Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің ұстаздарым

20 қаңтар 2017, Жұма
Категориясы: Өзін өзі тану
Тақырып: Менің ұстаздарым
«Өзін - өзі тану» сабағының жоспары 2 сынып
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: Сыйластық, құрмет, ұстаздарды бағалау.
Сабақ мақсаты: «Білім», «еңбек», «сыйластық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Оқушыларға мұғалімнің, ата-ананың, үлкендердің, кітаптың өмірдегі «ұстаздары»екендігін түсіндіру;
- Мұғалім еңбегіне сүйіспеншілігін, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру;
- Ұстаздарды қадірлеуге, бағалауға, сыйлап - құрметтеуге тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)
Слайд, түрлі - түсті қаламдар, жұлдызшалар, плакат, суреттер, компьютер

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастырукезеңi. Топқа бөлу.
Жүрек - Қалайды
Бас - Қызмет етеді
Қол - істейді
5 т ережесін еске түсіру
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық

Тыныштық сәтi.
«Ризашылық». Баяу музыка ойнайды.
Барлығымыз денемізді бос ұстап, өзімізді еркін сезінейік. Тынышталамыз.
Көзімізді жұмайық, ішімізден 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 ға дейін санаймыз. Бүкіл болмысымызбен өзімізді тыңдаймыз. Айналамызды қоршаған орта – орман, көл, тау, бұлт, жарқыраған күннің нұры бізді шуағына бөлеп тербейді. Қоршаған әсем табиғатқа зер салып, үңілейік. Мөп - мөлдір көлдің суына үңілсек, өзімізді көреміз, аспандағы ақ мамық бұлт бізді қол бұлғап алдағы армандарымызға шақырады. Бір сәтте бұлттың үстіндемін.
Мен өзімнің армандарыма қол жеткіздім!
Мен ризамын, мені дүниеге әкелген ата - анама!
Мен ризамын, маған алғаш қолыма қалам ұстатқан ұстазыма!
Мен ризамын, достарыма, ұстаздарыма!
Ризамын, мен бәріне, бәріне, бәріне!
Мен сенімдімін ертеңгі күніме!
Ризамын, мен бәріне, бәріне, бәріне!
Енді ішімізден 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1 - ге дейін кері санаймыз. Көздерімізді ашамыз, сабаққа ораламыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру
Ескерту
Мой нур әуені жаймен ойнап тұрады.

релаксация тұрғысындағы әдістемелік тәсіл. Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің ішкі «Менін» түсіне алады, өзінің сезімі мен көңіл күйін жақсы сезінеді

3. Дәйексөз.
Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы.
Мақал

Оқушылардың өз ұстаздарына деген сыйластық қарым – қатынасын дамыту мақсатында дәйексөздің мәнін ашып, оқушылардың түсініктерін тереңірек толықтыру.
(оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4рет айтып шығады)
Халық мақалымен мұғалім оқушыларды таныстырып, оның мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды

4. Оқиғаларды әңгiмелеу
1. Ұстаз деп кімді айтамыз?
2. Сендер кімдерді өздеріңе ұстаз санайсыңдар?
3. Ұстаздарыңды қалай қуантар едіңдер?

Сәлем жолдап шәкіртке дұғай - дұғай,
Ұрандап өлеңімен келді былай.
Жас ұрпаққа жар салып жанымен де
«Кел, балалар, оқылық»- деді Ыбырай демекші біздің ең алғашқы ұстазымыз балаларды оқуға шақырған Ыбырай атамыз. Ы. Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретті.
Ұстаз мектепте білім - тәрбие беріп, адамгершілік нұрын төгеді. Мұғалім жас ұрпаққа өз өнерін, тәжірибесін, білімін үйретеді. Адамдардың айналаға, достарына, табиғатқа деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады. Ол адамның өмірге деген сенімін арттырады, өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектеседі.

Мәтінмен жұмыс: Ы. Алтынсарин
«Бақша ағаштары»
Мәтін бойынша сұрақтар
1. Бақша ағаштарының тік немесе қисық өсулерінің себебі неде?
2. Әкесі баласына қандай ақыл айтты?
3. Осы әңгімеден қандай қорытынды жасауға болады?
Ұстаз түбірі ұста деген сөзден шыққан яғни өз ісінің шебері. Ұстазды мүсіншіге теңейді өйткені олар мүсіннің жағымсыз жерін кесіп тастап, жақсы жақтарын орнатады деген сөз.
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өмірдің мәнін ұғынады. Адам өз өмірінің сүретшісі екенін түсіну керек

5. Шығармашылық іс - әрекет, топтық жұмыс.
1 - тапсырма: Суретке қарап, «Менің ұстаздарым» тақырыбына
әңгіме жазу

2 - тапсырма: «Түнгі аспан»
( Тақтаға қара түсті плакат іліп, мұғалім сары қағаздан «Айды» қиып, плакатқа жапсырады. Ал әр оқушы жұлдыздарды қиып, шетінен тақтаға орналастырады.
- Жарайсыңдар! Біздің «Түнгі аспанды» жарық еткен ай мен жұлдыздар. Ай - мұғалім болса, ал жұлдыздар – оның шәкірттері.
3 - тапсырма: Фотоколлаж. Оқушылар өздерінің сабақ беретін мұғалімдерінің суреттерін қағазға жабыстырып өз тілектерін жазады
Оқушылар өздерінің жазғы демалыстары жайлы әңгіме жазады
6. Топпен ән айту.
Ұстазым

7. Үй тапсырмасы
Ұстаз туралы мақал - мәтелдер жазып келу

8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

Сабақ барысын талқылау
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өмірдің мәнін ұғынады. Адам өз өмірінің сүретшісі екенін түсіну керек.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Сам селосы«Сам мектеп - балабақша кешені» КММ
өзін - өзі тану пәні мұғалімі
Мамбетова Назгул Далубековна
2 982
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұқыпты бала - әдепті бала
Ұқыпты бала - әдепті бала
Оқушыларға әдептілік, сыпайылық адами қасиеттер туралы түсінік беру арқылы сүйіспеншілік құндылығын ашу.
Жарасымды қарым - қатынас
Жарасымды қарым - қатынас
Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу арқылы жарасымды қарым - қатынас туралы оқушылардың түсінігін кеңейту.
Ата - ана алтын тұғырың
Ата - ана алтын тұғырың
Ата - анаға деген сүйіспеншілік сезіміне ата - ананы құрмет тұтуға үйрету; Ата – ананы қадірлеу, ардақтау, ата - ананың үмітін ақтауға баулу;
Тәртіп пен парыз
Тәртіп пен парыз
Дұрыс әрекет Қасиеттер: әдептілік, ұқыптылық, адалдық. Оқушыларға тәртіп пен парыз ұғымдарының мәнін ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Отбасы жарастығы
Отбасы жарастығы
Сыйластық, бауырмалдық, адамгершілік, мейірімділік, жанашырлық. Оқушылардың сыйластық, махаббат құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
өзін-өзі тану
өзін-өзі тану
Павлодар қаласы Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Пән: Өзін-өзі тану 3-сынып Сабақтың тақырыбы:Ұл бала мен қыз бала Сабақтың мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×