Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Анимация құру

28 сәуір 2020, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Бекітемін Мектеп: Пәні: Информатика
Күні:Мұғалімнің аты - жөні: 
Сынып:5 ГҚатысқандар:Қатыспағандар:
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:5. 4А: Жобаны құру және оны ұсыну
Сабақтың тақырыбыАнимация құру.
Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары5. 3. 2. 2 Алгоритмді сөз түрінде ұсыну;
5. 3. 3. 1 ойын ортасындағы программалау кезеңінде (Лого, Scratch) нысандар анимациясы мен оқиғаларды құру; 
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар орындай алады:
  • Алгоритмді жазу жолдарын біледі
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
  • Жобаның тақырыбын, мақсатын және міндеттерін айқындау
Кейбір оқушылар орындай алады:
Осы командаларды скриптарды жасауда қолданады.
Бағалау критерийлері:
  • Нысандарды анимациялау (жандандыру) үшін скрипт құрады
  • Берілген шарт бойынша әрекеттерді анимациялау (жандандыру) үшін скрипт құрады
Тілдік мақсат:Оқушылар орындай алады:
  • программалаудың ойын тілін қолдана отырып, дыбыс эффектілері бар оқиғалар мен нысандардың анимациясын жасай алады. 
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
  • жоба; жобамен жұмыс кезеңдері; жұмыс жоспары; жобаның презентациясы 
Талқылауға арналған сұрақтар:
  • Мен осы тақырыпты таңдадым, себебі …
  • Менің программамда … алгоритмі бойынша … әрекет жасайды.
  • …кезеңінде мен…қиыншылықтарға тап болдым.
  • Маған осы жоба ұнады, өйткені…… 
Құндылықтарға баулуБұл сабақта келесі құндылықтар дарытылады: ынтымақтастық, өз бетімен білім алу
Құндылықтарды дарыту жұпта және топта жұмыс жасау арқылы іске асады
Алдыңғы оқу:Оқушылар осыған дейін біледі: ойын программалау тілі Scratch және Logo программалау тілінде бағдарламалау.
Жоспарланған уақыт:Жоспарланған жаттығу түрлеріРесурстар
Сабақтың басы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2 мин
2 мин
Сәлемдесу.
Ұйымдастыру кезеңі.
Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан - жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы - берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Сабақ барысының анализі
Шаттық шеңберін құрғызып окушыларды ширату мақсатында Scratch бағдарламасының жалпы шығу тарихы туралы ой салам. Оқушылар өз ойларын 2 минутта кезекпен айтып шығады. Қауіпсіздік техникасы ережелері еске түсіріліп отырылады
Презентация
музыка
«The hat» әдісі бойынша топқа бөлу. Сыныптағы оқушыларды санау арқылы бөлеміз. Тақ сандар 1 - топқа (1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15), Жұп сандар 2 - топқа (2, 4, 6, 8, 10, 12, 14) бөлініп жұмыс жасайды.
1 - топ Scratch.
2 - топ Sprite.

«Ой қозғау»
4 мин
видео үзінді көрсету «Анимация құру»
Сабақтың ортасы
2. Үй тапсырмасын тексеру
3 мин
Топтық жұмыс
«Ыстық орындық» әдісі
Екі топтан кезекпен бір – бір оқушыдан шығып сол оқушыларға кезекпен екі топ мушелеріне қарама қарсы топтын оқушылары сұрақ қояды, екі топқада 2 минуттан беріледі.
Scratch бағдарламасының мүмкіндіктері қандай?
Команда және Операторлар блогының айырмашылығы қандай?
«Смайликтер» арқылы екі топ оқушылары 2 минутта қарама қарсы топты бағалайды

3. Қызығушылығын ояту, мәселе қою
7 мин
Топтық жұмыс
«Сөз бұлтты» әдісі бойынша постер дайындау. Scratch бағдарламасында анимациямен жұмыс жасайтын негізгі командалардың терминдерін 3 минутта жазып шығады, негізгі терминдерді барлығын бас әріппен, қосымша создерді кіші әріппен. «Сөз бұлтты» әдісін орындап болған соң екі топ дайындаған постерді бір біріне ауыстырып 3 минутта танысады.
«Бас бармақ» әдісі бойынша 1 минутта бағалайды

ІІ кезең:
5 мин
 Жеке жұмыс ----- Жұптық жұмыс
«Досыңа хат жазу» әдісі
Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгендігін анықтау мақсатында осы әдіс арқылы анықтаймын.
Scratch бағдарламасын білесің бе? Scratch бағдарламасында анимациялық қозғалыстарды қалай енгіземіз? деген сұрақтар төңірегінде оқушылар 2 минутта оз ойларын хатқа енгізеді. Мысалы Құрметті менің досым! Scratch бағдарламасында алгоритмді графика түрде жеңіл түрде есте сақтап қалуға көмектеседі. т. с. с Хаттарыңды анық нақтылай 4 сөйлеммен жинақтап жазсаңдар болады. 2 минут жазып болған соң қастарыңда отқан жұмптарыңмен алмасып танысып шығыңдар. 
«Көршіңді бағалау» әдісі бойынша оқушылар қасындағы жұбын 1 минутта бағалайды

 ІІІ кезең
13 мин
Жеке жұмыс
Scratch программасында мысық спрайты үшін қарапайым жоба жасаңдар. Жобаны 9 минутта орындаңдар
1 1. Прогамманы іске қосыңдар
2 2. Ортаның нысандарымен таныстырыңдар.
3 3. Мысық спрайттың жобаның төменгі сол жақ бұрышына апарып, орналастырыңдар
4 4. Мысық спрайты үшін скрипт жазыңдар.
5 5. Блоктар палитрасынан қозғалыс блогы арқылы кейіпкерді сахнада қозғалысқа келтіріңдер.
6 6. Жасалған жобаны сақтаңдар және толық экранда көріп тамашалаңдар.
7 «Сыныптағы саяхат» әдісі бойынша оқушылардың алған нәтижелерінің мақсатына жеті ма жетпеді ма өз ойларын жинақтау үшін сыныпта бір бірлерінің тапсырмаларын 3 минутта көріп шығады.
8 Кері байланыс орнату:
9 Өздерің жасаған жобаларың ұнады ма? Тақырыптың басты идеясы неде? деген сұрақтар қойылып оқушылар өз ойларын 2 минутта жеткізеді.
«Мадақтау» әдісі бойынша 2 минут бағалау 
http://okulyk - edu. kz
http://armanpv. kz/? book=44
Сабақ соңы
3 мин
Кері байланыс жүргізу: «Шабадан» әдісі арқылы сабаққа рефлексия жүргізу. Ашық шабаданға сабақта не түсінгенін және не білгенін стикерге жазып салады, жабық шабаданға сабақта түсінбегендерін және де әліде оқуды қажет ететіндерін жазып салады.Үлестірме қағаздар
Үйге тапсырма
1 мин
Scratch программасында мысалдар құрып келіңдер
Оқушылар күнделігіне жазып алады
Оқулық,
күнделік
Қосымша ақпарат
Саралау
1. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
2. Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау
Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Рефлексия
Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
_____________________________________________
_____________________________________________
_____________________________________________
_____________________________________________
_____________________________________________
_____________________________________________
_____________________________________________
Қорытынды баға
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:_____________________________________________________________________________________
2:_____________________________________________________________________________________
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:_____________________________________________________________________________________
2:_____________________________________________________________________________________
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
1.____________________________________________________________________________________
2_____________________________________________________________________________________
4 555
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Cілтемелер
Cілтемелер
Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 6. 2. 2. 1 – сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұн, атау, түсіндірме) Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады: сілтемелерді жасай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Құжат форматын
Көбейту
Көбейту
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 2. 1. 2. 1. Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысын табу, бөлуді нысандарды мазмұнына қарай жəне тең бөліктерге бөлу ретінде түсіну.
Жемістер
Жемістер
Жемістердің дәмін, түсін ажырата алады, қандай екенін айта алады. Жемістердің атауын үш тілде біледі және жаза алады.
Қазақтың қадірлі қызы
Қазақтың қадірлі қызы
Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, қосымша ақпаратты анықтай алады, мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап бере алады, мәтін құрылымын сақтайды, құрылымына сәйкес жоспар құрай алады.
Абай Құнанбаев «Жаз»
Абай Құнанбаев «Жаз»
Абай Құнанбаев «Жаз» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Мәтін ішінен тұрақты тіркестерді анықтай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×