Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Денелердің жүзу шарттары

09 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Физика
Денелердің жүзу шарттары. (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
а) Денелердің жүзу шарттарын түсіну, дененің және сұйықтың тығыздығына байланысты болатынын түсіндіру, тәжірибе қою дағдыларын, іскерліктерін қалыптастыру.
ә) Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру және дамыту.
б) Оқушылардың топ боп жұмыс атқаруын, ойларын тұжырымдап, шапшаң, жинақы айтуын, әр топты бірін - бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру. Эксперимент жасау.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Бағалау.
Үйге тапсырма.
" Көзге елестеткен мың ойдан, қолмен істеген бір іс артық"
( М. В. Ломоносов)
Тәжірибе: Суы бар ыдыс, дене, динамометр.
1. Берілген дененің ауадағы салмағын тап: Р
2. Осы дененің судағы салмағын тап: Р
3. Өлшемнің нәтижесін салыстыр да, қорытынды жасаңдар.
Сәйкестік тест
1. Неліктен судағы дененің салмағы ауадағы дененің салмағынан кіші?
2. Архимед заңын пайдалана отырып, дененің тығыздығын қалай анықтауға болады?
Сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді.

3. Архимед заңының тұжырымдамасы (емес)
4. Архимед күшінің формуласы
(Сұйық ішіндегі денеге тік жоғары бағытталған Архимед күші әсер етеді).
5. Сұйыққа толық батқан денеге әрекет ететін архимед күшін қалай есептеуге болады?
6. Архимед күші сұйыққа батырылған дененің тығыздығына тәуелді ме?

Жаңа сабақ
1 - топ
• Суы бар ыдыс, тығын, пластилиннен жасалған қайық.
2 - топ.
• Шеге, суы бар ыдыс, пластилиннен жасалған шарик.
3 - топ.
• Картоп, тұзды су.
• Егер дене сұйық ішінде жүзіп жүрсе, онда денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшіне тең.
• Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен артық болса, онда дене сұйыққа батады.
• Егер ауырлық күші архимед күшінен кем
болса, онда дене сұйықтың бетіне көтеріледі.
Егер дене сұйық бетінде жүзіп жүрсе, дененің сұйыққа батқан бөлігінің көлемі сұйық пен дене материалы тығыздықтарының арақатынасына байланысты болады.
• Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан үлкен болса – дене батады.
• Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығына тең болса – дене жүзеді.
• Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан кіші болса – дене қалқып шығады.

Логикалық есептер.
1 - топ
• Тығыздықтар кестесін ашып, қандай металдар сынапта жүзе алады, қандайлары батып кетеді, соны анықтаңдар.
• Сынаптың тығыздығы - 13600кг/м3
2 - топ
• Бір ыдысқа бірімен – бірі араласпайтын үш сұйық: су, керосин, сынап құйылған. Сонда олар қандай тәртіппен орналасады. Суретін салып түсіндіріңдер.
3 - топ
• Бір ыдысқа су, керосин және сынап құйылған. Оған тығыннан, парафиннен және болаттан жасалған үш шар салынған. Олар қалай орналасады? Суретін салып, дәлелде.

1 - топ
• Алюминий, шойын, мырыш, қалайы, болат, темір, жез, мыс, күміс, қорғасын - жүзеді, өйткені металдың тығыздығы сынаптың тығыздығынан кіші.
• Алтын, платина, осми - батады, өйткені металдың тығыздығы сынаптың тығыздығынан үлкен.

Эксперименттік есептер.
1 - топ
• Таза су, тұзды су. Әр ыдысқа бір - бір картоп салып түсіндіріңдер.
2 - топ
• Табақты суға қырымен салса батады, ал ттүп жағымен салса жүзеді. Неліктен?
3 - топ
• Мұзды - бензинге, керосинге, глицеринге салсаңдар не байқайсыңдар?
Үйге тапсырма:
• 56, 30 - жаттығу. 152 - 154 беттер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 492
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттарының күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Архимед күші. Денелердің жүзу шартары
Архимед күші. Денелердің жүзу шартары
Архимед күшінің сұйық тығыздығына және дене көлеміне тәуелдігін біледі. Есеп шығаруда пайдаланады. Денелердің жүзу шарттарының анықтамасын біледі.
Денелердің жүзу шарттары
Денелердің жүзу шарттары
Қарағанды қаласы, №68 ЖББ ОМ физика пәнінің мұғалімі Біләл Дина Төлеуханқызы
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Павлодар қаласы, Ертіс ауданы, Қызылжар жалпы орта білім беру мектебінің физика және математика пәні мұғалімі Тәшібаева Кәмшат Еркінжасқызы
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимедтің ашқан жаңалығының мән-мағынасын түсіну үшін қарапайым тәжірибе жасап көрейік. Динамометр ілгегіне қандай да бір дене ілейік те, оның шкаласының көрсетуі бойынша ауырлық күшінің мәнін белгілеп алайық.
Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер
Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер
Семей қаласы № 8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім мен тәрбие беру мектеп кешені Елеусізова Жания
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×