Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Арайлап атсын әр таңым

29 мам 2016, Жексенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,
Абай атындағы №4 лицей - мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Маденова Эльмира Кайратовна

1 сынып
Тақырып: Арайлап атсын әр таңым
Құндылық. Дұрыс әрекет
Қасиеттер. Мейірбандылық, сыйластық
Сабақтың мақсаты: «Бақыт», «қуаныш», «көңіл - күй» ұғымдарын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
Әртүрлі көңіл - күйді сезіне білу және дұрыс қарым - қатынас жасауды үйрету
Өзін қоршаған адамдармен жағымды қарым - қатынастарын дамыту
Өзін, туыстарын, сыныптастарын және үлкендерді сыйлай білуге, қуанта білуге, сыпайы сөйлесуге тәрбиелеу; Ресурстар:(құралдар, мәліметтер)
Оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта, үнтаспа.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды күйге келу. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Сұрақтар:
Қандай күйде болдыңыздар?
Жаттығу қалай әсер етті?
Ішкі тыныштыққа келе алдыңыздар ма?
Қорытынды:
Олай болса, бір - бірімізге жақсы тілектер тілейік. Осы тыныштық күйімізді сақтап қалайық.
Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар, мен сіздерге ата - аналарыңның көмегіне жүгініп, әдеп жайлы мақал жаттап келуге берген болатынмын. Дайын болсаңыздар, тыңдап көрелік. (Балалардың жауаптары тексеріледі).
Сабақ барысын талдау:
Дәйексөз.
Шуақты болса әр таңым
Күлімдеп күнім батады
халық аузынан алынған
Балалар бұл дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңіздер(балалардың жауаптары тыңдалалды. Мұғалім өз тарапынан жауаптарын толықтырып өткені дұрыс)?
- Сіздердің жауаптарыңызға толықтырулар еңгізіп кететін болсам, балалар әр таңда көңіл - күйлеріңіздің қандай болғанына қарамастан адамдаға жылы сөйлейтін болсаңыздар, өздеріңіздің де көңілдеріңіз жайланады. Сен көңілді жүретін болсаң, сенің жаныңдағы адамдар да саған жылы қабақ танытатын болады. Шуақты көңіл - күймен күніңді бастасаң, сол көңіл - күймен күнді өткізесің делінген екен дәйексөзде. Қанекей, қыздар және ұлдар болып, екі топқа бөлініп, екі рет қайталап оқиық (дәйексөзді дәптерлеріне көшіріп жаздыру керек)
Жаттату:
- 3 рет қайталау;
- қыздарға қайталату, ұлдарға қайталату;
- 2 - 3 баладан сұрау;

Қорытынды:
Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы
Балалар бүгін әкелген сыйым өте ерекше. Бүгін мен сіздермен қатар Алтын деген қыз жайлы айтып беремін. Алтын кешке қарай ойыннан үйге шаршап келді де, сабағын оқымастан төсегіне жата қалды. Оны көрген 6 жасар інісі Бағылан:
Әпке, сен неге кеш келдің, сабағыңды оқыған жоқсың ғой - деді Алтынға
Саған не керек? Бізге үй тапсырмасын берген жоқ.- деді Алтын ақталып.
Мен анама айтамын. Сен ертең екі алсаң әкем сені Астанаға демалыста апармайды - деді інісі қоймай. Бірақ Алтын інісінің сөзіне құлақ аспай, ұйықтап қалды. Таң ата бере анасы сабаққа оятты.
Алтынжан, тұра ғой құлыным! Бүгін сендердің сыныптарыңмен мұражайға баратын күндерің ғой.- деді анасы Алтынның маңдайынан иіскеп.
Ту - у - у, апа таң атпастан сөйлеп ұйқы бермедің ғой. Сәл ұйықтай тұрайыншы. Мен мұражайға барғым келмейді - деді Алтын. Бірақ анасы қояр да қоймай оятып, жуындырып, таңғы асын беріп сабаққа жіберді. Алтын сабаққа ашулы келді. Сыныптасы Маржанның амандасқанына жауап та қатпады. Сыныптасы Арманның:- Алтын артық қаламың бар ма?- деген сұрағына: - Мен қаламды сен үшін сатып алдым ба?- деп дөрекі жауап қатты.
Алтын не себепті дөрекілік көрсетті?
Алтынның әрекеті жайлы не айтасыңдар?
Сен таңертең сабаққа қандай көңіл күймен келесің?
Міне, егер таң ертең өз көңіл - күлеріңді өздерің бұзатын болсаңдар, сіздердің жақындарыңның көңіліне қаяу түсіресіздер. Сіздерді аналарыңыз қандай сөздер айтып оятады? (Күтілетін жауаптар: Қайырлы таң балапаным! Жаным, жақсы ұйықтап тұрдың ба? Күнім, күліп тұрдың ғой! т. б)

Қорытынды:
Шығармашылық жұмыс.
Балаларды екі топқа бөліп, 1 - ші топты ата - аналар, 2 - ші топты балар етіп, рөлдік ойын ойнату. Яғни ата - аналар боп бөлінген балалар, екінші топтағы балаларын ұйқыдан оятып, жылы сөздер айтуы керек. Бұл ойын ата - аналарының өздеріне деген ерекше сезімдерін түсінуге жол ашады. Олар ата - аналарының алдында өздерінің оларды оятқандағы жіберген қателіктерін сезінуге мүмкіндік тудырады.
- ші тапсырма
Мына суреттерге қарап балалардың көңіл - күйлерін анықта. Бардық балаға сурет үлестіріледі.

Жауаптары: 1 ренжулі; 2 қуанышты; 3 ашулы; 4. таңғалу; 5 қызығушылық; 6 ұялу, өзін кінәлі сезіну 7 қамсыз; 8 қорқу.

Топпен ән айту.
Ризашылық әні
Сөзі мен әнін жазған Л. Хей.
Ризамыз бүгінге, ризамыз бүгінге!
Ризамыз бүгінге, ризамыз қазірге! (2 рет)
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге! (2 рет)
Қорытынды:
Әрқашан да әдептілік, шыншылдық біздің ұранымызға айналсын.

Үй тапсырмасы.
«Ертеменен амандас» жаттау
Тұрған кезде ұйқыдан
Қуанышты оянсаң
Амандассаң және де
Тілегенің амандық
Күлі әлемнің бәріне

Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен қою.
Ал, балалар, қолымызды, аяғымызды айқастырмай, арқамызды тік ұстап, терең демалайық. Көзімізді жұмамыз. Бүгін сабақта өткен құндылықтар мен қасиеттерді еске түсірейік. Қиянат жасамау, жақсы мінез - құлық, ешкімге зиян келтірмеу, өзіне - өзі есеп беру, өзін - өзі дамыту туралы ойымызды кеңейттік. Осы құндылықтар мен қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Сабақ аяқталды, сау болыңдар!
4 523
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен ұқыпты баламын
Мен ұқыпты баламын
ұқыптылық, өз - өзіне қызмет ету, жағымды әрекет, әдептілік, сыпайылық
Тәртіп пен парыз
Тәртіп пен парыз
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары. Тақырып: Тәртіп пен парыз
Ар – ұждан – адамдық өлшемі
Ар – ұждан – адамдық өлшемі
"Ар - ұждан" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, адам туы ар – ұждан туралы түсінігін дамыта отырып, ар ұждан тазалығына баулу.
Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбына есептер шығару
Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбына есептер шығару
Перпендикуляр түзулердің анықтамасының тұжырымдамасын, қасиеттерін пайдаланып есептер шығару және нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты таба білу арқылы адамның ақыл - ойына, рухани дамуына қатысты маңыздылығын түсіндіре отырып, ақиқаттың құндылық
Сыр мен сымбат
Сыр мен сымбат
№112 орта мектебінің ұстазы: Ташенова Гүлжазира Жалғасбекқызы
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×