Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Физика және Нобель сыйлығы

04 қаңтар 2013, Жұма
Категориясы: Физика
Сәтбаев қаласындағы «№3 орта мектебі» КММ
І санатты физика пәнінің мұғалімі: Жунусова А.Д

Тақырыбы: Физика және Нобель сыйлығы
Мақсаты: Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми фактілермен құбылыстармен, заңдармен ғана таныстырып қана қойма, физикалық дамуындағы қозғаушы күштердің ғылыми зерттеушілердің танымдық әдістері жайлы түсінік беру.

Жоспар:
І.Нобель сыйлығы туралы тарихи деректер
ІІ Физика саласы бойынша Нобель сыйлығын алған ғалымдар еңбегі.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар бүгін біз сіздерге физика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері болған ғалымдардың еңбегімен, ғылым жолындағы жаңалықтарына көз жүгірту барысында «Өткенімізге үңілсек сый тартар бізге келешек» атты кешімізді ұсынғалы отырмыз
Сіздер жаңа ғасырдың жас буын өкілдері, жаңалыққа жаны құмар ізденімпаз жастармен қауышып отырғанымызға қуаныштымыз. Ден қойып өздеріңізге қажеттерін тауып қайтуларыңызға қуаныштымыз. Кешімізді бастамас бұрын ортаға кешіміздің құрметті қонағы ханзада мен ханшайым
(ханзада мен ханшайым)
Ханзада: Армысыздар қонақтар
Құрметке ие үлкендер
Алда жүзген желкендер

Ханшайым:. Есенбісіз ұстаздар
Шаршамайтын қыс-жаздар

Кешке келген сайланып
Отырам деп жайланып
Көрермендер аман ба?
Отырған анау ойланып

Жүргізуші:
Жыл сайын қоңыр күздің соңын ала Швеция мемлекетінің астанасы – Стокгольмде физика, химия, физиология немесе медицина, әдебиет саласындағы ерекше жетістіктері және бейбітшілік сақтаудағы еңбегі үшін Нобель сыйлығы тапсырылады.
Халықаралық Нобель сыйлығы нәсіліне, ұлтына, жынысына, діни сеніміне қарамастан жоғарыда аталған салалар бойынша үздік еңбегі үшін, сондай-ақ мәні кейіннен барып әйгілі болған бұрынғы кездегі жұмыстары үшін беріледі.
Нобель сыйлығы Швед Инженері, химик, өнертапқыш, ірі өнеркәсіп қожасы Альфред Бернард Нобельдің өсиеті бойынша тағайындалған.
Сіздерге кешіміздің ажарын ғана келтіріп қоймай физика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлеріне сыйлықтарын тапсыру жүктеліп отыр
Құрметті қонақтар осы сыйлықтың құндылығын, дүниеге келу тарихын білгісі келген көрермендер сұрағына жауап беріп өтсеңіздер.

Жүргізуші: Альфред Бернхард Нобель - Шведтің өнертапқыш инженер, химик, әрі кәсіпкер. ол 1833 жылы қазанның 21-інде Стокгольмде дүниеге келген Нобель Лондан корольдік қоғамының және швед Ғылым Академиясының мүшесі. Ол1896 жылы желтоқсанның 10-да Италиядағы Сан Ремода дүние салды. Оның байлығы кімде қалар сұрақ мұрагерлер мен баспасөзді қатты қобалжытты. Көп күттірмей өсиет жарияланды.

Өсиет тыңдалады.
Құрметті оқушылар, қонақтар осы сыйлықтың құндылығын дүниеге келу тарихын белгісі келген көрермендер сұрағына бүгінгі біздің қонақтар жауап береді.

1-ші сұрақ: Нобельдің балалық шағы Ресейде өткен дейді, сол рас па? Сол жөнінде айтсаңыздар.

Ханзада: Швед инженері Эммануэль Нобель (өнертапқыш, кәсіпкер) жанұясы 1842-59 жылдар Петербургте тұрды. Ресейде Нобель билігінде механикалық заводтар мен Баку мұнайы болды.
Сонымен қатар жарылғыш заттар жасаумен айналысты. Үй ішілерінің өмірі жарылыстың дүмпуімен, сынған шынылар мен өрттің арасында өтті. Кіші А.Нобель басында әкесінің тәжірибесіне таңғалып қарайтын, кейіннен өзі де тәжірибемен айналыса бастады. Кішкене бауырының өлімі де оған бөгет бола алған жоқ.

2-ші сұрақ: А.Нобельдің ашқан жаңалықтары?
Ханшайым: Түтінсіз қопарылғыш, динамит, газбен дәнекерлеу, жасанды жібек, электр орындығын, т.б. Альфред бір сөзінде әкесіне «Бүкіл әлем біздің атымызды Нобель» деп естігінде дір ете түсетіндей болсын! Менің арманым өте қуатты қару жасау, соғыс және бейбітшілік арасында дүние жүзін билер едік деген. Сол мақсатына жетті.

Оқушылардан сұрақ: Нобель сыйлығы қалай тағайындалған?

Ханзада: Жоғарыда өздерін танысып өткен Альфред Нобель 1896 жылы 10 желтоқсанда Еуропадағы өте бай адам дүниеден өтті. Бұл уақытта газетке оның ғылыми атағы, ордені, дипломы, еңбектері жайлы көптеп жаза бастады.93 өнеркәсібі Шотландия, Швейцария, Италия, Франция сияқты дүние жүзіндегі елдерде болды. Құнды қағаздары Лондон, Цюрих, Женева, Венадағы банктерде сақталды.
Міне, осы жағдай, яғни 93 өнеркәсіп, құнды қағаздар кімде қалар екен деген сауал әркімді де толғандырады. Мұрагерлер мен баспасөзді өте қобалжытты.
«Өсиет қашан жарияланар екен»- деп ел қызықты.

Өсиет: Мен төменге қол қоюшы Альферд Бренхард Нобель терең ойланып өсиет етемін барлық қалған дүние мүлік, құнды қағаз дарым адамзат өміріне пайда әкелген жаңалықтары үшін фонд құрылып белгілі бір пайызы жыл сайын сыйлық ретінде тартылсын.менің үлкен тілегім сыйлық иегерлеріне кандидаттардың ұлтына, нәсіліне, жынысына, діни сеніміне қарамастан ең жаңа жетістіктері үшін берілсін

Сұрақ: Нобель сыйлығының Фондысында қанша қаржы болды?
Ханшайым: Ол қайтыс болған соң оның байлығы 31 млн.швед кроны болды. Басты Нобель сыйлығының фондысын құрды. Жыл сайын пайдаланылады.

Сұрақ: Нобель сыйлығына не берілетінің айтсаңыздар?
Ханзада: Альфредтің кескіні бар алтын медаль, диплом және Нобель фондына келтірген пайдасына орай 30-дан 70 мың доллар.

Сұрақ: Нобель сыйлығына кандидаттар ұсынады. Сыйлыққа ұсынылған жоғары дәрежелі жұмыс Швецияның өзінде қаралды. Физика, химия, биология облысы бойынша жұмысын Стокгольмдік корольдік Ғылым Академиясы; физиология, медицина бойынша Стокгольм Корольдік Королин медицина институты; Стокгольмде Швед Академиясы әдебиет бойынша береді. Норвегиядағы Норвег парламентінің Нобелдік комитеті 6 адамнан тұрады. Нобелдік комитет бейбітшілікті нығайту жөніндегі еңбегі үшін халықаралық Нобель сыйлығын береді. Нобелдік сыйлық бір-ақ рет беріледі. Тек ерекше еңбектері үшін Мария Складовская Кюриге (1903, 1911), Л.Полинге (1954, 1962), Дж.Бардинге (1956, 1972)екі рет берілді.

Сұрақ: Сыйлық қай жерде беріледі, кімдер қатысады?
Ханшайым: - Әдетте Халықаралық Нобель сыйлығы қайтыс болған адамға берілмейді. Оны тапсыру салтанатты жыл сайын желтоқсанның 10-да (Нобель қайтыс болған күні) Стокгольм мен Ослода өткізіледі. Сыйлық тұңғыш 1901 жылы берілді. Сыйлық беру салтанатына үкімет адамдары, Шведтің көрнекі жазушылары, оқымыстылары, радио, телевизия, баспасөз өкілдері қатысады.

Сұрақ: Нобельдік сыйлық иегерлері еңбектерін қалай таныстырады?
Ханзада – Комитет мүшелері қатысушыларға сыйлық иегерлерін және олардың еңбегін баспасөз бетінде хабарлайды. Корольдің қолынан алтын медаль, диплом алған соң, Швецияның ғылыми орталықтарында Нобель сыйлығының иегерлері 6 айдан кейін лекция оқиды.

Сұрақ: Физиктерден Нобель сыйлығының иегерлерін атап айтсаңыз? Вильгельм Рентген Х-сәулелерді ашқаны үшін Мария Склодовская Кюри ядролық физикадағы еңбегі үшін
1906 жылы - Джон Томсон
1911 жылы - Эрнест Резерфорд атом құрылысын ашқаны үшін
1913 жылы Хейкке – Камерлинг Онес
1918 жылы Макс Планк кванттық теориясын ашқаны үшін
1921 жылы Алберт Эйнштейн фото эфект теориясын ашқан үшін
1922 жылы Низ Бор атомның құрлысын ашқан үшін
1924 жылы Луй де Бройльч
1928 жылы Оуэн Ричердсон
1956 жылы Уйльям Шокли
1954 жылы Макс Брон физикадағы еңбегі үшін
1958 жылы Джон Бардин
1978 жылы Альфереов ұялы телефонды ойлап тапқаны үшін

Жүргізуші: Физика еді өмірдің
Асыл бір үлкен саласы
Физикамен жаңарды
Елімнің өзен даласы

Италиян ғалымы
Инерцияны ашыпты.
Оны білген балалар
Залда жүгіруден қашыпты.
Кім болады екен бұл ғалым
Галилео Галилей.

Формуласы күрделі
Есептеп жылу мөлшерін
Ойлап тапқан ғалымға
Берген бірлік өлшемін.
Джоуль.

Тоқ күшінің өлшемі
Ағып өткен мөлшері
Физикалық шаманың
Ғалым атына теңеді.
Андре Маре Ампер.

Бірі тілік, бірі бүтін
Екі сақина алынады
Тәжірибесімен сол ғалымның
Тоқ бағыты табылды.
Ленц.

Өмірдегі маңызын
Электромагниттік өрістің
Фарадейменен қоса
Білім білген ғалым кім.
Джеймс Максвель.

Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге
Бақтырып жұлдыздарда есней желге
Жансызға жан бітіріп қолқа салып
Рентген кереметті көрсетті елге.

Жүргізуші: Ең алғаш Нобель сыйлығының иегері Вильгелм Конрад Рентген неміс физигі. Ол 1895 жылы қысқа толқынды электромагниттік х - сәулелері кейін Рентген сәулелерін ашқан. Рентген сәулелерінің ашылуы физикалық соңғы кездегі дамуына атап айтқанда, радиоактивтіктің ашылуына зор ықпал жасады.

Эрнест Резерфорд ұлы ағылшын физигі.Жаңа Зеландияда туған резерфорд өзінің эксперименттік жаңалықтармен қазіргі атом құрылысы мен радиоакт туралы ілімінің негізін салды. Оның жасаған барлық тәжірибелері ерекше қарапайымдылығымен және айқындылығымен құнды.

Альберт Энштейн ХХ ғасырдың ұлы физигі. Ол жарық бөлшектері фотондар жөніндегі түсінікті ең алғаш енгізген. Альберт Энштейн кеңістік пен уақыт туралы жаңа ілім салыстырмалықтың арнайы шығарды.

Академик Николай Григоревич Басов орыс физигі лазер деген не сұраққа былай жауап берді. Лазер – құрылғы, ол, мысалы, жылулық химиялық, электр энергиясын электромагниттік өрістің энергиясына - лазер сәулесіне айналдырады.

Мария Складовская Кюри – физик әрі химик, радиоактивтік туралы ілімді жасауда аса бағалы үлес қосқан Польшада мұғалімнің семьясында туып, Францияда жұмыс істеген. Ол Париж университетінің тұңғыш әйел - профессоры.М.С.К. физика, химия бойынша Нобель сыйлығын екі рет алған.

Жүргізуш: Бірі өшіп, кітаптардың бірі туған
Қай жүйрік Резерфордтан басып озған
Жалынды патриот батыр ғалым
Ғасырлар түпкірінен қасын созған.

Жүргізуші: Нобельдің тағайындаған сыйлықтың арқасында біз жыл сайын дүние жүзіндегі жаңалықтармен танысып отырамыз.
18 085
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Физикалық кеш «Қызықты физика»
Физикалық кеш «Қызықты физика»
Баршаңыз да «Қызықты физика» атты кешіне хош келдіңіздер! Біз бүгінгі кешімізді І курстың ОТС - 11тобы, ОТС - 12 тобы, және құрама топ оқушылары арасында сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық.
Атомның құрылысы
Атомның құрылысы
Атомның құрылысын білу, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, пәнге қызығушылығын арттыру, ой - өрісін кеңейту
Табиғат және адам. Физика табиғат туралы ғылым. Астрономия – аспан денелері туралы ғылым
Табиғат және адам. Физика табиғат туралы ғылым. Астрономия – аспан денелері туралы ғылым
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің физика пәні мұғалімі Жиембаева Гулмира Искендировна
Интеллектуалды ізденімпаз
Интеллектуалды ізденімпаз
Қарағанды облысы Сәтбаев қаласындағы «№3 орта мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі: Жунусова Айгуль Дуйсекеевна
Дененің электрленуі. Электр заряды
Дененің электрленуі. Электр заряды
Сәтбаев қаласындағы «№3 орта мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі: Жунусова А.Д
Табиғат
Табиғат
Сабақ № 1 Күні: 02.09.2011 ж Сыныбы: жетінші Пәні: физика және астрономия Тақырыбы: Табиғат және адам. Физика табиғат туралы ғылым. Астрономия – аспан денелері туралы ғылым Мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыға табиғат пен адам арасындағы байланыс,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×