Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атом құрылысы. Элементар электр заряды

19 мам 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: Атом құрылысы. Элементар электр заряды.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Атомның және атом ядросының құрылысы, элементар электр заряды, электрон жөнінде түсінік беру; заттың құрылысы жөніндегі білімдерін кеңейту.
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны дамыту. Малекула, атом туралы ғылыми түсініктерін жетілдіру.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Әңгіме, сұрақ - жауап, дискуссия, флипчартпен жұмыс, тесттік құрылғымен жұмыс және кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, таратпа кестелер, флипчарттар, электроскоптар, «activote» құрылғысы, Менделеевтің периодтық кестесі.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: (1 - 2мин)
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (10мин).
А) Әр оқушыға алдын - ала дайындалған физикалық диктант сұрақтары таратылады.
Интерактивті тақтада берілген жауаптары арқылы оқушылар бірін - бірі тексереді, әр сұраққа бір баллдан беріледі.

Физикалық диктант сұрақтары.
1. Электрлену құбылысына әрқашан екі дене қатысады.
2. Зарядтар оң және теріс таңбалармен жазылады.
3. Электрді өткізу қабілетіне қарай заттар өткізгіштер және өткізбейтіндер болып бөлінеді.
4. Үйкеген кезде екі дене әрқашан қарама - қарсы заряд алады.

5. Ежелгі гректер теріге немесе жүнге үйкелгенде өзіне ұсақ нәрселерді тарта алатын янтарды электрон деп атаған.
6. Атгас зарядталған денелер бірінен - бірі тебіледі.
7. Әр аттас зарядталған денелер бір - біріне тартылады.
Б) Енді екі оқушы интерактивті тақтада берілген сөздердің ішінен өткізгіштер мен өткізбейтіндерді бөліп екі бағанға жазып шығады.
В) Үйден жасап келген электроскоптарын қорғау. Екі оқушы шығып біреуі электроскоптың құрылысын айтып берсе, екіншісі онымен тәжірибе жасап және оны түсіндіріп береді.

ІІІ. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру(2 - 3мин).
1. Электр зарядының бөлінгіштігі;
2. Элементар электр заряды, Иоффе - Милликен тәжірибесі;
3. Резерфорд тәжірибесі;
4. Атомның Томсон жасаған моделі;
5. Атомның планетарлық моделі;
6. Атом және атом ядросы туралы түсінік;
7. Оң және теріс ион;

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру(15мин).
Мынадай тәжірибе жасап көрейік, электроскопты зарядтайық, сонан соң оны зарядталмаған тура сондай электроскоппен диэлектриктен жасалған тұтқасы бар металл сыммен жалғастырамыз. Біріншідегі заряд теңдей болып екі электроскопқа бөлінді.
Енді бір электроскоптағы зарядты қолымызды тигізу арқылы жоя отырып, тәжірибені тағы қайталаймыз. Зарядтың тағы да екіге бөлінгенін көреміз. Сонда осы зарядты бөлудің шегі бар ма? Одан әрі бөлінбейтін ең кіші заряд алуға бола ма?
Бұл сұрақтарға жауап беру үшін анағұрлым күрделі тәжірибелер мен сезімтал аспаптар қажет болды. Өйткені электроскоп өте аз зарядты көрсете алмайды. Осындай тәжірибелерді Кеңес физигі А. Ф Иоффе мен американдық ғалым Р. Милликен жүргізді. Олар өз тәжірибелерінде мырыштың ұсақ тозаңдарын электрледі. Тозаңның зарядтарын бірнеше рет өзгертті.

Нәтижесінде заряд әр кезде әртүрлі болып өзгерді, бірақ оның барлық өзгерістері бүтін санға артып немесе кеміп отырды. Бұл нәтижені тек былай түсіндіруге болады. Мырыш тозаңына ең кіші заряд (немесе осындай зарядтардың бүтін саны) қана қосылады немесе одан бөлініп кетеді. Бұл заряд ары қарай бөлінбейді. Оны ең кіші бөлінбейтін заряды бар бөлшек электрон деп атайды. Электр заряды - электронның негізгі қасиеттерінің бірі. Бұл зарядты электроннан айырып алуға болмайды. Электр заряды физикалық шама, оны q әрпімен белгілейді. Оның өлшем бірлігі француз физигі Шарль Кулонның құрметіне (Кл) деп алынған. Электрон, сонымен ең кішкентай заряды бар бөлшек.

Атом құрылысы 1911 жылы ағылшын ғалымы Э. Резерфорд басқарған тәжiрибелер нәтижесiнде ашылған. Тәжiрибе мақсаты, жылдам бөлшектер жолында заттың атомдары орналасқан жағдайда өтетiн процестердi анықтау болып табылады. Бұған дейiн бiрнеше жыл бұрын радиоактивтiк құбылысы ашылған болатын. Кейбiр заттардың (қазiргi кезде радиоактивтi деп аталатын уран, радий және т. б.) көрiнбейтiн сәулелер шығаратындығы анықталды. Бұл сәулелердi зерттеу олардың бiр - бiрiнен электр заряды бойынша айыруға болатын үш түрлi құрамнан тұратынын көрсеттi. Радиоактивтi сәулелердi бiр - бiрiнен ажырата белгiлеу үшiн грек алфавитiнiң бастапқы α (альфа), β (бета) және γ (гамма) – үш әрiпiн қолдану ұсынылды. Резерфорд альфа - бөлшектерiн атомдарды “атқылауға” болатын “зеңбiрек оқтары” ретiнде қолдануды ұсынды. Ол осы бөлшектердiң жiңiшке шоғымен зерттелетiн заттан жасалған жұқа пластинаны (фольганы) атқылау кезiнде, альфа бөлшектерiнiң көпшiлiгi фольгадан еш кедергiсiз өтетiндiгiн, ал аз ғана бөлiгi атом iшiндегi бiр нәрсемен соқтығысып керi қайтатындығын анықтады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 695
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күн - күндізгі жұлдыз. Күннің құрылысы және негізгі сипаттамалары. Күн - Жер байланысы.
Күн - күндізгі жұлдыз. Күннің құрылысы және негізгі сипаттамалары. Күн - Жер байланысы.
Күннің құрылысы және негізгі сипаттамаларымен таныстырып солар туралы түсінік қалыптастыру.
Атомның құрылысы. Резерфорд тәжірибесі.
Атомның құрылысы. Резерфорд тәжірибесі.
Атомның құрылысы туралы ғалымдар ұсыныстарының дұрысын таңдап алу, бөлшектердің орналасуы туралы нақты түсінік қалыптастыру. Кез - келген элементтің құрылысын кестені пайдаланып анықтау.
Атом құрамы мен құрылысы. Изотоптар
Атом құрамы мен құрылысы. Изотоптар
1 - сабақ: Атом құрамы мен құрылысы 2 - сабақ: Изотоптар
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Оқушылардың периодтық заң, атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық жүйесі, атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық жүйесіне сипаттама беру, атомдағы, изотоптардағы электрондардың таралып орналасуы туралы білімді
Атомдық физика
Атомдық физика
Қаралатын сұрақтар. 1. Атом құрылысы 2. Радиоактивтілік - сәулелену
Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, периодтық жүйенің құрылысы
Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, периодтық жүйенің құрылысы
Астана қаласы ЖШС « Медициналық – техникалық колледж» Биология химия пәндерінің оқытушысы Сатпаева Мағрипа Мағзұмқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×