Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кең пейілді кемімес, тар пейілді кеңімес

18 шілде 2013, Бейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Мақсаттары: Қайырымдылық, имандылық туралы түсінік беру, балалардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату. Өз халқының салт дәстүрінде негізделген адамдық асыл қасиеттерді ажырата біліп игеруге баулу.
Оқыту нәтижесі: Ізгілікке, имандылыққа, қайырымды болуға, адам бойындағы асыл қасиеттерді санаға сіңіреді. шынайы өмір сүре білу керек»
Оқушының іс – әрекеті

Түйінді идеялар:
«Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылық пен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек.
Сабақтың мазмұны
Мұғалімнің іс - әрекеті Уақыты: 3 - минут
Тұлға аралық байланыс жасай отырып, ынтымақтастық қарым - қатынас орнатуға ықпал ету
Оқушының іс – әрекеті
Оқушылар «шаттық шеңберінде» тұрып, «мен өмірді сүйемін себебі..........»
деген аяқталмаған сөйлемді
аяқтай отырып, өм ірге деген көзқарасын білдіреді.
Ресурс: «Мен өмірді сүйемін» аяқталмаған сөйлем»

Мұғалімнің іс - әрекеті Уақыты: 5 - минут
Мақал - мәтел арқылы топқа бөліну.
І топ
«Қайырымдылық - жылы жүректен»
ІІ топ
Адамның сұлулығы – имандылығында
ІІІ топ
Ең жақсы әдет – ізгілік пен жомарттық
Оқушының іс – әрекеті
1 - топ «Қайырымдылық»
2 - топ «Имандылық»
3 - топ «Ізгілік»
Құралған топтар сол сөздердің мәнін ашып, талдайды.
Ресурс: Мақал - мәтелдер жазылған қима қағаздар
Мағынаны тану кезі.
Мұғалімнің іс - әрекеті Уақыты: 12 - минут
- Қайырымдылық – имандылық тақырыбына өз ойыңызды айтып берсеңіз.
- Өміріңізде қайырымдылыққа мұқтаж болған жандарға көмек көрсеткен адамдар туралы не білесіз?
- Иман жүзді адам деп кімдерді айтамыз.
- Иманды болудың себебі неде?
Әр топ берілген сұрақтарға жауап бере отырып, топ атауларының мағынасын ашады.
Қайырымдылық жылу беру, сыйлық ұсыну, демеуші болу, сый - сыбаға тарту, көрімдік, байғазы бәсіре т. б жөн – жоралғылар арқылы іс жүзінде
ізеттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайылықпен орындалады.
Бір сәтсіздікке, ауыр жағдайға ұшырып, басқаларға кіріптар, көмек қажет еткен адамға жұрт жиып беретін көмек жылу деп аталады.

Иман – арабша сенім деген ұғымды білдіреді. Халық арасында әдептіліктің, яғни адамгершіліктің мәнін беретін ұғыммен ұштасып, әлеуметтік әдептілікті көрсететін мәнге ие болды. Өмір заңдылықтарына айқын сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен уәждерін, міндеттері мен мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, адал жүректі, көпшіл адамды – иманды адам дейміз
Ресурс: Бейнеролик «Алтын жүректі адам»
Мұғалімнің іс - әрекеті Уақыты: 5 - минут
Руханияттың кәусар бастауына апаратын жолды іздеу - бүгінгі таңда өмір сүріп келе жатқан адамдардың әрқайсысының және баршамыздың басты міндетіміз екеніне сенемін, тіпті егер қаласаңыз, оны адам туралы білімдер көмбесіне апаратын жол деп те атауға болады.» деп Сара Алпысқызы айтқандай адами құндылықтарды дамыту мақсатында
«Күн көзін бұлттан ашу» тапсырмасын орындату.
Оқушының іс - әрекеті:
І - топ
Күннің көзін бұлттан ашу тапсырмасы бойынша
«Жақсылық жасау ережесін құрастырады
ІІ - топ «Қайырымдылық, ізгілік, имандылық» туралы қанатты сөздер жазады.
ІІІ - топ «Жақсылық жасай білейік» тақырыбына өлең шумақтарын құрастыру.
Ресурс: Интерактивті тақта, слайд, плакат, маркер
Мұғалімнің іс - әрекеті Уақыты: 10 - минут
«Дәрігер» тренингін ойнауға нұсқау беру.
Әр топқа бірдей тапсырма беріледі.
«Сіздер барлығыңыз дәрігерсіз. Сіздер шұғыл түрде операция жасау керексіз. Жүрек біреу. Науқас саны - 5
Олар:
Өзбек құрылысшы
5 жасар бала
9 баланың анасы
Бомж
2 айлық қыз
Осылардың қайсысына жүректі салар едіңіз?
Оқушылар нұсқау бойынша «Дәрігер» тренингін ойнап, алған әсерлерімен бөліседі. Кері байланыс орнатып, тақырыппен жаттығуды байланыстырады
Ресурс: Интерактивті тақтада берілген тренинг нұсқауы, отырғыштар

Мұғалімнің іс - әрекеті Уақыты: 5 - минут
Мінеки оқушылар, сендердің қайырымдылық көмек көрсетулеріңнің арқасында күніміз жарқырап шыға келді.
Күн көзі бүкіл әлемді өзінің жылы шуағымен аялап ғасырдан – ғасырға жеткізуде адам баласы бір - бірін аялап қадірлеп, қиналған сәттерінде қайырымдылығын жасап өздерінің иман жүзді адам екендігін білдіре білсе жерімізде бақытты жандар көп өмір сүрері анық. Бір-бірімізді қадірлей білуіміз керек.
Ашылған бұлттың соңынан әсем кемпірқосақ пайда болды.
Кемпірқосақ жеті түстен тұрады.
Осы түстердің әрқайсысында жақсы ақыл кеңес бар екен.
Оқушының іс - әрекеті:
1. Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен баста, уақытты бос өткізбе
2. Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлай жүр
3. Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуанттым, жұбатқаныңды, қайырым жасағаныңды есіңе түсір.
4. Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.
5. Ата - анаңның мейірім шуағын сезініп, қадірлей біл..
6. Тыныштық сақтай білуге үйрен, Нәзік үнмен биязы, мәдениетті сөйлеуге үйрен
7. «Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі» деген мақалды түсініп жадыңа ұста.
Ой - толғау
Көрсетілген бейнекөрініс бойынша ой қорытады. ой - толғауларын айтады.
Ресурс: Интерактивті тақта презентацияға байланысты шығарма
Мұғалімнің іс - әрекеті Уақыты: 5 - минут
«Өмір мектебі» презентациясы көрсету Ой қорытуға ықпал ету
«Егер қаласа, адамның қолынан көп іс келеді» тақырыбында шағын шығарма жазады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 778
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баяндама Адамгершілік – асыл қасиет
Баяндама Адамгершілік – асыл қасиет
Адамгершілік - адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.
Адамгершілік – асыл қасиет
Адамгершілік – асыл қасиет
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Абай.
Адамгершілік – асыл қасиет
Адамгершілік – асыл қасиет
Адамның бойындағы ұнамды - ұнамсыз қасиеттерді айта отырып балаларды адамгершілікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге адамдармен қарым - қатынас дағдыларын жасауға баулу.
Технология пәнінен қысқа мерзімді жоспарлар
Технология пәнінен қысқа мерзімді жоспарлар
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының технология пәнінің мұғалімі Дүйсенбекова Гүлмира
Алынбайтын асу жоқ
Алынбайтын асу жоқ
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебі өзін - өзі тану пәні мұғалімі Музеева Асемгүл Өмірзаққызы
Қанағат рақым ойлап қой
Қанағат рақым ойлап қой
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Музеева Асемгүл Өмірзаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×