Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары

16 қазан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Физика
Физика пәнінің мұғалімі Есмурзаев Б.
Тақырыбы: Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Физика 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары.
Мақсаты: Білімділік: Су ішінде денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтауды үйрете отырып білім және білік дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларды ой өрісін дамытуға, өз бетімен ізденуге, қорытынды жасауға, өзін - өзі бағалап, сын көзбен қарауға машықтандыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, өз елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақ типі: жаңа тақырыпты меңгеру.
Сабақтың көрнекілігі: бағалау парақтары, портрет, интерактивті белсенді тақта, балауыз, шам, су, стакан.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, география, әдебиет, информатика.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу және сынып тазалығына көңіл бөлу.(2мин)
2. Өткенді қайталау. (12 мин)
3. Жаңа сабақты түсіндіру. (20 мин)
4. Жаңа сабақты бекіту (5 мин)
5. Сабақты қорытындылау. (3 мин)
6. Оқушыларды бағалау. (2 мин)
7. Үйге тапсырма. (1 мин)

II. Үй тапсырмасын тексеру.
1) Сұрақ - жауап арқылы сұрақтар беріп білімдерін тексеру.
1. Күштің түрлерін ата?
Күш

тартылу күші
ауырлық күші
үйкеліс күші
серпімділік

2. Үйкеліс күшінің түрлерін ата?
Үйкеліс күші

сырғанау
домалау
тыныштық

3. Күшті қандай құралмен өлшейміз?
Күшті өлшеу үшін арнайы құралдар – динамометрлер (грекше динамис - күш және метро - өлшеймін) қолданылады.
4. Бірқалыпты қозғалыс деген не?
Дене бірдей тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.
5. Бірқалыпсыз қозғалыс деген не?
Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
6. Неге жаңбыр жауар алдында адамның сүйек буындары
сырқырайды. (Атмосфералық қысым кемиді, содан адамның қан айналым жүйесі бұзылады)
7. Қатынас ыдыстарды бөліп ал. (Шәугім, шәйнек, суқұйғыш)

2. Физикалық шамаларды өлшем бірліктерімен тұтастырыңдар.
Сұйық тығыздығы ------- g ----- кг/м3
Тұрақты шамалар --- V ----- 9, 8Н/кг
Дене көлемі ------- ρ ----- м3
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары. жүктеу
2 735
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттарының күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Архимед күші. Денелердің жүзу шартары
Архимед күші. Денелердің жүзу шартары
Архимед күшінің сұйық тығыздығына және дене көлеміне тәуелдігін біледі. Есеп шығаруда пайдаланады. Денелердің жүзу шарттарының анықтамасын біледі.
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Павлодар қаласы, Ертіс ауданы, Қызылжар жалпы орта білім беру мектебінің физика және математика пәні мұғалімі Тәшібаева Кәмшат Еркінжасқызы
Денелердің жүзу шарттары
Денелердің жүзу шарттары
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Құдықағаш орта мектебінің физика және математика пәні мұғалімі Садвакасова Райхан Даулетханқызы
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимедтің ашқан жаңалығының мән-мағынасын түсіну үшін қарапайым тәжірибе жасап көрейік. Динамометр ілгегіне қандай да бір дене ілейік те, оның шкаласының көрсетуі бойынша ауырлық күшінің мәнін белгілеп алайық.
Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер
Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер
Семей қаласы № 8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім мен тәрбие беру мектеп кешені Елеусізова Жания
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×