсқа, дәл айтады. «Ақыл шыңы - даналық» дегеннің мағынасы осы.

«Ақыл көркі - тіл
Тілдің көркі – сөз» дейтін мақал сөзді жазады және оның мәнін түсіндіреді:

Дәптермен жұмыс
Ақыл – дария өлеңін жаттап алу. Айтқызу.
2 - тапсырманы үйден орындау
Ойын: «Жұм - аш»
Бір оқушыға басқа балаларға көрсетпей зат береді. Соны жұмбақтап басқа балалар шешу керек.
Үйге тапсырма: «Алпыстан асқаннан ақыл сұра» оқып мазмұндап келу, дәптердегі жұмысты аяқтау
Тыныштық сәті
- Балалар, ыңғайланып, еркін отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Бізге күн жарқырап, сәулесін мол төгіп тұр. Ауа тап - таза. Көгілдір аспан. Жан - жағымызда қаумалаған үлкен кісілер. Әр кез сол үлкендердің ақылын тыңдап, жақсы істерінен үлгі алып, әрқашан қарттарымызжы құрметтейік. «Қарттары бар, ел қазыналы» деген халық даналығы өте жақсы айтылған.
Халықтың даналығы -
Ақыл - ой қазынасы!
Түсінген саналығы
Тым терең мағынасы.

Қорытынды
Еліміздің үлкендерін қай кезде де құрметтеп жүрейік!
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.
13 717
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шыншылдық – адамдықтың белгісі
Шыншылдық – адамдықтың белгісі
Шындықпен өтірікті ажырата білу жайында ойларымен бөлісу, мейірімділік адами қасиетімен өзара адал қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту - шыншыл, адал болуға тәрбиелеу.
Өмірді танып білуге құштарлық
Өмірді танып білуге құштарлық
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Әріпова Марал
Тіл табыса білейік
Тіл табыса білейік
Сабақтың тақырыбы: «Тіл табыса білейік»
Достық қымбат өмірде
Достық қымбат өмірде
Ақтөбе қаласы, №53 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Ермагамбетова Бакытгуль Токтаровна
Достық қымбат өмірде
Достық қымбат өмірде
Избасарова Раушан Тлегенқызы Солтүстік Қазақстан облысы, М Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы
өзін-өзі тану
өзін-өзі тану
Павлодар қаласы Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Пән: Өзін-өзі тану 3-сынып Сабақтың тақырыбы:Ұл бала мен қыз бала Сабақтың мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×