Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы. Планк формуласы

02 сәуір 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы. Планк формуласы. (9 сынып)
Сабақтың мақсаты: Жарық кванттары туралы Планк гипотезасымен және Планк формуласыман таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
1) Оқушыларға жарық кванты туралы Планк гипотезасын түсіндіру, жарықтың алатын орны туралы өзіндік ой қорыту, Планк формуласына есептер шығарту;
2) Оқушылардың өз бетімен, топпен жұмыс істеуін негізге ала отырып, әртүрлі тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, есеп шығару біліктіліктерін дамыту, іздену дағдысын қалыптастыру;
3) Оқушылардың алған білімдерін тиянақтай отырып, тапқырлыққа, ізденіп шешім қабылдауға, ауызбіршілікке, ойын жинақтай білуге, біріне - бірі көмектесуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: жеке, топпен жұмыс
Оқыту әдісі: түсіндірмелі, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.
Пәнаралық байланыс: математика, геометрия, жаратылыстану
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентациялар, үлестірмелі материалдар, бағалау парақтары
Күтілетін нәтижелер: Жарық кванттары туралы Планк гипотезасымен және Планк формуласыман танысып, есепте шығаруды үйренеді.
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: «Физика және астрономия»,
«Әдістемелік нұсқау», плакаттар, формулалар жиынтығы.
Сабақта қамтылатын модульдер: Сыни тұрғыдан ойлау
Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс тәсілдер
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Оқу мен оқытуда АКТ технологияларды пайдалану
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқыту.

Сабақтың барысы:
І. «Сәлем - сөздің анасы»( ұйымдастыру кезеңі).
ІІ.«Қайталау - оқу анасы»(үй тапсырмасын сұрау)
ІІІ. «Білгенге - маржан» (жаңа сабақ)
ІV. «Сен оқысаң, мен тоқығам» (жаңа сабақты бекіту)
V. Қорытындылау.
VІ. «Жақсы баға - оқу нәтижесі» (бағалау кезеңі)
VІІ. «Үйренгенді орындап жаттығайық» (үйге тапсырма)

Ұйымдастыру кезеңі
І. «Сәлем - сөздің анасы»( ұйымдастыру кезеңі).
а) сәлемдесу
ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
В) топтастыру.

Үй тапсырмасын сұрау
ІІ.«Қайталау - оқу анасы» (үй тапсырмасын сұрау)
Физикалық диктант
1. Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік энергия таратуын жылулық сәулелену деп аталады.
2. Жылулық сәулелер электромагниттік толқындар қатарына жатады.
3. Өзіне түскен әртүрлі жиіліктегі сәулелердің энергиясын толық жұтып алатын денені абсолют қара дене деп атайды.
4. Жылулық сәулелену құбылысы тек қызған денелерде ғана емес, салқын денелер де орын алады.
5. Жылулық сәулелер тек жиіліктеріне немесе толқын ұзындықтарына қарай ажырайды.

Жаңа сабақ
ІІІ. «Білгенге маржан» (жаңа сабақ)
Макс Планк жылулық сәулелердің эксперименттік нәтижесін түсіндірудегі тығырықтан шығу жолын тапты.
Ол 1900 жылы « сәулелік энергия үздіксіз шығады» деген классикалық физика түсінігіне қайшы келетін батыл гипотеза ұсынды:
Абсолют қара дене жылулық сәулелерді үздіксіз шығара да, жұта да алмайды; олар тек үзікті үлес - квант түрінде ғана шығарады немесе жұтады. Сәуле арқылы тарайтын немесе жұтылатын бір үлес энергия квант деп аталады.
Квант латынша guantum –«мөлшер», яғни «үлес» деген сөздің мағынасын береді.
М. Планк дененің үзікті шығаратын немесе жұтатын бір үлес энергиясы үшін

Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы. Планк формуласы. жүктеу
Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы. Планк формуласы. слайдын жүктеу
3 238
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жылулық сәулелену. Абсолют қара дене. Стефан – Больцман заңы. Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы. Планк формуласы
Жылулық сәулелену. Абсолют қара дене. Стефан – Больцман заңы. Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы. Планк формуласы
Механикалық толқын дегеніміз не? Жауабы: Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінің екінші бір бөлшегіне таралу процесі
Фотоэффект құбылысы. Фотоэффект құбылысын түсіндіру. Эйнштейн формуласы. Фотоэффект құбылысын техникада пайдалану
Фотоэффект құбылысы. Фотоэффект құбылысын түсіндіру. Эйнштейн формуласы. Фотоэффект құбылысын техникада пайдалану
Фотоэффект құбылысы және Эйнштейн формуласы жайлы мағлұмат бере отырып оның формуласын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Фотоэффект құбылысы. Эйнштейн формуласы
Фотоэффект құбылысы. Эйнштейн формуласы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Шарафкент аулы, Әл - Фараби атындағы жалпы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Жанқожаева Құралай Нұрмаханқызы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жаланаш селосы, Жамал Ермегияев атындағы мектептің физика пәні мұғалімі Смаков Қанағат
Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы. Планк формуласы
Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы. Планк формуласы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №4 орта мектебінің физика пәні мұғалімі Мұханова Ардақ
Фотоэффект құбылысы. Эйнштейн формуласы
Фотоэффект құбылысы. Эйнштейн формуласы
№35 мектеп - гимназиясының физика пәні мұғалімі Баймуханова Гульназым Куанышевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×