Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат - тал бесігің, аялай біл!

25 ақпан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Сабақтың тақырыбы: «Табиғат - тал бесігің, аялай біл!»
Сабақтың мақсаты: оқушылардың табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
• Оқушылардың табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту;
• Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету;
• Ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд, бейнебаян, сурет қиындылары, үнтаспа, қағаздан жасалған гүлдер.
Мұғалім:Сәлеметсіздер ме қымбатты оқушыларым! Бүгінгі күн біздер үшін ерекше күн, себебі мектебімізде «Табиғатты аялау күні». Аталған күнге байланысты ашық сабағымыздың тақырыбы «Табиғат – тал бесігің, аялай біл». Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге болады. Ата - бабамыз «Жер – қазына, су – алтын, мал – байлық» деп өсиет айтып кетуі тегін емес. Табиғат пен Жер - Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы. Олай болса барлығыңызды шаттық шеңберіне шақырамын.
Шаттық шеңбері
Табиғат - бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп - өнер мекені. Әр қайсымыздың табиғатқа деген алғысымыз шексіз, сондықтан да шаттық шеңберінде Жер - анаға деген ізгі тілегімізді білдірейік.
Үй тапсырмасын сұрау
Тапсырма. «Өз қалауыңмен асқар тауға, айдын көлге, ну тоғайға, қалың орманға, биік шыңға, жасыл өсімдікке, жүгірген аңға, ұшқан құсқа, кең далаға хат жазу» (әр оқушының жауабына қағаздан қиылған гүлдер беріледі) Балалар, қолдарыңыздағы гүлдердің түсіне байланысты екі топқа бөлініп отырайық.
Ассоциация «Табиғат»
- Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен
сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие. Табиғаттың сан қыры мол, сұлулығымен көз тартатын ерекшелігі арқылы әр адамның жүрегінен орын алатыны да анық. Ассоциациялық сұраққа, сіздердің жауаптарыңыз арқылы әдемі табиғаттың макетін жасаймыз.
• Балалар табиғат деген сөзді естігенде сіздердің ойларыңызға біріншіден не елестейді? (тау, күн, ағаш, жасыл шөп, гүлдер, құстар, көбелектер, кемпірқосақ т. б.)
Әңгімелесу
• Табиғатты сақтап, қорғау не үшін қажет?
Мәтінмен жұмыс
Оқулықтағы Құрманбай Толыбаевтің «Қайыңның қасіреті» атты әңгімесін оқып талдау.
• Адам табиғатқа неліктен залал келтіреді?
• Табиғат та жылай ма?
• Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп соқтырады?
Тыныштық сәті
«Таза болса табиғат – аман болар адамзат». (2мин) Баяу музыка мен бейне клип көрсетіледі.
Дәйексөз
Француз жазушысы Анатоль Франстың «Адам табиғатқа тәуелді болса, Табиғат та оған тәуелді» - деген нақыл сөзін мағынасын «Көзқарас – себеп – мысал – қорытындылау бірізділігімен талдау. (дәйексөзі дәптерге жаздыру)
1. Көзқарас – А. Франстың көзқарасымен келісемін
2. Себебі – табиғат пен адам өзара үйлесімді
3. Мысалы, қарапайым біздің тыныс алуымыздың өзі дәлел бола алады
4. Қорытындылау. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда ғана, табиғат адам баласы кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық.
Шығармашылық тапсырма
Өзің тұратын ауылдың экологиялық ахуалын түзету үшін не істегендеріңді есеп түрінде, ал алдағы уақытта қандай жоспарларың бар екенін жоба түрінде суреттеп беріңіздер.
Топпен жүргізілген жұмыстарын қорғайды.
Түйіндеме
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбына сәйкес білім - біліктерімізді, іскерлігімізді саралап, ой түйіндейік.

Аудиоға назар аударайық.
Қазіргі уақытта қоршаған ортаның ластанғаны, жоғалып - құру жағдайында екендігі жиі айтылады. Әйтсе де мұны жою немесе түзету оңай шаруа емес екендігі де белгілі. Егер де ғылымда табиғатты тазалауға арналған құрал ойлап табылса да, мұның өзі сыртқы тазалықты сақтау болып қалмақ. Ал адамдарды улап жатқан газ, түтін улы заттар адамзаттың рухани әлеміне де өз кесірін тигізуде. Адамдардың көпшілігі түрлі ауруға ұшырауда, бұл тек ауа, су, тамақтың ластануынан ғана болып жатқан жоқ. Егер адам баласының рухани әлемі мұнша ластанбаған болса, адамдар барлық сыртқы уларды жоя алатын еді. Бірақ ауру ішкі ластанудан, яғни ойдың, сөздің, істің ластануынан басталады. Осы ішкі ластану сырттай көрініс табады. Нағыз сыртқы өзгеріс ішкі өзгерістен соң пайда болады. Демек, сыртқы әлемнің нақты және материалдық бейнесі. Сондықтан ауырмай, таза болу үшін адам ішкі тазалығына мән беруі керек, яғни ойы, сезімі, тілегі, мұраты таза болғанда ғана, сыртқы әлеммен үйлесімділік болады.
Сан Лайт
Үй тапсырмасы
«Табиғатты қорғау – өзіңді қорғау» тақырыбында эссе жазу.
Жүректен жүрекке
Ал балалар, барлықтарыңызды ортаға шақырамын, бүгін Ә. Тәжібаевтің сөзіне, Е. Хасанғалиевтің әніне жазылған, Саят Медеуовтың орындауындағы «Бозторғайым» әнін орындаймыз.
Бозторғайым
Даланы мен де
Сүйемін сендей
Бауырмал құсым!
Назыңнан әсем
Сазыңнан әсем
Жаңылма, құсым
Тіршілікте, айнымасқа тағдыр қосқан
Құсы едің ғой кең далама бауыр басқан
Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым
Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым!
Тауқымет тартып,
Тарықпа, жаным
Қорықпа, жаным
Құшағымды ашып
Кеудеме басып
Берейін жалын!
Тіршілікте, айнымасқа тағдыр қосқан
Құсы едің ғой кең далама бауыр басқан
Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым
Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым!
43 047
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Оқушылардың табиғат – тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғатпен үндестік таба білуге үйрету, бағыт беру, ойларын дамыту.
Табиғат - алтын ұямыз!
Табиғат - алтын ұямыз!
Табиғат заңдылықтары туралы білімдерін кеңейту арқылы табиғат - тіршіліктің бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін түсіндіру;
Табиғат - тіршілік белгісі
Табиғат - тіршілік белгісі
Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті М. Әуезов атындағы орта мектептің өзін - өзі тану пәнің мұғалімі Смаилова Гульнар Койбагаровна
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Қызылорда қаласы, № 187 М. Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Сейдахметова Сәуле
Табиғат тағдыры-адам тағдыры
Табиғат тағдыры-адам тағдыры
Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге болады. Ата-бабамыз «Жер – қазына, су – алтын, мал – байлық» деп өсиет айтып келгені тегін емес. Жер ана мен өз анаң егіз екен, Мейірімдері мейлінше теңіз екен. Анам туды, жер ана
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×