Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бақылау жұмысы «Салыстырмалы теория элементтері»

19 қаңтар 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
Бақылау жұмысы «Салыстырмалы теория элементтері»
Салыстырмалы теория. Эйнштейн постулаттары. Жылдамдықтарды қосу заңы. Ұзындық пен уақыттың салыстырмалылығы.

1 нұсқа
1. Релятивтік физикадағы салыстырмалы теорияның І постулаты классикалық механика физикасындағы салыстырмалы принциптен айырмашылығы неде?
2. Жердегі бақылаушы көзқарасымен ғарыш кемесіндегі уақыт 2 есе кемісе, Жермен салыстырғандағы инерциялық санақ жүйесіндегі ғарыш кемесі қандай жылдамдықпен қозғалар еді?
3. Қозғалмай тұрған бақылаушымен салыстырғандағы екі ғарыш кемесі бір - біріне қарама - қарсы бағытта υ1=0, 6•c және υ2=0, 9•c жылдамдықпен қозғалды. Жылдамдықтарды қосудың классикалық механика және релятивтік заңы бойынша ғарыш кемелерінің бір - біріне жақындау жылдамдығын анықтаңдар.

2 нұсқа
1. Классикалық механика және релятивтік физика бойынша денелердің өзара әрекеттесу жылдамдықтарында қандай ерекшеліктер бар?
2. Қозғалыстағы дененің ұзындығы 10 %- ға қысқаратын болса, дене қандай жылдамдықпен қозғалады?
3. Қозғалмай тұрған бақылаушымен салыстырғандағы екі ғарыш кемесі бір түзудің бойымен, бір бағытта υ1=0, 5•c және υ2=0, 8•c жылдамдықпен қозғалады. Жылдамдықтарды қосудың классикалық механика және релятивтік заңы бойынша екінші ғарыш кемесінің бірінші ғарыш кемесінен алыстау жылдамдығын анықтаңдар.

3 нұсқа
1. Инерциалды санақ жүйесі дегеніміз не?
2. Жермен салыстырғанда υ=0, 8•c жылдамдықпен қозғалған ғарыш кемесінде 21 жыл өтсе, Жерде қанша жыл өтер еді?
3. К' санақ жүйесімен салыстырғанда А дене υ1=0, 2•c жылдамдықпен, ал К қозғалмайтын санақ жүйесімен салыстырғанда υ2=0, 8•c жылдамдықпен қозғалады. К санақ жүйесімен салыстырғандағы К' санақ жүйесі қандай жылдамдықпен қозғалады?

4 нұсқа
1. Дененің тыныштықтағы ұзындығы деген не? Ұзындықтың қысқаруының физикалық мағынасы неде?
2. Жердегі бақылаушы үшін ғарыш кемесінің қозғалыс бағытындағы сызықтық өлшемі 4 есе қысқарды. Бақылаушының сағатымен салыстырғанда кемедегі сағат неше есе баяу жүреді?
3. К санақ жүйесімен салыстырғанда А дене υ=2•108 м/с жылдамдықпен, ал К санақ жүйесі М санақ жүйесімен салыстырғанда υ=- 4•108 м/с жылдамдықпен қозғалады. М санақ жүйесімен салыстырғандағы К санақ жүйесі және А денесі бірқалыпты және түзу сызықты қозғалса, М қозғалмайтын санақ жүйесімен байланысқан бақылаушымен салыстырғандағы А денесінің жылдамдығын анықтаңдар.

5 нұсқа
1. Меншікті уақыт жүйесі деген не? Уақыттың қысқаруының физикалық мағынасы неде?
2. Ғарыш кемесінің меншікті ұзындығы 15 м. Ғарыш кемесіндегі бақылаушы және υ=1, 8•108 м/с жылдамдықпен қозғалған кемені бақылаушы үшін ғарыш кемесінің ұзындығын анықтаңдар.
3. К' санақ жүйесімен салыстырғанда А дене υ1=0, 5•c жылдамдықпен, ал К' санақ жүйесі К санақ жүйесімен салыстырғанда υ2=0, 8•c жылдамдықпен қозғалады. А денесі мен К' санақ жүйесінің жылдамдықтары бағыттас деп есептесек, К санақ жүйесімен салыстырғандағы А денесінің жылдамдығын анықтаңдар.

6 нұсқа
1. Бақылаушы орналасқан К санақ жүйесі А және В жарық көздерін қосатын түзу бойымен υ жылдамдықпен қозғалады. Қозғалмайтын А және В жарық көздерінен таралған фотондар қандай жылдамдықпен қозғалады?
2. Қозғалыс бағытындағы дененің меншікті ұзындығы 5 есе азайса, дене қандай жылдамдықпен қозғалар еді?
3. Қозғалмай тұрған бақылаушымен салыстырғандағы екі дене бір - біріне қарама - қарсы, бірқалыпты және түзу сызықты бағытта υ1=0, 8•c және υ2=0, 5•c жылдамдықпен қозғалады. Жылдамдықтарды қосудың классикалық механика және релятивті заңы бойынша денелердің бір - бірінен алыстау жылдамдығын анықтаңдар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 593
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Физикадан күнделікті сабақ жоспарлар
Физикадан күнделікті сабақ жоспарлар
Физикадан күнделікті сабақ жоспарлар (Физика 9 сынып)
Физика және ғарыш
Физика және ғарыш
Физика сабағын ғарыш әлемінің игерілгеніне 50 жыл толуына байланыстыра отырып тақырыптарды қайталау. Ғалам құпияларын оқып білуге шақыру, өз елін, жерін сүюге қадірлеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сақталу заңдары тарауын қайталау
Сақталу заңдары тарауын қайталау
Жезқазған қаласы №10 ОМ физика пәні мұғалімі Әлменова Гүлназ Айтуарқызы
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Сагынова Ибаш Тұрғанбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×