Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жарықтың толқындық және кванттық қасиеттері

20 сәуір 2014, Жексенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: Жарықтың толқындық және кванттық қасиеттері

Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні: Жарық және оның қасиеті туралы алған білімдерін тиянақтау.
Тәрбиелік мәні: Сауаттылыққа дұрыс мәдениеті сөйлеуге, жылдамдыққа еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Маманадық таңдауға бейімдеу
Дамытушылық мәні: Қазіргі заман ағымына көзқарасын, дүние танымын,
белсенділігін сәйкес дамыту, қаржыны үнемді пайдалануға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес конкурс сабақ
Оқытуға қажетті құралдар: Мультимедиалық экран, плакаттар, т. б
Сабақтың пәнаралық байланысы: биология, қаржы – сауаттылық
негіздері, экология т. б

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру.
ІІ Қызығушылығын ояту:
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында менеджер - басқарушы мамандығының рөлі зор. Менеджер - басқарушы әрі білімді, әрі іскер, әрі әдіскер психологиялық жағынан жинақы, әрі терең ойлайтын өзі шығарған заттарының нарқын тек өз жерінде емес, шет елде қалай бағаланатындығын да білуі керек. Демек бұл сабағымызда бірнеше өндірістің менеджер - басқарушы мамандығының бос орынына байқау жариялаймыз. Конкурсқа оқушылармен қатар бірнеше мамандар да келіп отыр.
Олар: 1) дәрігер - рентгенолог
2) дәрігер - физиолог
3) мұғалім - биолог
4) милиция қызметкері
5) фотограф
Бір апта бұрын конкурстың өтілуі жайлы айтылып, жоспары оқушыларға түсіндіріліп, дайындалу керектігі ұсынылды.

ІІІ Мағынаны тану:- 3 мин
Жоспары:
1. Ақ жарық сәулесі, оның физикалық қасиеттері
2. Инфрақызыл сәулелер, оның қасиеттері
3. Ультракүлгін сәулелер.
4. Рентген сәулелері.
5. Радиоактивті сәулелер
Сайысқа қатысатын кәсіпорындар:
1. «Оптика» фирмасы (көзілдірік шығарады)
2. «Инфра» фирмасы (түнде көруге мүмкіншілік туғызатын дүрбі, қару - жарақ
шығарады)
3. «Шам» заводы (электр шамын шығарады)
4. Ақтөбе рентген заводы (рентген аппараттарын шығарады)
5. «Кескін» фирмасы (фотоаппарат және фотоқағаз шығарады)
Оқушы - мамандарға байқау ІІ кезеңнен тұратынын ескертеміз
1) Теориялық сайыс: Оқушылардан білімі сыналады. Мамандар қосымша мәліметтер жасайды.
2) Іскерлік сайыс: Тақырыптық маркетинг(Тақырыптық плакат, жарнама) Өз өндірісі шығаратын тауарларын тарату қолданатын жері, қай жерде шығарылады. Қолдануы туралы жарнама беру

ІҮ Ой - қозғау: Теориялық сайыс
1 - оқушы: Жарықтың толқындық қасиеті туралы мәлімдеме жасау
Жарық әсерінің жарық көзінен қабылдағышқа берілуінің мүмкін болған екі тәсіліне сәйкес, жарықтың не екені, оның табиғаты қандай болатыны жөнінде бір - бірінен мүлдем өзгеше екі теория ХҮІІ ғасырда бір мезгілде дүниеге келді.
Бұл теорияның біреуі Ньютонның, ал екіншісі Гюйгенстің есімдеріне байланысты болы. Ньютон жарықтың корпускулалық теориясын ұсынды. бұл теория бойынша жарық дегеніміз – жарық көзінен жан - жаққа кететін бөлшектер ағыны(зат тасымалы).
Гюйгенстің ойлауынша жарық дегеніміз – бүкіл кеңістікті толтырып, барлық денелердің ішіне өтетін ерекше гипотетикалық ортада - эфирде таралатын толқындар.
Кеңістікте қиылыса отырып, жарық шоқтарының бір - біріне неге әсер етпейтіндігін корпускулалық теория бойынша түсіндіру қиын болды. Ал толқындық теория мұны оңай түсіндірді.
Маман - дәрігер: Жақыннан көргіштік, алыстан көргіштік және көз туралы түсінік беру.
Көз - «тірі» оптикалық аспап, ол адамға да жан - жануарларға да қоршаған әлемді танып - білуге мүмкіндік береді. Көз алмасының тор қабығын көз нәрсенің кішірейтілген, шын, төңкерілген кескінін береді.
1. қасаң қабық
2. көз бұршағы
3. нұрлы қабық
4. торлы қабық
5. көру жүйкесі
6. Көз алмасының ішкі бөлігі
7. Көз алмасының түбін тұтас жауып тұратын торлама.

2 - оқушы: Инфрақызыл сәулелер туралы түсінік.
Аспаптың сезгіш элементінің қара пластинасын спектрдің қызыл ұшына қарай жылжыта қозғағанда, температураның артқанын байқауға болады. Осы қызу туғызатын электромагниттік толқындар инфрақызыл толқындар деп аталады.
Оларды кез келген қыздырылған дене. тіпті жарықта алынбаса да шығарады.
Мысалы: пәтерді жылытатын батарея инфрақызыл толқындар шығарады,. Сондықтан инфрақызыл толқындарды жылулық толқындар деп атайды. Көз қабылдай алмайтын инфрақызыл толқындардың ұзындықтары қызыл жарықтың толқындарының ұзындығынан артық. Инфрақызыл сәулені лак қосып боялған нәрселерді, көкөністі, жемістерді, т. б кептіру үшін пайдаланады..
Маман - милиционер: Түнде көру құралдарының құрлысы, пайдалы жақтары
Жұмыс істеу жағдайларымен таныстырады
Көзге көріне қоймайтын объектінің инфрақызыл кескінін көрінетін кескінге айналдыратын аспаптар жасайды. Қараңғыда көруге мүмкіндік беретін дүрбілер мен оптикалық көзілдіріктер дайындайды

3 - оқушы: Ультракүлгін сәулелер, оның физикалық қасиеттері
Аспан спектрінің күлгін ұшынан әрі қарай температураның аз да болса жоғарылағанын анықтайды. Толқын ұзындығы күлгін жарықтың толын ұзындығынан қысқа электромагниттік толқындар да бар. Оларды ультракүлгін толқындар деп атайды.
Ультракүлгін сәулелердің химиялық активтілігі жоғары, олар көру бейнесін туғызбайды, көрінбейді. Бірақ ол көз торы мен теріге орасан зор әсер етеді және бүлдіреді. Күнің ультракүлгін сәулелері атмосфераның жоғарғы қабаттарында нашар жұтылады. Сондықтан биік тауда қара шыны көзілдіріксіз және ұзақ уақыт киімсіз қалуға болмайды.

Маман - физиотерапевт: Ультра сәулелі шамның құрлысы, оны қолдану туралы түсінік жасау
Ультракүлгін сәулелердің аз мөлшерінің емдік қасиеті бар. Олар организмнің өсуіне және нығаюына себін тигізеді. Организмдегі тіршілікке қажетті функциялардың жұмысын жақсартады, орталық нерв жүйесіне әсерін тигізеді.
Ауру туғызатын бактерияларды жояды, сондықтан осы мақсаттарда медицинада пайдаланылады.

4 - оқушы: Рентген сәулесі. Оның ашылуы, физикалық табиғаты туралы түсініктер беру.
Бұл сәулелерді 1895ж. Неміс физигі В. Рентген ашқан. ХІХ ғасырдың аяғында аз қысымды газдардағы разряд физиктердің назарын жаппай аударды.
Катод сәулелерін зерттеумен шұғылданған Рентген. Фотопластина қара қағазға ораулы тұрғанына қарамастан. разрядтық түтікшенің маңында ағарып қалғанын байқады.
Барийдің платина ерітіндісіне батырылған қағаз экранға разрядтық түтікшені орағанда, экран ағара бастағанын бақылады. Экранның арасына қолын ұстағанда қолдың нобайының қылаң реңкінде сүйектердің көлеңкелері көрінді.
Ғалым разрядтық түтікшемен жұмыс істегенде бұрын белгісіз күшті, өтімді сәуле пайда болатынын түсіндік. Оны Х - сәулелер деп атады. Соңынан бұл сәулелерге «рентген сәулелері» деген термин қалыптасты
Маман - рентгенолог: Рентген түтігінің құрлысымен таныстырады
Рентген сәулелерінің жұтылу дәрежелері заттың тығыздығына пропорционал.
Сондықтан рентген сәулелерінің жәрдемімен адамның ішкі ағзаларының фотосуретін алуға болады.

5 - оқушысы: Жарықтың кванттық қасиеттерін түсіндіреді.
Физикада болған ең үлкен жаңалықтардың бірі ХХ ғасырдың бас кезіне дәл келді. Жылулық сәуле шығару (қызған дененің электромагниттік толқындар шығаруы) спектрлерінде энергияның үлестірілу заңдылықтарын түсіндіру мүмкін болды. Классикалық теория бойынша зат пен толқын шығару арасында жылулық тепе - теңдік болуы мүмкін емес. Қызған дене өзінің барлық энергиясын электромагниттік толқын шығаруға жұмсайды. Теория мен тәжірибе арасындағы осы қарама - қайшылықтан шығудың жолын іздеу барысында неміс физигі Макс Планк атомдар электромагниттік энергияны жеке үлестермен – кванттармен шығарады деп болжады. Әрбір үлестің энергиясы оны шығару жиілігіне тура пропорционал деді. Планк жасап шығарған жылулық сәуле шығару теориясы экспериментпен тамаша үйлесті. Тәжірибеден белгілі энергияның жиіліктерге қарай үлестірілуі бойынша Планк тұрақтысының мәні анықталды

Маман - фотограф: Суретке түсіру, шығару әдістерімен, фотоаппарат құрлысымен таныстырады.

Ү Ой - тұжырымдау: Іскерлік сайыс:
Бұл бөлімде әрбір фирма өз өнімдеріне шағын жарнамалар жасайды.
1. «Оптика» фирмасы (көзілдірік шығарады)
Қыста да, жазда да көзіңді қорғағың келсе біздің фирма шығарған көзілдіріктерді сатып алуға асығыңыздар! Сәнді, көркіңізге көрік қосатын көзілдіріктерді қаланың оптика дүкендерінен таба аласыздар. Көздеріңіз нұрлы, дендеріңіз сау болсын!
«Инфра» фирмасы (түнде көруге мүмкіншілік туғызатын дүрбі, қару – жарақ шығарады)
«Инфра» фирмасы жасаған дүрбілерді пайдалансаңыз, сіз әлемдегі барлық заттарды, түнде де, күндіз де көре аласыз!
3. «Шам» заводы (электр шамын шығарады)
Түнде күндізгідей жарық беретін, денсаулықты түзеуге көмектесетін шамдарды біздің «Шам» заводы шығарады. Келіңіздер, көріңіздер, алыңыздар!
4. Ақтөбе рентген заводы (рентген аппараттарын шығарады)
Республикаға аты мәлім, « Ақтөбе рентген заводы»шығарған аппараттарды сатып алуға асығыңыздар. Қапы қалмаңыздар!
5.«Кескін» фирмасы (фотоаппарат және фотоқағаз шығарады)
«Кескін» фирмасы сіздердің ең қуанышты кезеңдеріңізді есте қалдыруға көмектеседі! Бізде сапасы жоғары фотоаппарат және фотоқағаздар

ҮІ Конкурсты қорытындылау
Оқушыларға менеджер - басқарушы, «маркетинг» жаңа ұғымы беріледі. Маркетинг - ағылшын сөзі -(маркет)- рынок - базар деген сөзден шыққан.
ҮІІ Оқушыларды бағалау
ҮІІІ Үйге тапсырма: «РАФТ» жазу
21 123
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Рентген сәулелері
Рентген сәулелері
Қазір біздің еліміздегі барлық азаматтар жылына бір рет флюорография өтуге тиіс. Рентген сәулелерінің жәрдемімен адам ауырғанын сезе бастаудан бұрын, ауруды алдын ала анықтап білу үшін, кеуде клеткаларының суреті түсіріледі.
Оқушылардың шығармашылығын дамытуда сайыс сабағының алатын орны
Оқушылардың шығармашылығын дамытуда сайыс сабағының алатын орны
Оқушыларға белгілі бір дәрежеде білім берумен қатар, оқуға, үйренуге деген ықыласын арттыру әр ұстаздың басты міндеті. Сабақ барысында шәкірттердің білімге деген құштарлығын арттыру
Жарықтың толық шағылуы. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі. Денелердің түстері
Жарықтың толық шағылуы. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі. Денелердің түстері
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы М.П.Окороков атындағы жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Колдасова Яхшигул Османовна
Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңдары
Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңдары
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Куванова Гулнар
Жарық дисперсиясы
Жарық дисперсиясы
Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылы Балжан Бөлтірікова атындағы № 4 орта мектептің физика пәні мұғалімі: Керімбаева Ләзат Амангелдіқызы
Фотоэффект құбылысы. Эйнштейн формуласы
Фотоэффект құбылысы. Эйнштейн формуласы
№35 мектеп - гимназиясының физика пәні мұғалімі Баймуханова Гульназым Куанышевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×