Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдептен озбайық

05 сәуір 2016, Сейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
№ 5 Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектеп мұғалімі
Танжарикова Ж. Қ.

Өзін – өзі тану 6 сынып
Тақырып: Әдептен озбайық
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: сыпайылық, әдептілік, тілалғыш

Мақсаты: Оқушыларды қоршаған ортаға жақсы қарым – қатынас жасауды үйретіп, әдеп сақтау, әдепті болу ұғымдары туралы түсінік беріп, «дұрыс әрекет» құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік. Оқушылардың әдеп сақтау туралы түсінік терін тереңдету.
Дамытушылық. Қоршаған ортада өзін әдепті ұстау керектігін ұғындыру.
Тәрбиелігі. Оқушыларды сыпайы, қамқор, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т» ережесі Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.
Топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру: «Тістелген алма» ертегісін оқып, мазмұнын айту.
1. Бұл ертегіден біз ойымызға не түйдік?
2. Жігіттің қылығын қалай бағалайсыңдар?
3. Бақ иесінің жігітті ұнату себебі неде?
4. Жігіт пен бақ иесі қызының қандай ортақ қасиеттері бар
5. Әдепті сөйлеудің адами қарым – қатынасқа ықпалы қандай?
6. Өзгенің сөзін тыңдамау, дұрыс жауап бермеу әдептілікке жата ма?
Қорытынды. Жақсы ниетпен жасалған дұрыс әрекет ешқашан тура жолмен алып жүреді екен.

Дәйексөз. Әдепті бала ана - анасын мақтатар, әдепсіз бала ата - анасын қақсатар. (халық мақалы)
- Жаттап алу
- Бұл нақыл сөзден не түсіндік?
Бұлай дейтін себебіміз баласының қандай да бір қол жеткізген жетістігі, дұрыс іс - әрекеті, әдепті болғаны ата - ана үшін мақтаныш, ал баласының әдепсіз болғаны ол әрине ата - ана үшін үлкен уайым. Ата – анамыздың әрдайым күліп жүргенін қаласақ біз әдептен озбай, тәртіпті бала болып қалыптасуымыз керек екен.

Мұғалім сыйы: «Өзіңнен баста» видеоролик көрсету.
Біз осындай жақсылықтар жасай алып жүрміз бе?
Әдептілікті ең алдымен кімнен бастауымыз керек екен?
Бейнежазбадағы баланың іс - әрекеті туралы не айтар едіңіз?

Сергіту сәті: «Қара жорға» әніне билеу.
Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс. ( 7минут)
Жағдаяттарды талдап, сұрақтарға жауап беріңіздер.
Бұл тапсырма жалпыадамзаттық құндылық жайында айтылған ойларды тереңдете түседі. Өмірде әдеп нормаларын сақтау және дұрыс әрекет қалыптастыру болып табылады.

1 топ: Мұрат бір қарағанда көрікті де әдемі жігіт. Киімі де жарасымды. Бірақ көпшілік арасында, қонаққа болған кездерінде қолын сермеп даурығып сөйлейтіні, ешкімге сөз бермейтіні бар. Үлкендердің сөзін бөлу және олардың сөздерін күлкіге айналдыруға да әуес.
• Мұратқа әдепсіз қылықтарын қалдыру үшін қалай көмектесу болады?

2 - топ: Назым әп - әдемі келісті қыз. Алайда, даусы дөрекі, сөзі ірі. Қарқылдап күледі. Бір қарағанда нәп - нәзік, биязы бойжеткен көз алдымызда біртіндеп, әуелде көңілде ұялаған әдемі сипатынан айрылып жүре береді.
• Назымға қандай кеңес берер едіңіз?

3 - топ: Автобусқа кірген едің алдыңда өзің секілді оқушы үлкен кісіге орын бермей, және телефонмен айқайлап сөйлесіп отыр екен.
• Ол оқушыға сен не айтар едің?

Дәптермен жұмыс. «Менің түйгенім» тапсырмасын орындау.
Топпен ән айту. «Келші, келші балашым» әні.

Үйге тапсырма: «Мен әдепті баламын» тақырыбына өлең құрастыру.
Соңғы тыныштық сәті.
Тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,
Тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.

Толық нұсқасын жүктеу
4 997
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұқыпты бала - әдепті бала
Ұқыпты бала - әдепті бала
Оқушыларға әдептілік, сыпайылық адами қасиеттер туралы түсінік беру арқылы сүйіспеншілік құндылығын ашу.
Жарасымды қарым - қатынас
Жарасымды қарым - қатынас
Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу арқылы жарасымды қарым - қатынас туралы оқушылардың түсінігін кеңейту.
Әдептен озбайық
Әдептен озбайық
Оқушыларға әдеп туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Әдептен озбайық
Әдептен озбайық
Өзін өзі тану пәні мұғалімі Алмагул Тлепиева
Әдептен озбайық
Әдептен озбайық
№112 орта мектебі мұғалiмі Гүлжазира Жалғасбекқызы Ташенова
Әдептен озбайық
Әдептен озбайық
Астана қаласы, № 53 лицей - мектептің биология және өзін - өзі тану пәні мұғалімі Малгельдинова Қизат Айдарханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×