Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Денсаулық – өмір негізі

26 мам 2017, Жұма
Категориясы: Өзін өзі тану
Тақырып: Денсаулық – өмір негізі
Құндылық: денсаулық, адам, өмір Қасиеттер: қамқорлық, қадірлеу
Сабақ мақсаты: оқушылардың «денсаулық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеті:
Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
Денсаулық күту іскерліктерін дамыту;
Денсаулығын қадірлеуге тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық пен дәптер.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен сәлемдесіп, жағымды көңіл - күй орнату.
2. Тыныштық сәтi. Оқушылар, аяқ - қолды айқастырмай, түзу отыруларыңды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз., қолдарыңды тізеге қоюға болады. Д е м а л.... ш ы ғ а р...
3. Үй тапсырмасын тексеру. «Алтын балық» ертегісінің мазмұны бойынша ойын айту.
4. Дәйексөз.«Күн тәртібі мен еңбек – денсаулық кепілі» деген халық даналығының мәні түсіндіріледі: Деніміз сау болуы үшін уақытымызды (таңертеңгі жаттығу, оқу, үй шаруасына, өзгелерге, айналаға көмектесу, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану және т. б.) дұрыс өткізіп, еңбектенсек жанымыздың, деніміздің сау болатыны сөзсіз.

5. Әңгімелеу (сұхбат). Аңыз айту. «Денсаулық – өмір негізі» дегенді қалай түсінесіңдер? Денсаулықтың адам өмірінде қандай маңызы бар? Неліктен «Басты байлық - денсаулық» деп айтылады? Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң, қорытыланады: - Денсаулық адамға шаршамай жүру мен білім алу үшін, тәбетіміздің, көңіл күйіміздің жақсы болуы мен бақытты өмір сүруіміз үшін қажет. Адам табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып, гигиеналық тәртіпті сақтап, денсаулығына зиян келтірмей жүрсе, ұзақ та бақытты өмір сүреді. Денсаулықты сақтау әр адамның өз қолында.
Ә. Табылдиевтің «Аппақ бала» атты әңгімені оқу, сұрақтар бойынша талқылау: 1) Анасы
Асанға тазалықты қалай түсіндірді? 2) «Тазалық – денсаулық кепілі» дегенді түсінесіңдер?

6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Егер біз ерте тұрмасақ,, онда.... Сол үшін ерте тұруымыз керек.
Егер қоршаған орта тазалығын сақтамасақ, онда.... Сол үшін ортаны таза ұстауымыз керек.
Егер жер – ананы аяламасақ, онда.... Сол үшін жерді күтіп, баптау керек.
Егер денемізді шынықтырмасақ, онда,.... Сол үшін денемізді шынықтыру керек.
Егер тазалық сақтамасақ, онда.... Сол үшін таза жүру керек және т. б.
Жағдааяттарды шешу. Кітапта берілген 154 - беттегі жағдаяттарды топтарға шешуге ұсыну.
Дәптермен жұмыс. Өздерінің күн тәртібін жазады.

7. Топпен ән айту. Ж. Тұрбековтің «Бақытты балалық шақ» атты өлеңін бірге оқу.
8. Үй тапсырмасы. Кітапта 153 - бетте берілген Данышпан атаның өсиеттерін жаттап алу, күн тәртібін жазу.

9. Соңғы тыныштық сәтi. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды. Айналадағы барлық тіршілік иелерін аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Бойларында өмірге деген сүйіспеншілік дамып, өз денсаулығын күтуге ықыластың пайда болғанын сезінуге тырысады. Денсаулықты сақтау жолдары жайында ойланады

Өзін – өзі тану мұғалімі:
Оспанбекова Айжан Жапарқұлқызы
Мойынқұм ауданы Ә. Молдағұлова мектебі
4 124
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаны саудың − тәні сау
Жаны саудың − тәні сау
Оқушылардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.
Денсаулық құпиялары
Денсаулық құпиялары
Денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.: Жан сұлулығының тән сұлулығына әсері туралы түсінік беру. Өмір - өзегі денсаулық екенін ұғыну.
Салауаттылық – денсаулық кепілі
Салауаттылық – денсаулық кепілі
Оқушылардың «денсаулық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, оны күту іскерліктерін дамыту
Денсаулық - өмір негізі
Денсаулық - өмір негізі
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қоскөл селосы "№11 Қоскөл орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Әбдіғамит Жазира Қонақбайқызы
Ашу - дұшпан, ақыл - дос
Ашу - дұшпан, ақыл - дос
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің өзін - өзі тану мұғалімі Кажгалиева Салтанат Оразовна
Табиғат тылсымы
Табиғат тылсымы
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің өзін-өзі тану мұғалімі Кажгалиева Салтанат Оразовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×