Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балқу температурасы. Меншiктi балқу жылуы

13 ақпан 2016, Сенбі
Категориясы: Физика
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
№15 орта мектептің физика пәні мұғалімі
Конысбаева Меруерт Сапарбаевна

Сабақтың тақырыбы: §14. Балқу температурасы. Меншiктi балқу жылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруінің маңызын түсіндіру
Дамытушылық: Оқушыларға қатты денелердің балқу температурасы жөнінде түсінік бере отырып, ойлау қабілеттерін сыни тұрғыдан дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғаттағы қатты денелердің маңызын ескере отырып, практика барысында қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, есептер шығару.
Көрнекілігі: плакат, слайд, карточкалар
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сыныпты жаңа сабақ өтуге даярлау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасына байланысты сұрақтар қою арқылы.
1. Сендер заттың қандай агрегаттық күйлерін білесіңдер? Мысалдар келтіріңдер.
2. Қатты денелердің сұйықтықтардан негізгі айырмашылығы неде? Газдан ше?
3. Қандай жағдайда дене балқиды? Қатаяды?
4. Заттың балқу кезіндегі температурасын не деп атаймыз?
5. Суық аймақтарда сыртқы температураны қандай термометрмен өлшейді?
6. с - меншікті жылу сыйымдылықтың өлшем бірлігі қандай?
7. Қыста орталық жылу беру жүйесін істен шыққанда, жылу батерияларындағы суды ағызып тастайды. Оны қандай мақсатпен жасайды?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Балқу — қатты кристалдық заттың сұйық күйге ауысуы (І текті фазалық ауысу). Таза заттар балқуының басты сипаттамалары — балқу температурасы және балқу жылуы. Белгілі бір сыртқы қысымда қатты кристалдық заттың сұйық күйге ауысу температурасы балқу температурасы деп, ал тұрақты қысымда қатты кристалдық затты толықтай сұйық күйге ауыстыруға қажет жылу мөлшері балқу жылуы деп аталады. Балқу температурасы сыртқы қысымға тәуелді.
Қалыпты атмосфералық қысымдағы (1013, 25 гПа немесе 760 мм сын. бағ.) Балқу температурасын балқу нүктесі деп атайды. Қыздыру кезінде қатты кристалдық заттың температурасы, әуелі балқу температурасына дейін көтеріледі, сосын балқу басталып, зат толық балқып біткенге дейін температура өзгеріссіз қалады, одан әрі температура тағы да жоғарылайды. Заттың салқындауы кезінде процесс керісінше өтеді (заттың температурасы балқу температурасына дейін төмендейді, зат толық қатайып болғанша бұл температура өзгеріссіз қалады, одан әрі қатты күйдегі заттың температурасы қайтадан төмендей бастайды). Балқу кезінде көпшілік заттың көлемі артса, кейбіреуінің (су, висмут, сүрме, т. б.) көлемі кішірейеді. Балқығанда заттың көлемі ұлғайса, қысым артқанда оның балқу температурасы жоғарылайды.

Балқығанда көлемі кішірейетін заттың балқу температурасы қысым артқанда төмендейді. Таза металдардың ішінде вольфрамның балқу температурасы ең жоғары (3410°С), алсынаптың балқу температурасы ең төмен (- 38, 9°С). Ерекше қиын балқитын қосылыстарға: TіN (3200°C), HfN (3580°C), TaC (4070°C), HfC (4160°C), т. б. жатады. Аморф қатты заттардың балқу нүктесі болмайды. Олар температура жоғарылаған сайын жұмсара отырып, бірте - бірте сұйық күйге өтеді. Балқу процесі кезінде заттардың физикалық қасиеттері өзгереді (энтропияның жоғарылауы нәтижесінде кристалдық құрылым бұзылады, жылу сыйымдылығы артады, т. б.).

Балқу процесі табиғатта (жер бетіндегі қар мен мұздың еруі, Жер қойнауындағы минералдардың балқуы, т. б.), сондай - ақ, ғылым мен техникада (таза металдар мен қорытпалар алу, т. б.) маңызды рөл атқарады.

- Кристалл денелердің балқу және қатаю графигін талдау.(39 - сурет)
- Кристалл денелердің балку және қатаю температураларының бір мәнді болуы.
- Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі.
- Меншікті балқу жылуы, физикалық мағынасы, өлшем бірлігі (4 - кестемен жұмыс).
- Заттың сұйық күйінде(балқу темпсратурасында) ішкі знергиясының жоғары болуы.
- Қатаю (кристалдану) кезінде балқу үшін қандай энергия жүмсалса, сондай энергияның белініп шығуы.

Толық нұсқасын жүктеу
24 299
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Физика пәнінен орта мерзімдік жоспар
Физика пәнінен орта мерзімдік жоспар
Физика пәнінен орта мерзімдік жоспар
Балқу және кристалдану. Сублимация
Балқу және кристалдану. Сублимация
Оқушылардың өздерінің білімдерін өздеріне талдатып, өз - бетінше білімді қалыптастыруды жүзеге асыру шараларын ұйымдастыру. Жеке тұлғаны дамыту мақсатында қабілеттерін дамыту шараларын жасау.
Жылу құбылыстары тарауын қайталау
Жылу құбылыстары тарауын қайталау
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Қожекеева Нағима Мауфақызы
Заттың агрегаттық күйлері
Заттың агрегаттық күйлері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы, №98 орта мектептің физика пәні мұғалімі: Тілеуберген Аманбол
Заттың агрегаттық күйлері Қатты заттардың балқуы және қатаюы. Меншікті балқу жылуы
Заттың агрегаттық күйлері Қатты заттардың балқуы және қатаюы. Меншікті балқу жылуы
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласының М. О. Әуезов атындағы мектепте физика пәні мұғалімі Тулегеновна Казипа Абдираманова
Денені электрлеу
Денені электрлеу
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы, Қабанбай ауылдық Жарбұлақ орта мектебінің физика пәні мұғалімі Қалиева Күлимаш Қасенқызы 1.Кристалл дененің қасиеттері? Белгілі балқу температурасы бар, анизотропты, бөлшектерінің орналасуында реттілік бар.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×