Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Денелердің жүзу шарттары

16 сәуір 2015, Бейсенбі
Категориясы: Физика
Қарағанды қаласы,
№68 ЖББ ОМ физика пәнінің мұғалімі
Біләл ДинаТөлеуханқызы

Физика. 7 сынып.
Тақырыбы: Денелердің жүзу шарттары
Сабақтың типі: жаңа сабақты игеру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Денелердің жүзу шарттары дененің және сұйықтың тығыздығына байланысты болатынын түсіндіру.
Дамытушылық: Тәжірибе үстінде топтың жұмыс дағдыларын дамыту және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелілік: топтың жұмыс барысында, бірін - бірі бағалай білуге, көмектесе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық, саяхат сабақ
Көрнекілігі: Теңіз жолы картасы, Архимед портреті, суы бар ыдыс, динамометрлер, денелер жиынтығы, мұз, тығын, метал кесегі, карточкалар, топ жазылған плакат, бағалау парағы, интерактивті тақта.

Сабақ кезеңдері
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақты меңгеру
4. Жаңа сабақты бекіту
5. Сабақты қорытындылау бағалау
6. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше, бізді Архимед Герон патшалығына қонаққа шақырып жатыр. Ол үшін біз кемемен теңізге шығып жүзіп баруымыз керек. Мен сендерге 3 кеме дайындап қойдым. Кемеге 3 топ «жүзу», «бату», «қалқып шығу» топтары арқылы жүзіп шығамыз.
- Кемені басқару үшін бізге кім керек?
- Кеме капитанын сайлап алайық.
- Ендеше әр топ өз аттарын қалай таныстырар едіңдер?
1 топ: «Жүзу»
Теңізге, суға түскен соң,
Адам деген жүзген дұрыс
Жүзіп - жүзіп аралап,
Сұйық ішін кезген дұрыс.
2 – топ: «Бату»
Теңізге, суға түскен соң,
Адам деген батқан дұрыс
Гауһар тасты аралап,
Рахаттанып жатқан дұрыс.
3 - топ: «Қалқып шығу»
Көкті де, суды да көру үшін
Су бетінде қалқыған дұрыс
Сұйық бетінде көңілденіп,
Шаттанып ән салған дұрыс.
- Кемеге теңізшілерді қабылдау үшін «Бағалау парағына» менің сұрағыма жауап беру арқылы тіркелейік.
- Назарларың менің қолымда болсын, кеттік

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1 - тапсырма: Ауызша сұрақ. Орнында отыру матрицасы арқылы. БжС (биоақпарат және сигернетика) технологиясы бойынша
Сұрақ - жауап.
1) Күш дегеніміз не?
2) Күш немен сипатталады?
3) Гук заңы қалай тұжырымдалады?
4) Гук заңы қандай деформация кезінде орындалады?
5) Деформацияның неше түрі бар?
6) Пластикалық деформация қандай деформация?
7) Серпімділік ше?
8) Қандай күшті тең әрекетті күш дейміз?
9) Ауырлық күші дегеніміз?
10) Дененің салмағы дегеніміз не?
11) Үйкеліс күші дегеніміз не?
12) Үйкелістің неше түрі бар?
13) Үйкелісті қалай азайтуға болады?
14) Қысым деп нені айтамыз?
15) Қысымның өлшем бірлігі?
16) Паскал заңы қалай айтылады?
17) Газдың қысымы қалай пайда болады?
18) Архимед күші қандай шамаларға тәуелді?
- Жақсы, барлығымыз да кемеге отыруға жолдама алдық. ары қарай бағалау парағын кеме капитандарына табыстаймын, мен жалғыз өзім 3 кемеге бір мезгілде бірдей қарай алмаймын ғой. Іске сәт орнымыздан қозғалайық?—
- Ол үшін Сұйыққа батырылған дененің сұйықтан қандай күшпен кері итерілетініне тәжірибе жасайық. Тақтадағы тапсырманы орындайық.

2 - тапсырма: Эксперимент тәжірибе бойынша:(іскерлік ойын технологиясы)
Кемедегі теңізшілер өз қызметтерін атқарады
1) эксперимент жасаушы
2) жазушы
3) бақылаушы
4) баяндаушы
1. Берілген дененің ауадағы салмағын тап: Р1
2. Осы дененің судағы салмағын тап: Р2
3. Ығыстырушы күштің шамасын есепте?
4. Өлшемнің нәтижесін салыстыруда қорытынды жаса:
Магнит тақтаға жауаптарын іліп кетеді
Мұғалім: - Дененің судағы салмағымен ауадағы салмағының айырмашылығы қандай?
Оқушы: (дененің судағы салмағы дененің ауадағы салмағынан кіші Р2< Р1)
- Неліктен судағы дененің салмағы ауадағы дененің салмағынан кіші?
- (сұйық ішіндегі денеге тік жоғары бағытталған Архимед күші әсер етеді. Ол денеге түскен ауырлық күшіне қарама - қарсы бағытталған)
- Архимед күшін кім айтады?
- (Сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді.)
- Дұрыс айтады, яғни ығыстырушы күш немесе Архимед күші дейміз неге?
Тұңғыш рет осы күштің бар екенін көрсеткен және оның мәнін есептеген ертедегі грек ғалымы Архимедтің құрметіне аталады.
- Ендеше осы күштің шамасын есептейік. Қалай есептейміз?
- Ауадағы дене салмағынан, судағы дене салмағын алғанда Архимед күші шығады. FА =Р1 – Р2
Капитан теңізшілердің білімін бағалайды:
- енді ашық теңізгі шығуымызға бола ма екен?
- болады.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру:
Мұғалім:- Ия балалар Архимед күшінің әсер етуіне байланысты денелердің судағы қалыптары әр түрлі болады екен. Бүгінгі біздің тақырыбымыздың атын дәптерлерімізге жазып қоялық. Денелердің жүзу шарттары.

Проблемалық сұрақ
Ендеше кейбір денелер су бетінде қалқып жүрсе, бірі батып, ал енді бірі жүзіп жүре алады. Неге? Неге шеге суға батады, ал үлкен кеме жүзеді?
Оқушылар жауабын тыңдау:
- Айналамызда қызықтар өте көп. Қане соған жауап беруге тырысайық.
Кемеміз теңіз ортасында батып кетпес үшін, бір денелердің неліктен суға батып кететінін, екіншісінің неліктен су бетінде қалқып жүретінін, ал үшіншісінің неліктен сұйық ішінде жүзіп жүретінін анықтайық.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 380
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Су ішінде денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтауды үйрете отырып білім және білік дағдыларын қалыптастыру.
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттарының күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Архимед күші. Денелердің жүзу шартары
Архимед күші. Денелердің жүзу шартары
Архимед күшінің сұйық тығыздығына және дене көлеміне тәуелдігін біледі. Есеп шығаруда пайдаланады. Денелердің жүзу шарттарының анықтамасын біледі.
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Павлодар қаласы, Ертіс ауданы, Қызылжар жалпы орта білім беру мектебінің физика және математика пәні мұғалімі Тәшібаева Кәмшат Еркінжасқызы
Денелердің жүзу шарттары
Денелердің жүзу шарттары
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Құдықағаш орта мектебінің физика және математика пәні мұғалімі Садвакасова Райхан Даулетханқызы
Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер
Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер
Семей қаласы № 8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім мен тәрбие беру мектеп кешені Елеусізова Жания
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×