Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат - алтын ұямыз!

26 қаңтар 2016, Сейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Астана қаласы, №68 орта мектебінің
өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі
ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері
Есенбаева Роза Түзелбайқызы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Табиғат - алтын ұямыз!
Мақсаты:
1. Оқушылардың табиғат заңдылықтары туралы білімдерін кеңейту арқылы табиғат - тіршіліктің бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін түсіндіру;
2. Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғатпен өзара үндестік таба білуге үйрету, бағыт беру, ойларын дамыту;
3. Ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу;
Міндеті: Оқушылардың табиғатпен үйлесімділікпен өмір сүру, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.

Тәрбие сағатының жоспары:
1. Кіріспе
Табиғат - бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп - өнер мекені.

2. Негізгі бөлім Экология - ел амандығы
*Маралдың мұңы...
*Шағаланың шаңқылы...
*Ананың зары...
*Табиғатым - тағдырым.
*Өзімізге, өзгеге жасамайық қиянат!

3. Қорытынды бөлімі
*Адам - табиғаттың ең сенімді, айнымас досы, қамқоры және қорғаушысы.
*Табиғатты қорғау - өзіңді қорғау.
*Табиғатқа менің айтар тілегім...

Тәрбие сағатының барысы:
1 - ші жүргізуші: Отан, атамекен, туған жер деген ұғымдары бір - бірімен мәні мағыналас, бірін - бірі толықтырып тұратын қастерлі де қасиетті сөздер. Бұл сөздерді естігенде әрбір адамның жүрегіне жылылық сезім ұялап, жүзінен нұр шапағаты айқын сезіледі.
2 - жүргізуші: Ел мен жер, оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары - біздің басты байлығымыз. Жер, су, ауа - адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына. Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу - біздің міндетіміз.
1 - жүргізуші: Әртүрлі факторлардың әсерінен Арал теңізінің айдынының тартылуы мен экологиялық жағдайының бұзылуы - ғаламдық апатқа әкелді.
2 - жүргізуші: Арал өңірінде туындап отырған экологиялық апат әсерінен жыл өткен сайын теңіз суы тартылып, оның фаунасы мен флорасы жойылуда.

Маралдың мұңы:
Ең соңғы аңы Аралдың маңыраған маралмын,
Аңыраған қалпымда айдалада қаламын.
Енді қашан Аралдың мөлдіріне қанармын?
Жас орнына қан ақты жалт - жұлт еткен жанардан.
Қай пендеге қарармын, қай кәдеге жарармын?
Құмда жатқан Маралмын, мұңға батқан Маралмын.

Шағаланың шаңқылы:
Шаңқылдаған шағаламын, теңіз бойын жағаладым,
Су орнына құмға батып, қанатымды сабаладым.
Шаңқылдаған шағаламын, теңіз төсін сағаладым,
Айдынымнан айрылғанда, қандай мекен таба аламын?
Шаңқылдаған шағаламын, шаршадым ғой, демаламын,
Аралыммен мен де бірге, мәңгілікке жоғаламын.

Ананың зары:
Ақ тілегімді омырауымнан ағызып, көздің жасын көкірегіме тамызып,
Айдалада қарағым, аңыраған Анамын.
Ашық аспан заманында, айдың, күннің аманында,
Қайғы жауып қабағын, қапаланған Анамын.
Көрге айналып мекені, жасқа толып етегі,
Еңіреген Анамын, енді маған пана кім?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 116
1
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Оқушылардың табиғат – тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғатпен үндестік таба білуге үйрету, бағыт беру, ойларын дамыту.
Табиғат сыйы
Табиғат сыйы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі, Халық ағарту ісінің озық қызметкері Балова Леля Батимовна
Табиғат - тіршілік көзі
Табиғат - тіршілік көзі
Атырау қаласы Еркінқала селосы Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұпмағанбетова Алия Абдешқызы
Табиғат - тіршілік белгісі
Табиғат - тіршілік белгісі
Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті М. Әуезов атындағы орта мектептің өзін - өзі тану пәнің мұғалімі Смаилова Гульнар Койбагаровна
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Сабақтың тақырыбы: «Табиғат - тал бесігің, аялай біл!»
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
aiboll
aiboll Бас редактор 26 қаңтар 2016 11:06
0
Экология тақырыбындағы тәрбие сағаты өте жақсы жұмыс. Мұндағы өлең жолдары тіпті жүрегіңді елжіретеді. Осындай жұмыстар көптеп жарияланса деймін.
×