Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыс Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері

01 желтоқсан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Физика
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Сабақтың мақсаты:
а) бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар туралы түсінік бере отырып, жылдамдық ұғымын қалыптастыру және жылдамдық табу формуласын ұғындыру.
ә) оқушылардың ой - өрісін дамыту.
б) күнделікті тұрмыспен байланыстыру, еңбекпен ұштастыру

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Өткен материалды қайталап. үй тапсырмасын тексеру./ тест арқылы/
Тест.
1. Белгілі бір уақыт өтуіне қатысты, басқа бір денелермен салыстырғанда дененің орнын өзгертуі................... деп аталады.
механикалық қозғалыс
қозғалыс траекториясы
орын ауыстыру
санақ денесі
2. Дененің қозғалысын зерттейтін ғылым........ деп аталады.
физика
астрономия
механика
3. Санақ денесімен байланысқан координата жүйесімен сағатты..... деп атаймыз?
координата жүйесі
санақ жүйесі
санақ басы
санақ денесі
4. Айнала қоршалған сақинасы бар планета
Марс
Нептун
Сатурн
Меркурий
5. Планеталар жүйесінің центріне Күнді орналастырып "гелиоцентрлік жүйе" деп атаған ғалым?
Птоломей
Коперник
Бируни
Аристотель
6. Денені материялық нүкте деп қарастыруға болатын жағдай:
1. Мұхитта жүзген кеме қозғалысы
2. Күнді айнала қозғалған Жердің қозғалысы
3. Дене шынықтыру жаттығуларын жасаған спортшының қозғалысы
тек қана 1
тек қана 2
1 мен2
тек қана 3
7. 3 м биіктіктен тасталынған доп жер бетінен 2 м биіктікке көтерілгенде ұстап алынды. Осы доптың жүрілген жолы мен орын ауыстыруы неге тең?
жол 5 м, орын ауыстыру 1 м
жол 4 м, орын ауыстыру 3 м
жол 4 м, орын ауыстыру 2 м
жол 5 м, орын ауыстыру 2 м
8. Қозғалыстағы дененің траекториясының ұзындығы.... деп аталады.
жол
орын ауыстыру
траектория
қозғалыс
/ тест жауабы:
1 - а 2 - с 3 - b 4 - с 5 - b 6 - с 7 - d 8 - a/

III. Ой қозғау.
1. Оқушы таксиге мініп мектепке келді. Таксиге 250 теңге төледі. Таксиге не үшін төледі? Жол үшін бе? Орын ауыстыру үшін бе?
2. Автомобиль Оралдан Ақсайға дейінгі аралықты 1, 5 сағатта жүріп өтті. Берілген шаманы секундпен өрнектендер.
3. Жүргізуші автомобиль есептеуішінің көрсеткіші 500 км - ге артқанын көрді. Бұл нені білдіреді: жүрілген жолы ма, әлде орын ауыстыру ма?
4. Мектеп пен үйдің арасы 200 м. Мектепке барып үйге қайта келген оқушы, қанша жол жүрген, орын ауыстыруы қанша?
5. Футболшы ойын кезінде 12 км жүгірді. Осы қашықтық орын ауыстыру ма, жол ма?

IV. Жаңа сабақ
Жаңа сабаққа көшу үшін ребус шешеміз.
РЕБУС ты шешкен кезде
"Қ О З Ғ А Л Ы С"
" Ж Ы Л Д А М Д Ы Қ" сөздері шығады.
Сонымен бүгінгі сабағымыз қозғалыс пен жылдамдыққа байланысты.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Дене кез келген тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалысты бірқалыпты қозғалыс деп атаймыз.
Дене кез келген тең уақыт аралығында ұзындығы әртүрлі жол жүрсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атаймыз.
/ осы қозғалыстарды электрондық оқулық арқылы демонстрациялаймыз/

Жұмбақ:
1. Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де, жаяу да
Саралайсың таңдайсың. /жол/
2. Көп болса асықпайсың,
Мезетте қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? / уақыт/
3. Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты
Тағы да бир белгісіз шама шықты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? / жылдамдық/
Бұл шамалар дененің қозғалысын сипаттайтын шамалар.

Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралығына бөлу керек:
s - орын ауыстыру немесе жол /км, м/
υ - жылдамдық / км/сағ, м/с/
t - уақыт /сағ, мин, с/
υ=s/t

Дененің бірқалыпты қозғалысының жылдамдығы белгілі болса, сол арқылы дененің белгілі бір уақыт ішінде жүрген жолын анықтауға болады:
s=υ*t
Дененің бірқалыпты қозғалысының жылдамдығы мен жүрілген жолы белгілі болса, сол қозғалысқа кеткен уақытты табуға болады:
t=s/υ
Жылдамдық сан мәнімен қатар бағыты бойынша да сипатталады, яғни ол векторлық шама болып табылады.
Физикалық шамалардың векторлық қасиетін көрсету үшін сол шама белгісінің үстіне нұсқама / / қойылады. Жылдамдықты өлшейтін аспап Спидометр
Жылдамдық км/ сағ, км/с, м/с, см/с, мм/с
х км/сағ=(х*1000м)/3600с
72 км/сағ=?
72 км/сағ=(72*1000 м)/(3600 с)=20 м/с
Мысалы:
Ұшақтың жылдамдығы 400 м/с
Жарықтың таралу жылдамдығы 300 000 000 м/с
Жүрдек пойыздың жылдамдығы 72 км/сағ
Дыбыс жылдамдығы 340 м/с

Есіңде сақта:
1 18 км/сағ 5 м/с
2 36 км/сағ 10 м/с
3 54 км/сағ 15 м/с
4 72 км/сағ 20 м/с
5 90 км/сағ 25 м/с
6 108 км/сағ 30 м/с

V. Жаңа сабақты бекіту.
1. Екі қаланың арақашықтығы 150 км. Жүк машинасы осы жолды 2, 5 сағатта жүріп өтті. Жүк машинасының жылдамдығы неге тең?
2. Велосипедші бірқалыпты қозғалып 30 мин ішінде 9 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м/с пен есептеп табыңдар.
3. 750 км/сағ жылдамдықпен ұшқан ұшақ 6 сағат ішінде қандай аралықты ұшып өтті?
4. Автомашина 2 км жолды 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Осы жолды жүруге кеткен уақытты табыңыз.

VI. Қорытындылау.
Үйге тапсырма: §17, 18 5 жаттығу №3, 4

Батыс Қазақсан облысы,
Теректі ауданы, Талпын ЖОББ мектебі
Капезова Салтанат Салимовна
5 513
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты емес қозғалыс. Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
Бір қалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бір қалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
оқушыларға қозғалыстың түрлерін және туралы ғылыми түрде түсіндіру. оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Түзусызықты бірқалыпты жəне бірқалыпсыз қозғалыстар
Түзусызықты бірқалыпты жəне бірқалыпсыз қозғалыстар
Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстардың негізгі мағынасын біледі. Бірқалыпты бірқалыпсыз қозғалыстарды саралап ажыратады және есептер шығаруда қолданады Өмірдегі қозғалыстарға өздігінше мысалдар келтіре алады.
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық.
Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар, жылдамдық және жылдамдық бірліктері жайлы мағлұмат алады. Оқушылардың басым бөлігі: кластер құрады, формуланы есеп шығаруда қолданады.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосы, Ойыл қазақ орта мектебінің физика пәні мұғалімі Сукашева Әлия Айсеевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×