Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үйкеліс күші

18 ақпан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Физика
Сыныбы: 7
Физика және астрономия
Сабақтың тақырыбы: §32. Үйкеліс күші
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күшінің қандай күш екенін, түрлерін және оның табиғат заңдарындағы маңызын, өмірмен байланыстырып түсіндіру.
Дамытушылық: Мысалдар келтіре отырып, оқушылардың ой - өрісін ғылыми ой қорытындыларын жетілдіру, өз ойларын сөзбен жеткізуге дамыту.
Тәрбиелілік: Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақтың түрі: Аралас
Әдіс - тәсілдері: Ауызша баяндау, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: Табиғаттану, техника
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, тұрғы, жүк, жіп.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
ІY. Оқулықпен жұмыс
Y. Жаңа сабақты бекіту
YІ. Сабақты қорытындылау (бағалау)
YІ. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгелдеу
3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
4. Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу
І топ (6 оқушыдан)
ІІ топ
ІІІ топ

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Ауырлық күші» тобына
1. Дененің салмағы дегеніміз не?
2. Дененің салмағы қандай шама?
3. Дененің салмағын қандай әріппен белгілейді және оның өлшем бірлігін ата?
4. Салмағы 500 Н бала салмағы 50 Н қандай да бір денені ұстап тұр. Ол жерді қандай күшпен қысады?

«Серпімділік күші» тобына
1. Ауырлық күші дегеніміз не?
2. Ауырлық күшінің белгіленуі және оның өлшем бірлігі қандай?
3. Денелердің салмақсыздық күйіне мысалдар келтіріңіз?
4. Массасы 1 кг денеге Айда 1, 6 Н ауырлық күші әрекет етеді. Массасы 50 кг адамның Ай бетіндегі салмағы қандай?

«Үйкеліс күші» тобына
1. Тіректің реакция күші дегеніміз не?
2. Тіректің реакция күшінің белгіленуі және өлшем бірлігі қандай?
3. Дененің салмағы мен денеге әрекет ететін ауырлық күшінің арасындағы айырмашылық неде?
4. Массасы 40 кг баланың Айдағы салмағын анықтаңдар. Айдағы gАй= 1, Н/кг

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Шананы қара жолмен сүйрегеннен гөрі мұз бетімен, қар үстімен сүйреген ыңғайлы. Тетік - бөлшектері майланбаған велосипедті тебу де, тұрмыстық жиһаздарды еден бетімен жылжыту да қиынға түседі. Жол бойымен келе жатқан машинаның қозғалтқышын жүргізуші өшіргеннен кейін ол тоқтайды. Мұз айдынында коньки теуіп жүрген бала да, төбешіктен сырғанап түскен шана да, домалап келе жатқан доп та біраздан соң тоқтайтын болады. Бұл тәжірибелер бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде қозғалыс жылдамдығына қарама – қарсы бағытталған және дененің қозғалысына кедергі жасайтын күш пайда болатынын көрсетеді.
Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
21 340
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Су ішінде денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтауды үйрете отырып білім және білік дағдыларын қалыптастыру.
Үйкеліс күші
Үйкеліс күші
Оқушыларға үйкеліс күшінің қандай күш екенін, оның табиғат заңдарындағы маңызын, өмірмен байланыстырып түсіндіру.
Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру
Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күшінің қандай күш екенін, оның табиғат заңдарындағы маңызын, өмірмен байланыстырып түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың үйкеліс күшінің ұғымы, түрлері, өмірде қолданылуы жөнінде белемдерін жетілдіру.
Үйкеліс күші
Үйкеліс күші
Көкшетау қаласы №6 орта мектебі физика - математика мұғалімі Орындаған: Наушек Г.
Тыныштық пен сырғанау үйкеліс коэффицентін табу
Тыныштық пен сырғанау үйкеліс коэффицентін табу
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Сүмбе орта мектебі. Физика пәні мұғалімі Б. К. Оразбаев
Үйкеліс күші және оның техникада қолданылуы
Үйкеліс күші және оның техникада қолданылуы
№35 мектеп-гимназиясы Тақырыбы: Үйкеліс күші Пән мұғалімі: Баймуханова Г.К.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×