Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұлдызды сәт

08 ақпан 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
Сайыс сабақ "Жұлдызды сәт"
Мақсаты: 7 сынып оқушыларының физикадан алған білімдерін тексеру, физикаға қызығушылықтарын арттыру. Жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жоспары:
1. Таныстыру, эмблема қорғау.
2. «Блиц - турнир»
3. «Қанша тілді білесің?»
4. «Тәжірибе, тағы да тәжірибе»
5. Есеп эстафетасы
6. Көрермендер көрімдігі
7. «Раундровер»

Жүргізуші:
- Уа, жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар,
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде
Физика – астрономия елінде
Физика - астрономия тілінде
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып шалқысып,
Есеппен ән салысып,
Көңілді кеш жасайық.
Асып әсте саспайық,
Батыл қадам жасайық,
Кеш қызығын, ей достар,
Осылайша шабытпен
Қане, енді бастайық.

Жүргізуші:
Шақырамыз, келіңдер жарысуға,
Күш, өнер, біліммен алысуға
Бар өнерді салайық ортамызға,
Кәнеки, кім шығады сайысуға.

Жүргізуші: Ендеше, құрметті көрермендер, «Жұлдызды сәт» атты физикалық кешімізді тамашалайық.
Жүргізуші: Бүгінгі ойынның жұлдыздары:
1. 7 «а» сыныбынан құралған «Ньютон» тобы
2. 7 «ә» сыныбынан құралған «Коперник»тобы
3. 7 «б» сыныбынан құралған «Паскаль»тобы
4. 7 «б» сыныбынан құралған «Физиктер»тобы

Жүргізуші: Бүгінгі ойында әділ баға беруші қазылар алқасы:
1. Информатика пәні мұғалімі
2. пәні мұғалімі
Бүгінгі ойынның шарттарымен таныс болыңыздар. Ойын 6 турдан және көрермендер сайысынан тұрады:

I тур. Таныстыру, эмблема қорғау. Мұнда әр топ басшысы өз топтарын таныстырады, эмблема қорғайды.
II тур. «Блиц - турнир»- деп аталады. Мұнда әр топқа 11 сұрақ қойылады.(1 дұрыс жауапқа 1 жұлдыздан) Дұрыс жауап үшін топқа жұлдыздар таратылады.
III тур. «Қанша тілді білесің?» деп аталады. Мұнда оқушыларға жұмбақтар жасырылады. Жұмбақ шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуы керек.
IV тур. «Тәжірибе, тағы да тәжірибе»- деп аталады. Мұнда оқушыларға тәжірибелік құрал - жабдықтар беріліп, құрал - жабдықтарды пайдалану арқылы тәжірибе ойлап табуы керек.
V тур. Сөзжұмбақ эстафетасы. Бұл турда әр топқа сөз жұмбақтар мен ребустар. Олар ойланғанша, «Көрермендер көрімдігі» өткізіледі.
VI тур. «Раундровер»- деп аталады. Бұл ойында әр топ басшысы маркер көмегімен физикалық шамаларды жазады, топқа бірдей деңгейдегі есептер беріледі. Кім көп жазса және шығарса сол жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Егер барлығы түсінікті болса, онда ойынымызды бастайық.

I тур. Таныстыру, эмблема қорғау. Барлық топтар өз топтарын таныстырады.
Жүргізуші: Енді екінші кезең.
II тур - «Блиц - турнир» кезеңі
Бірінші болып, сұрақтарға «Ньютон» тобы жауап береді.
1. Табиғат туралы ғылым.(физика)
2. Жылу, электр, жарық, механикалық құбылыс табиғи құбылыс бола ала ма? (жоқ, олар физикалық құбылыстар)
3. Заттың үш күйін ата.(қатты, сұйық, газ)
4. Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы болжамды ұсынған кім? (Франклин)
5. Қараңғы бөлмеге кіргенде ең алдымен нені бірінші жағасың: май шамды ма, әлде газды ма? (сіріңкені)
6. Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? (метр)
7. Күн шығатын жақ (шығыс)
8. Кемпірқосақта неше түс бар? (7)
9. Теректегі алма қай кезде гүлдейді? (теректе алма өспейді)
10. Мензурка қандай құрал? (сұйықты өлшейтін құрал)
11. Жай көзге көрінбейді, Қозғалуға ерінбейді. Ол не? (молекула)

«Коперник» тобына қойылатын сұрақтар:
1. Аспан денелерін зерттейтін ғылым (астрономия)
2. Жылу құбылысына мысал келтір (күннің сәуле шығаруы, болаттың балқуы)
3. Табиғатты зерттеудің қандай үш әдісі бар?(бақылау, эксперимент, теория)
4. Айға аяғы алғаш тиген астронавт кім? (Н. Армстронг, Э. Олдрин)
5. Адамға қай кезде көзілдіріктің қажеті жоқ? (ұйықтағанда)
6. Көк шарфты суға салса, не болады? (су болады)
7. Уақыттың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? (секунд)
8. Күн бататын жақ (батыс)
9. Темірқазық жұлдызын тағы басқаша қалай атайды? (жетіқарақшы)
10. Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойсақ, ішінде не қалады? (ауа)
11. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы (телескоп)

«Паскаль» тобына қойылатын сұрақтар
1. Заттың ең ұсақ бөлшегі (атом)
2. Бақылау дегеніміз не? (бір нәрсені бағдарлау)
3. Күн мен түннің көктемде теңелуі (22 наурыз)
4. 1 кг зат массасы қыста ауыр ма, әлде жазда ауыр ма? (бірдей)
5. Күн жүйесіндегі ең ірі планета (юпитер)
6. Зат молекулаларының басқа бір зат молекулаларына ену құбылысы (Диффузия)
7. Темір не? (металл)
8. Көкке қараған жұлдыз санаған (телескоп )
9. Атом дегеніміз не? Ең кіші бөлшек
10. Температураны өлшейтін құрал? Термометр
11. Көлемін де, пішінін де сақтамайтын затты ата. газ

«Физиктер» тобына қойылатын сұрақтар
1. Астрономияны физикалық әдістермен зерттеу. (Астрофизика)
2. Жылдамдықтың өлшем бірлігі (м/с)
3. Ғылыми деректермен негізделген жорамал (болжам)
4. Температураның өлшем бірлігі (градус)
5. Ең қатты дене (алмаз).
6. Заттың үш күйін де де бола алатын зат (су).
7. Пішіні мен көлемін сақтау заттың қай күйіне тән қасиет (қатты).
8. Күнге ең жақын планета (Меркурий).
9. Коперник қандай жүйені ашқан (гелиоцентрлік жүйе).
10. Дененің тең уақыт аралығында тең жол жүруі (бірқалыпты қозғалыс).
11. Темір не? (металл)

Жүргізуші: «Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.»- дегендей, келесі турымыз

III тур. «Қанша тілді білесің?». Үш топқа бірдей жұмбақтар қойылады. Қай топ бірінші көтерсе, ұпай сол топтікі.
1. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланады күн сайын жарық үшін.(ток - ток - energy)
2. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.( сызғыш - линейка - ruler)
3. Суға салсаң батпайды,
Отқа салсаң жанбайды. (мұз - лед - ice)
4. Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.(ауа - воздух - air)
5. Керегенің басында кетпен жаулық,
Кет десем де кетпейді, неткен жаулық (күн - солнце - sun)
6. Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де, жаяу да,
Саралайсың, таңдайсың.(жол - дорога - road)
7. Көп болса, азықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? (уақыт - время - clock)
8. Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,
Тағы да бір белгісіз шама шықты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?(жылдамдық - скорост - speed)
9. Жылт - жылт еткен,
Жылғадан өткен.(су - вода - water)
10. Қайық мініп биікте жолығайық,
Көз көрімде кетеді болып ғайып.(ұшақ - самолет - aircraft)
11. Қуып едім мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім қолға тұрмады. (боран, буран. snowstorm)

Жүргізуші: келесі кезеңге өтеміз.
IV тур. «Тәжірибе, тағы да тәжірибе»- деп аталады. Мұнда оқушыларға үй тапсырмасы ретінде тәжірибе жасап келіп көрсету керек еді. Әр топ 2 тәжірибе жасап және физикалық мәнін түсіндіруі қажет.
V тур. Сөзжұмбақ эстафетасы. Бұл турда әр топқа сөз жұмбақтар мен ребустар. Олар ойланғанша, «Көрермендер көрімдігі» өткізіледі.
Жүргізуші: Сөзжұмбақ эстафетасы
Бұл жерге келмеді ешкім ермек үшін,
Есеп - қисап, сан, цифр термек үшін
Көрсетіп есептеудің жолын қалай
Келдім айтып оларды бермек үшін, дей келе кезекті сөзжұмбаққа береміз.
Үш топқа бірдей сөзжұмбақ және ребустар беріледі
Жүргізуші: сөзжұмбақ шешіліп болғанша, көрермендерге сұрақ қойылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 224
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаратылыстану ғылымдарына саяхат
Жаратылыстану ғылымдарына саяхат
Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Химия, биология, география» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Уа халайық! Халайық! Бәріне жар салайық Бүгінгі ойын төрінде Математика елінде Математика тілінде Есеп шешіп жарысып Жұмбақ шешіп аңдысып Шабыттасып шалқысып Есеппен ән салысып Көңілді ойын жасайық
Математикалық поезд
Математикалық поезд
Мақсаты: • Бастауыш сынып оқушыларының алған білімдерін тиянақтау, жетістіктерімен бөлісу, жаңалықтармен алмасу; • Оқушыларды бір ұжыммен жұмыс істеуге баулу;
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, №1 жалпы орта мектеп - интернатының информатика пәні мұғалімі Пиралиева Айкерим
Білімді мыңды жығар
Білімді мыңды жығар
Қарағанды қаласы, №21 Негізгі мектептің физика және информатика пәндері мұғалімі Конакбаева Береке Салтанатовна
Математика – барлық ғылымдар патшасы, ал арифметика оның патшасы
Математика – барлық ғылымдар патшасы, ал арифметика оның патшасы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Башимова Гүлшат Мұхтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×