Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атомның құрылысы. Резерфорд тәжірибесі.

13 желтоқсан 2018, Бейсенбі
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы: Атомның құрылысы. Резерфорд тәжірибесі.
Мақсаты: Атомның құрылысы туралы ғалымдар ұсыныстарының дұрысын таңдап алу, бөлшектердің орналасуы туралы нақты түсінік қалыптастыру. Кез - келген элементтің құрылысын кестені пайдаланып анықтау.
Көрнекілігі. Видео көрсетілім, Менделеев кестесі, тест үлгісі.
Жоспары. 1. Атомның құрылысы туралы Томсон моделі - оқушы
Резерфорд тәжірибесі - оқушы
2. Атом ядросының өлшемін анықтау - оқушы
3. Атомның планетарлық моделі – мұғалім
4. Сабақты бекіту – тест
5. Үй тапсырмасын сұрау
6. Қосымша мәліметтер беру – а) кестені пайдалану
б ) Резерфорд еңбегімен танысу.
7. Қорытынды.

Барысы. Ағылшын физигі Эрнест Резерфорд - бөлшектердің заттан шашырауын зерттеді де, 1911 жылы атом ядросы - массивті түзілім, ол өлшемдері жағынан атомнан ондаған мың есе кіші екенін айтты.
Томсон моделі. Атомның құрылысы туралы дұрыс пікірге ғалымдар бірден келе қойған жоқ. Атомның алғашқы моделін ұсынған, электронды ашқан - атақты ағылшын физигі Дж. Дж. Томсон болды. Оның ойынша, атомның оң заряды атомның көлемін түгелдей жайлайды және тұрақты тығыздықпен тарайды. Ең қарапайым атом - сутегі атомы, радиусы 10 - 8см - ге жуық оң зарядталған шар, оның ішінде электрон орналасады. Атом жүзім салып пісірген нан сияқты, ондағы жүзімдер электрондар ролін атқарады.
Бірақ Томсон ұсынған бұл модел оң зарядтың таралуы жөніндегі тәжірибе негіздеріне қайшы келді. Тұңғыш рет ағылшын физигі Э. Резерфорд жасаған тәжірибенің атом құрылысын анықтауда маңызы зор болды.

Резерфорд тәжірибесі. Электрондардың массасы атомдардың массасынан бірнеше мың есе аз. Атом түгелдей алғанда бейтарап, сондықтан атомның негізгі массасы оның оң зарядталған бөлігіне келеді. Атомның ішіндегі оң зарядтың таралуын зерттеу үшін 1906 жылы Резерфорд атомды  - бөлшекпен атқылауды ұсынды. Оның массасы электронның массасынан шамамен 8000 есе көп, ал оның оң заряды модулі бойынша екі еселенген электрон зарядына тең. Атомның оң зарядталған бөлігі ғана  - бөлшектерді шашырата алады. Радиактивті радий препаратын қорғасын цилиндрдің ішіне салып одан - бөлшектің шығып жолындағы алтын фолгадан өтіп экранға түскенін микроскоп арқылы қараймыз. Экранға түскен бөлшек жарықтың жыпылықтауларын туғызады. Осы прибор толығымен вакуумға орналастырылады. Күтпеген жерден  - бөлшек 900 - тан артық бұрышқа ауытқығаны байқалды.

Атом ядросының өлшемдерін анықтау. Атомның оң заряды мен массасы кеңістіктің өте кішкентай жеріне шоғырланған болса ғана  - бөлшектердің кері тебілуі болатынын Резерфорд түсінген еді. Сөйтіп, Резерфорд атомның түгелдей дерлік массасы мен барлық оң заряды шоғырланған кішкентай дене - атом ядросы идеясына келді. Ядроның өлшемі - 10 - 12 - 10 - 13см шамасында екен. Ал атомның өзінің өлшемі 10 - 8см, яғни ядроның өлшемінен10 - 100 мың есе үлкен. Электронның зарядын бірлік өлшем етіп алсақ, онда ядроның заряды осы химиялық элементтің реттік нөміріне тең.
Атомның планетарлық моделі. Мыс. Кестедегі 11Na22 - натрий элементінің реттік номері 11 - ге тең, яғни атомының құрамы 11 - электроннан, 11 - протоннан тұрады. т. с. с.

Бекіту.
1. Атомның құрылысы туралы пікір ұсынған ғалымдар.
А. Бор. Резерфорд. В Томсон. Резерфорд. С. Ньютон. Резерфорд. Д. Максвелл. Резерфорд.
2. Атом құрылысын тәжірибе жүзінде дәлелдеп дұрыстығын ұсынған.
А. Томсон. В. Ньютон. С. Резерфорд. Д. Максвелл.
3. Резерфорд тәжірибесінде қолданылған аспаптар.
А. Цилиндр, препарат, алтын фольга, экран, микроскоп.
В. Цилиндр, экран, микроскоп.
С. Алтын фольга, препорат, экран.
Д. Экран, микроскоп, фольга.
4. Атом құрамындағы пратондар саны элекртондар санына(нан)
А. артық. В. кем. С. тең. Д. дұрысы жоқ.
5. 17Сl35 - хлор элементінің протондары мен электрондарын анықтаңдар.
А. Р = 17 е =17 В. Р = 17 е = 35 С. Р= 35 е = 17 Д. Р = 35 е = 35
6. Ядроның диаметрі қандай.
А. Д (10 - 10 10 - 11) см
В. Д (10 - 11 10 - 12) см
С. Д (10 - 12 - 10 - 13) см
Д. Д (10 - 13 - 10 - 14 ) см
7. Атом ядросындағы орналасқан бөлшек.
А. протон, электрон.
В. электрон
С. протон
Д. дұрысы жоқ

Қосымша тапсырма:
1) 2 - 3 оқушыға Кестедегі кез - келген элементтің Р, е - санын анықтап беруді тапсырамын.
2) Резерфорд – еңбегімен таныстыру.

Үйге тапсырма: § 72
Қорытынды: Оқушыларды бағалау.
Пән мұғалімі: С. С. Киясова
Атомның құрылысы. Резерфорд тәжірибесі. жүктеу
Атомның құрылысы. Резерфорд тәжірибесі. слайд жүктеу
11 863
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Резерфорд тәжірибесі. Атомның моделі
Резерфорд тәжірибесі. Атомның моделі
Резерфорд тәжірибесін және атом ядросының құрамына кіретін бөлшектердің физикалық мағынасын түсінеді Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады
Атомның құрылысы
Атомның құрылысы
Атомның құрылысын білу, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, пәнге қызығушылығын арттыру, ой - өрісін кеңейту
Атомдық физика
Атомдық физика
Қаралатын сұрақтар. 1. Атом құрылысы 2. Радиоактивтілік - сәулелену
Резерфорд тәжірибесі. Атомның құрамы. Атомның моделі
Резерфорд тәжірибесі. Атомның құрамы. Атомның моделі
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектебінің Физика пәні мұғалімі Отегенов Бахтияр Жуманазарович
Атом құрылысы. Элементар электр заряды
Атом құрылысы. Элементар электр заряды
Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Мамекбаева Жұмакүл Әбілханқызы
Резерфорд тәжірибесі. Атомның құрамы. Атомның моделі
Резерфорд тәжірибесі. Атомның құрамы. Атомның моделі
Жезқазған қаласы, №10 ОМ физика пәні мұғалімі Әлменова Гүлназ Айтуарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×