Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біз достықты сүйеміз

13 наурыз 2012, Сейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Тақырыбы: « Біз достықты сүйеміз!»

Мақсаты: «Достық», «Өзара сыйластық» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу. Тәуелсіздік жайында түсінік беру.
Міндеттері:
- Оқушы, мұғалім және ата – ана арасында жағымды қарым – қатынас жасауға, ата – аналардың мектеп өміріне араласуына, өздерінің бала алдындағы жауапкершіліктерін, оларға қажет екендігін сезінуге бағдарлау.
- Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.
- Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар. Сюжетті суреттер, үнтаспа, үлестірме қағаздар, гүлдер, жүрекшелер.

Әдісі: Ата – аналар мен балалардан құралған командалар арасындағы сайыс түрінде өтеді.
Кіріспе сөз:
Бүгінгі біздің ата – аналармен бірлесіп өткізгелі отырған сабағымыз тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерей тойына арналып өткізілмек. 20 жылдыққа - 20 іс – шара демекші, біз де өз үлесімізді осы іс – шара арқылы қоспақшымыз. Сабағымыздың тақырыбы «Біз достықты сүйеміз» деп аталады.Себебі, достық бар жерде бірлік, татулық болады. Сол достықтың арқасында осындай бейбіт жерде өмір сүріп жатырмыз.

Сабақ өзін - өзі тану пәнінің тәсілдерін қолдану арқылы өтіп қана қоймай, жарыс түрінде өтеді. Сынып оқушылары мен ата – аналардан үш топ құралып, топтарға ат қойылады. 1 – топ – Жігер тобы. 2 – топ – Бірлік тобы. 3 – топ – Парасат тобы.

Тапсырмалардың барлығы да тақырыпқа қатысты беріледі. Дұрыс орындалған тапсырмаларға жүрекшелер беріледі. Әр тапсырмамен сайыс кезінде танысып отырасыздар. Сайысымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне тұрайық.

1. Шаттық шеңбері:
Оқушылар үлкен шеңбер құрады, ата – аналары ішкі шеңберде тұрады. Оқушылар:
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Тату – тәтті жүреміз.
Ата – аналар.
Достық - өмір тірегі,
Достық - әр адамның тілегі.
Татулық дәйім сақталса,
Қуанышпен соғады әр адамның жүрегі.

2. Әңгімелесу. «Достық.» тақырыбы бойынша әңгімелеу. Бұл тақырыпты еліміздің тәуелсіздігімен байланыстырып айтуға болады.
3. Дәйек сөз. Әр топ бүгінгі тақырыбымызға қатысты қандай дәйек сөздер айтуға болатынын айтады, ішінен біреуі таңдалып алынады. Ол дәйек сөздердің мағынасы түсіндіріледі.
Мысалы: «Достық қымбат өмірде»

4. Шығармашылық жұмыс. «Балғын бояу» айдары. Әр топ «Достық қымбат өмірде» тақырыбына қатысты сурет салады. Салған суреттерін қорғайды.
5. Өзіммен өзім. Үнтаспада баяу музыка қойылады. Мұғалімнің айтқан сөздерін көз алдына елестетіп және әңгіме барысын сезінуге тырысады.

- Біз барлығымыз ыңғайланып отырайық. Көзімізді жұмсақ та болады. Өзімізді «Достық пен бірліктің» елінде жүрміз деп елестетейік. Бұл елде үлкендерді құрметтеп, кішілерге қамқорлық жасайтын, Отанын сүйетін, жүректері мейірім мен сүйіспеншілікке толы, денсаулығы мықты, ер жүрек адамдар мекен етеді.Солардың ішіндегі ең қадірлі адамдар әрине біздің әрқайсымыздың ата – анамыз, ең сүйкімді де қылықтысы әрине біздің кішкентай балаларымыз. Олар қашан да бір – біріне көмек көрсетуден, қамқорлық жасаудан шаршамайды. Біз барлығымыз осындай достық пен бірлік елінде өмір сүріп жатқанымызға қуануымыз керек.

Енді бұрынғы қалпымызға түсіп, көзімізді ашайық. Тақтада Қазақстан картасы тұрады. - Бұл қандай ел ? Ол біздің Қазақстан.
6. Жаттығу – ойлану.
1. Берілген сөздерді пайдаланып достық, бірлік тақырыбына өлең құрау.
Менің елім ------------
---------- ---- жарасқан.
Ту ғып ұстап ---------------
------- ---------- алыстан.
7. Мақал – мәтел жарысы. «Мақал айтсаң – жол көрсеттің, мәтел айтсаң – жанымды жайландырдың» демекші, мақал – мәтел айтып жарысайық. Үш топқа үш тақырып беріледі.
1. Достық, татулық.
2. Отан, туған жер.
3. Еңбек, еңбексүйгіштік.
Осы үш тақырыпқа қатысты мақал - мәтелдер айтып жарысады.

8. Ойын жаттығу: «Мен достықты сүйемін, себебі мен .........» деп аталатын ойын – жаттығуда балалар мен ата – аналар өз білім – біліктерін қолданып, ой қорытындысын жасауға мүмкіндік алады.

9. Қорытындылау. Әр топтың жинаған жүрекшелерін санап жеңімпаз топты анықтау, марапаттау.
10.Жүректен жүрекке. Әр топта балалар ата - аналарына үлкен жүректі ұсынып, тілектер айтады. Ата – аналары ол жүректерді тақтадағы күн шапағына жапсырады. «Достық» әнін хормен айтады.
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай «Біз достықты сүйеміз» тақырыбында өткен жарыс сабаққа қатысқан ата – аналардың пікірі тыңдалады.
16 282
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты
Біз достықты сүйеміз
Біз достықты сүйеміз
Оқушы, мұғалім және ата – ана арасында жағымды қарым – қатынас жасауға, ата – аналардың мектеп өміріне араласуына, өздерінің бала алдындағы жауапкершіліктерін, оларға қажет екендігін сезінуге бағдарлау.
Сыйласаң - сыйлы боласың
Сыйласаң - сыйлы боласың
Дос, туыс, жақын адамдар арасындағы өзара сыйластық туралы түсініктерін кеңейту Дос, туыс, жақын адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыру Достық, туыстық, сыйластық қарым - қатынас жасай білуге тәрбиелеу
Достық қымбат өмірде
Достық қымбат өмірде
Ақтөбе қаласы, №53 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Ермагамбетова Бакытгуль Токтаровна
Достық қымбат өмірде
Достық қымбат өмірде
Избасарова Раушан Тлегенқызы Солтүстік Қазақстан облысы, М Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы
өзін-өзі тану
өзін-өзі тану
Павлодар қаласы Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Пән: Өзін-өзі тану 3-сынып Сабақтың тақырыбы:Ұл бала мен қыз бала Сабақтың мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×