Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Физика – біздің болашағымыз!

31 қазан 2015, Сенбі
Категориясы: Физика
Сабақ тақырыбы: «Физика – біздің болашағымыз!»
Құзыреттікке жеткізетін сабақтың мақсат - міндеттері: Әрбір оқушының физика пәніне деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту, өз бетінше және топпен жұмыс жасай білуге үйрету. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, зеректікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: сайыс сабақ;
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: АКТ;
І. Ұйымдастыру бөлімі: а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгендеу;
б) екі топқа бөлу;
в) әділқазы алқасын сайлау;

Сайыс кезеңдері: І. Таныстыру
Әр топтан топбасшысы шығып эмблеманы түсіндіреді, сол бойынша топ аты анықталады
II.«Білім минуты» сұрақ - жауап сайысы;
ІІІ. «Формулалар елінде» физикалық формулалар жазу;
ІV. «Кім жылдам?!» физикалық жұмбақтар шешу;
V. «Білім құмарлар» есеп шығару.
VІ. «Білгенге маржан» сөзжұмбақ шешу;
VІІ. «Адасқан әріптер»
VІІІ. Қорытынды. Марапаттау.

Сабақ барысы:
Ойла - ойла тереңнен,
Жақсы емес көп бөгелген.
Заңдылықты білмесең,
Өте алмайсың көпірден.

ІІ. «Білім минуты» сұрақ - жауап сайысы
I топ
1. Алғаш рет «электр тогы» түсінігін енгізген?(Ампер)
2. Тізбектегі кедергіні өлшеуге арналған құрал?(реостат)
3. ρ әрпімен өрнектелетін шама? (меншікті кедергі)
4. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен жалғанса? (тізбектей жалғау)
5. Кернеуді өлшеуге арналған құрылғы? (вольтметр)

II топ
1. Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын кім ашты?(Г. Ом);
2. Ток күшін өлшеуге арналған құрал? (амперметр)
3. Тізбектің барлық бөлігіндегі кернеу бірдей, ток күші әрбір ток күшінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіш кедергісінен кем болса (параллель жалғау)
4. Тәжірибе жүзінде токтың жылулық әрекетін зерттеген? (Джоуль мен Ленц)
5. Тарихта бірінші рет ток көзін ойлап тапқан? (Вольт)
Сынның да сыны бар ғой сыналатын,
Әр түрлі білім сырын ұға алатын.
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
Сыналып әр секундпен жүре алатын.

ІІІ. «Формулалар елінде» физикалық формулалар жазу;

ІV. «Кім жылдам?!» физикалық жұмбақтар шешу;
Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де, жаяу да,
Саралайсың, таңдайсың. ( Жол)

Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға ол келеді. (күш)

Көп болса, асықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (уақыт)
Барлық денелерге тән,
Онсыз болмайды сән.
Әр затта болады әр түрлі,
Өлшеуге болады дәл.( масса)

V. «Білім құмарлар» есеп шығару.
I топ
1. Тізбекке 2 минут қосылған, ток күші 12 мА гальванометр катушкасына қанша мөлшерде электр заряды өтеді?
2. 1, 2кВ кернеудегі желіге қосылған телевизор секциясының біреуіндегі ток күші 50 мА. Осы секцияның кедергісін есепте.
II топ
1. Кедергісі 20 Ом өткізгіштегі ток күші 0, 4 А Осы өткізгіштің ұштарындағы кернеуді табу керек.
2. Ток күші 5 А электр плиткасы 30 минут уақытта 1080 кДж энергия шығындайды. Плитканың кедергісін табу керек.

VІ. «Білгенге маржан» сөзжұмбақ шешу;
Адам бол білімі асқан, өнері асқан,
Өзіңе сүйсіндірер барлық жанды.
Сүйкімді, ақылды бол, иман жүзді,
Ғылымды үйрене біл, небір түрлі

VІІ. «Адасқан әріптер»
2030 - дың біз барысымыз,
Болашаққа бастайды әр ісіміз.
Егемен елімізді көркейтетін,
Білім шыңына шығу - парызымыз.

VІІІ. Қорытынды. Марапаттау.
Кеш соңында жеңіске жеткен марапатталады. Мектеп әкімшілігіне сөз беріледі.
3 635
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Физика есептері мен шешу жолдары
Физика есептері мен шешу жолдары
Физика есептерін шығарудың негізгі талаптары, оларды шығару жолдары.
Дифференциалдауға есептер шығару.
Дифференциалдауға есептер шығару.
Оқушылардың туынды, туындыны есептеу ережелері, күрделі және тригонометриялық функциялардың туындысы жөнінде алған білімдерін тереңдету.
Функцияның туындысы тақырыбына есептер шығару
Функцияның туындысы тақырыбына есептер шығару
Туынды тақырыбы туралы алған білімдерін, туындыны есептеу формулаларын, туындының физикалық және геометриялық мағынасы, жанаманың теңдеуін еске түсіру, есеп шығару барысында нақтылау
Қысым қызықтары
Қысым қызықтары
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Муканов Жумабек Нагимович
Физикада кім жүйрік
Физикада кім жүйрік
БҚО, Казталов ауданы, Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің физика - информатика пәнінің мұғалімі Хамитова Лунара Максотовна
Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Өскемен қаласы, "Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-гимназиясы"КММ математика пәні мұғалімі Гульназира Калимолдина
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×