Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Архимед күші. Денелердің жүзу шартары

19 мам 2016, Бейсенбі
Категориясы: Физика
Тасөткел негізгі мектебі
Физика пәні мұғалімі С. К. Бектемисова

Сабақ тақырыбы: Архимед күші. Денелердің жүзу шартары
Сабақтың мақсатын анықтау сұрақтары:
1. Күштің қандай түрлерін білесіңдер?
2. Дененің көлемі қандай әріппен белгіленеді, өлшем бірлігін атандар?
3. Су бетінде жүзетін денелерді білесіңдер ме?
4. Суға батып кететін қандай денелер бар?
5. Суда жүзетін денелер бар ма?

Сабақтың мақсаты:
Архимед күшінің сұйық тығыздығына және дене көлеміне тәуелдігін түсіну.
Денелердің жүзу шарттарының анықтамасын білу.
Күтілетін нәтиже:
Архимед күшінің сұйық тығыздығына және дене көлеміне тәуелдігін біледі. Есеп шығаруда пайдаланады. Денелердің жүзу шарттарының анықтамасын біледі.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (Оқушылардың көңіл күйлерін анықтау)
2. Топқа бөлу
3. «Кім көп біледі?» ( үй жұмысын тексеру)
4. Жаңа білім туралы түсінік
5. Эксперимент әлемінде
6. Сапалы есептер
7. Физикалық диктант
8. Кері байланыс

І. «Кім көп біледі?»
1. Шаңғысыз жүрген адам неліктен қарға омбылайды?
2. Қысым қалай анықталады?
3. Паскаль заңы қалай айтылады?
4. Екі ыдыс берілген? Оның біреуіне су, екіншісіне керосин құйылған. Сұйықтардың деңгейі бірдей. Ыдыс табанына түсетін қысым бірдей ме?
5. Барометр не үшін қолданылады?
6. Торричелли тәжірибесінің мәнісі неде?
7. Жерді орап тұрған ауа қабаты?
8. Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі?
9. Қатынас ыдыстарға қандай мысалдар келтіре аласыңдар?
10. Қандай жағдайда дене салмақсыздық күйде болады?

ІІ. Жаңа тақырып: мәтінмен жұмыс
І топ Архимед күші ( постер жасап, қорғау)
ІІ топ Денелердің жүзу шарттары (постер жасап, қорғау)

ІІІ «Эксперимент әлемінде»
1 - топ тапсырмалары:
1. Жұмыртқа, ыдыста су, тұз берілген. Архимед күшінің сұйықтың тығыздығына байланысты екендігін дәлелде.
2. Суға қант кесегін салу.
2 - топ тапсырмалары:
1. Су құйылған ыдыстың түбінде картоп жатыр. Егер ыдысқа ас тұзының күшті ерітіндісін үстеп құйса, картоптың орны өзгере ме? Неліктен? Өз қорытындыларыңды тәжірибе жүзінде тексеріңдер.
2. Суға тығынды салу.

ІҮ. Сапалы есептер
1. Көлемі 1 м³ денені суға батырсақ қанша кері итеруші күш әсер етеді? Судың тығыздығы 1000 кг/м³.
2. 2. Көлемі 40 м³керосиннің массасы неге тең? Керосиннің тығыздығы 800 кг/м ³.
3. 3. Көлемі 0, 8м ³ дене суға батырылғанда оған қандай ығыстырушы күш әрекет етеді?
Ү. Физикалық диктант
1. Сұйыққа (газға) батырылған денелерге кері _____________ әсер етеді.
2. Бұл күш жоғары бағытталған, оны _______________ немесе ____________ деп атайды.
3. Архимед күші дененің ауадағы және сұйықтағы ______________ айырмасына тең.
4. Архимед күші дененің ығыстырып шығарған ____________________
5. Архимед заңы мына түрде жазылады: ____________
6. Архимед заңы арқылы әуеде _______, суда кемелер __________, сүңгуір қайықтар.

ҮІ. Кері байланыс
Не білемін?
Не білдім?
Не білгім келеді?
ҮІІ. Үй жұмысы: Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары (оқу)

Толық нұсқасын жүктеу
3 365
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Су ішінде денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтауды үйрете отырып білім және білік дағдыларын қалыптастыру.
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттарының күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Денелердің жүзу шарттары
Денелердің жүзу шарттары
Қарағанды қаласы, №68 ЖББ ОМ физика пәнінің мұғалімі Біләл Дина Төлеуханқызы
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Павлодар қаласы, Ертіс ауданы, Қызылжар жалпы орта білім беру мектебінің физика және математика пәні мұғалімі Тәшібаева Кәмшат Еркінжасқызы
Денелердің жүзу шарттары
Денелердің жүзу шарттары
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Құдықағаш орта мектебінің физика және математика пәні мұғалімі Садвакасова Райхан Даулетханқызы
Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер
Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер
Семей қаласы № 8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім мен тәрбие беру мектеп кешені Елеусізова Жания
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×