Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Су - өмір көзі және Табиғаттағы су айналымы

05 қараша 2017, Жексенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Сыртқы интеграция Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану
Сабақтың тақырыбы: «Су - өмір көзі» және «Табиғаттағы су айналымы»
Құндылық Сүйіспеншілік
Қасиеттер Қамқорлық, іскерлік, үнемшілдік.
4 сынып
Сабақ мақсаты: «Су» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
- судың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- суға қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту;
- суды қадірлеуге, үнемдеуге тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:
5т. (тыныштық, талап, тыныштық, тазалық, татулық)
1. Ұйымдастыру кезеңi...
Тыныштық сәті.
Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан - жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы - берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Үй тапсырмасын тексеру.
«Кім шапшаң» ойыны
/допты лақтыру арқылы уй тапсырмасын сұрақ қою арқылы жауап аламыз/
1. Табиғатта су айналымы болмаса не болады?
2. Лас суды тазартуға бола ма? Қалай?
3. Судың күйі немен байланысты?

Дәйексөз
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат.
М. Хакімжанова
Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді.

Сыртқы интеграция:
Су - адамға ең қажетті тағамның бірі, су - тазалық көзі, су - жан сұлулығының нәрі, су - шынығу көзі. Бүгінгі таңда өзен, көл, теңіз жағалауларының, арық жағасының таза болмауы адамдардан суға тигізіп отырған зиянды әдеттері. Әсіресе жасөспірімдерді тазалыққа, қамқорлыққа, адамгершілікке баулуда өзін - өзі тану пәні үлкен рөл атқарады. Сондықтан ауырмай, таза болу үшін адам ішкі тазалығына мән беруі керек, яғни ойы, сезімі, тілегі, мұраты таза болғанда ғана, сыртқы әлеммен үйлесімділік болады.
Судың қасиеттері қаншалықты көп болса, адам бойында соншалықты құндылықтар көп болады.

Жаңа тақырып
«Су - өмір көзі» және «Табиғаттағы су айналымы»
Дүниетану пәнінің мұғалімі:
Ішкі интеграция:
Су - ғажайып зат. Табиғаттағы су үш түрлі: сұйық, қатты және газ тәріздес
бу күйінде кездеседі. Су - түссіз, мөлдір, иісі дәмі жоқ, ұдайы ағып жатады.
Судың тірі организмдер үшін маңызы зор. Су болмаса тіршілікте жоқ.
«Су - өмір көзі», су - жанға сұлулық береді, көңіліңді көтереді, тазалық көзі, шынығу көзі,
су - тағам, табиғатқа сән, өмірге мән береді.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы
Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебі
Мұғалім: Г. Абуева, М. Нұрманова

«Су - өмір көзі» және «Табиғаттағы су айналымы» жүктеу
7 477
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Анимация құру
Анимация құру
Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 5. 3. 2. 2 Алгоритмді сөз түрінде ұсыну; 5. 3. 3. 1 ойын ортасындағы программалау кезеңінде (Лого, Scratch) нысандар анимациясы мен оқиғаларды құру; Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады: 
Әсемдікке ұмтылыс
Әсемдікке ұмтылыс
Бұл сабақ оқушыларға адамның сұлулығы туралы түсініктерін кеңейтуге мақсатталған. Сабақ 6 сынып оқушылармен өткізіледі. Оқушыларды ішкі жан дүниелерін сезінуге, өз-өзін бағалауға, өзін түсінуге және өзінің бойындағы, мінезіндегі жағымды қасиеттерді
Бақыт құшағында
Бақыт құшағында
Адам өміріндегі қуанышты сәттер, істеген игі істерден рахаттану, барды қанағат тұту және жалпы адам бақыты туралы түсіндіру.
Ынтымақ – түбі береке
Ынтымақ – түбі береке
Оқушыларға ұйымшылдық туралы түсінік бере отырып, «Сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ұғындыру.
Жалпыадамзаттық құндылықтар - мектептегі педагогикалық үдерістің тұтас негізі
Жалпыадамзаттық құндылықтар - мектептегі педагогикалық үдерістің тұтас негізі
Құндылықтардың адам өміріндегі мәнін түсіндіру; Өзара жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
Адал достық
Адал достық
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің өзін-өзі тану мұғалімі Кажгалиева Салтанат Оразовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×