Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қайырымдылық – асыл қасиет! Мектептен тыс іс шара

06 желтоқсан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
6 сынып
Оқудан тыс іс - әрекеттерді өткізу орны: Өзін - өзі тану кабинеті.
Іс шараның тақырыбы: «Қайырымдылық – асыл қасиет!».
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: Ешқашан зиян келтірмеу, бірлік, әрқашан көмектесу.
Іс - шараның түрі: Оқудан тыс сабақ.
Мақсаты: Жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыта отыра, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
 Жақсылық жасауға, әрқашан көмекке келуге, бірлесіп еңбек етуге үйрету;
 Жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту;
 Қайырымдылыққа, ізгілікке тәрбиелеу; Ресурстары: қойылатын сұрақтар, шағын сыйлық, фотоаппарат.
Оқудан тыс іс - әрекеттердің жобасын өткізудің даярлық жоспары:
1. 6 сынып оқушыларына 4 желтоқсанда «Қайырымдылық – асыл қасиет!» тақырыбында оқудан тыс іс - шара өтетінін хабарлау.
2. Көмек көрсетуге дайын болу;
3. Сыйлық дайындау.
4. Атқарған жұмыстың қорытындысын көрсету (видео, слайд, алғыс хат). Талдау

Іс - шараны өткізудің жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Біздің ауылымыздың тұрғыны, жалғыз басты зейнеткер Хамит Елеусізге көмек көрсету және сұхбат алу мақсатында оқушылармен үйіне баратынымыз жайлы ескерту;
3. 6 - сынып оқушыларына біздің ауылымыздың тұрғыны, жалғыз басты зейнеткер Хамит Елеусіздің үйіне баратынымыз жайлы ескерту;
4. Оқушылармен жалғыз басты зейнеткердің өмірлік тәжірибесіне қойылатын сұрақтарды құрастыру;
4. Жалғыз басты зейнеткердің үй жұмыстарына қол ұшын беру үшін қыз балалар мен ер балалар шаруаларымен таныстыру;
5. Хамит Елеусізге оқушылардың шағын сыйлығын сыйлау;
6. Хамит Елеусізден сұхбат алу;
7. Жалғыз басты зейнеткермен суретке түсу;
8. Үй шаруасындағы жұмыстарына көмек көрсету;
9. Қорытындылау.
1. Өзіңіздің туған жылыңыз, өміріңіз туралы қысқаша айтып өтсеңіз.
2. Еңбек жолыңызды қай жылы бастадыңыз?
3. Өміріңіздің қандай қызықты кезеңдеріңіз есіңізде қалды?
4. Бізге қандай ақыл - кеңес берер едіңіз?
Қыз балалар – үй жинап, ыдыс аяқтарын жуу, ер балалар – отын - суларын енгізіп, ауласының қарын күреу.

Әр оқушы өзінің дайындап келген сұрақтарына жауап алады.

Хамит Елеусізге оқушылар алғыстарын айтып, шағын сыйлықтарын тарту етеді.
Қайырымдылық акциясына қатысқан оқушыларға алғыс білдіру.

Ақмола облысы, Есіл ауданы, Свободный ауылы
Свободный орта мектебінің өзін - өзі тану мұғалімі
Мұсатай Тұрсынкул Әнуарбекқызы

Мұғалім: Мұсатай Т. Ә.
Директор: Меркер Н. А.
ТЕКСЕРІЛДІ, Абдраимова А. Б.
9 031
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімділік – асыл қасиет
Қамқорлық жасауға жетелеу, мейірімділікке тәрбиелеу.
Баяндама Адамгершілік – асыл қасиет
Баяндама Адамгершілік – асыл қасиет
Адамгершілік - адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.
Адамгершілік – асыл қасиет
Адамгершілік – асыл қасиет
Адамның бойындағы ұнамды - ұнамсыз қасиеттерді айта отырып балаларды адамгершілікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге адамдармен қарым - қатынас дағдыларын жасауға баулу.
Қайырымдылық - адамгершілік белгісі
Қайырымдылық - адамгершілік белгісі
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, «Бейнеу лицейі» ММ мұғалімі Г.Әжібаева
Кең пейілді кемімес, тар пейілді кеңімес
Кең пейілді кемімес, тар пейілді кеңімес
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Музеева Асемгүл Өірзаққызы
Жақсы сөз жарым ырыс
Жақсы сөз жарым ырыс
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №5 орта мектебінің өзін өзі тану пәні мұғалімі Құдабаева Айгүл Болатбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×