Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сақталу заңдары тарауын қайталау және есептер шығару

13 қазан 2019, Жексенбі
Категориясы: Физика
Сабақ тақырыбы: «Сақталу заңдары» тарауын қайталау және есептер шығару.
Жалпы мақсаты: Өтілген тарауды қайталай отырып, білімдерін жинақтау және қорытындылау.
* формулаларды есеп шығаруда тиімді пайдалану;
* физикалық шамалардың айырмашылықтарын анықтау;
* формулаларды, өлшем бірліктерді жадында сақтауға тырысу.

Күтілетін нәтижелер:
* топтық жұмыста белсенділік көрсетеді;
* оқушылардың шығармашылығы дамиды;
* өзіндік жеке жұмысты дамыту жолдарын біледі;
* сұрақтар қоя алады;
* есеп шығару дағдылары қалыптасады.
Сабақ түрі: Аралас сабақ

Тапсырмалар:
* топқа бөліну. (топқа бөлу үшін физикалық шамаларды пайдаланып тренинг жүргізіледі)
* ассоцияциялық карта толтыру. (зерттеу тақырыптары бойынша өз ойларын жеке, топтық жұмыс арқылы жеткізе білуі керек)
* топтық жұмыс. (әр топ берілген тапсырмалар бойынша формулаларды, анықтамаларды, өлшем бірліктерді сәйкестендіруі керек)
* жеке жұмыс. (тест тапсырмалары, есептер шығару)
* ой бөлісу (Диалог арқылы оқыту әдісін пайдаланып, осы тарау бойынша әр топ бір – біріне 2 сұрақтан қояды. 1 - жоғары мәртебелі сұрақ, 1 - төмен мәртебелі сұрақ)
* рефлексия ()
Керекті жабдықтар: Оқулық, 9 сыныпқа арналған есептер жинағы, А. П. Рымкевич физика есептерінің жинағы, топшамалар, кесте, бағалау парағы, тест тапсырмалары, белсенді тақта, т. б.

Кіріспе
Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасу, түгендеу, сыныпты топқа бөлу.
Сақталу қасиетіне ие болатын қандай физикалық шамалар бар? Сұрақ жауабы: импульс, энергия, заряд. Осы сұрақтың жауабы арқылы топқа бөлу. Тренинг.
Бағалау парағы үлестіріледі. Топ жетекшілері аталып, әр тапсырманы орындау кезінде жауап берген оқушыларды бағалап отыру тапсырылады.

Үй тапсырмасын тексеру: Тарауды қайталау, шолу жасау.
Оқушылар ассоциациялық картаға өз ойларын түсіреді. Зерттеу тақырыптары бойынша өз ойларын ортаға салады, ізденеді.
І топ - «Импульс. Импульстің сақталу заңы» тақырыбын қорғау.
ІІ топ – «Реактивті қозғалыс» тақырыбын қорғайды.
ІІІ топ – «Энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы» тақырыбын қорғайды.

Тұсаукесер
Негізгі бөлім
Сонымен балалар, өткен тарауды қайталай отырып, бүгінгі сабақта тарау бойынша алған білімімізді әр түрлі тапсырмалар бойынша, есептер шығару арқылы ойымызды жинақтаймыз.

1 – тапсырма. Топтық жұмыс.
І топ: Формулаларды сәйкестендіру.
ІІ топ: Өлшем бірліктерді сәйкестендіру.
ІІІ топ: Анықтамаларды сәйкестендіру.
2 - тапсырма: Есептер шығару.(Әр топқа А, В, С деңгейінің есептері беріледі.)
А деңгейінің есептері
№11. 5
Денеге 10 с ішінде тұрақты 50 Н күш әрекет етеді. Күштің әрекет ету уақытында дененің жылдамдығы 5 м/с – қа өзгерсе, онда дене массасын анықтаңдар.
№11. 16
Массасы 50 кг метеориттің 40км/с жылдамдықпен ұшқандағы кинетикалық энергиясын анықтаңдар.
№11. 26
Горизонталь бетте 5 м/с жылдамдықпен массасы 3 кг дөңгелек сырғанамай домалап келеді. Оның импульсін табыңдар?
В деңгейінің есептері
№11. 1
Массасы 160 г хоккей шайбасының импульсі 8 г, 600 м/с жылдамдықпен ұшатын оқтың импульсіне тең болу үшін шайба қандай жылдамдықпен ұшуы қажет?
№11. 4
Массасы 1 кг шар түзу сызықты және ілгерілемелі қозғала отырып, өзінің жылдамдығын 1 м/с – тан 10 м/с - ға дейін арттырды. Шар импульсінің өзгерісін анықтаңдар.
№11. 18
Кинетикалық энергиясы 10 Дж, ал импульсі
2 кг*м/с болатын дененің массасын анықтаңдар.
С деңгейінің есептері
№11. 14
Темір жол вагонының буферлік серіппесін 1 см - ге сығу үшін
30 кН күш керек болса, оны 5 см сығу үшін қандай жұмыс атқарылады?
№11. 25
Горизонталь беттегі денеге 10 м/с жылдамдықпен берілді. Егер дене мен беттің арасындағы үйкеліс коэффеценті 0, 1 болса, онда дене толық тоқтағанға дейін қанша қашықтықты жүріп өтеді.
№11. 36
Серепені 4 мм – ге созу үшін 20 мДж жұмыс атқару қажет. Оны 4 см соз үшін қанша жұмыс атқару қажет.
Ой бөлісу «Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы. Энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы» тақырыптарын қайталау және соған байланысты шығарылған есептерімізді қорытындылай отырып, қаншалықты меңгергеніміз бойынша ой бөлісейік.
Диалогтық оқыту әдісін пайдаланып, осы тарау бойынша әр топ бір – біріне 2 сұрақтан қояды. Яғни, жоғары және төмен мәртебелі сұрақтар қою.
Төмен мәртебелі сұрақтар:
1. Адам энергияны қайдан алады? (Адам энергияны жұмыс жасаған кезде және қозғалған кезде алады.)
2. Ғарыш зымыранының ұшуы қандай қозғалысқа негізделген? (Ғарыш зымыранының ұшуы реактивті қозғалыс принципіне негізделген.)
3. Тас вертикаль жоғары лақтырылған. Бұл жағдайда энергияның қандай түрлері болады? (Потенциалдық энергиясы артады, кинетикалық энергиясы кемиді.)
Жоғары мәртебелі сұрақтар:
1. Техника энергиясыз жұмыс істей ала ма? ( Жоқ. Себебі бірде – бір техника энергиясыз қозғалысқа келіп жұмыс істей алмайды. Сондықтан ғалымдар күн, жел, су, атом энергияларын пайдалану жолдарын үнемі іздестіріп келеді.)
2. Дененің күш импульсі Ньютонның қай заңы негізінде тұжырымдалған? (Ньютонның ІІ заңы импульстік түсінік тұрғысынан тұжырымдалған.)
3. Сағаттың бұралған серіппесінде механикалық энергияның қандай түрлері бар? (Сағаттың тілшесі төмен бағытталғанда кинетикалық энергиясы артады, ал сағаттың тілшесі жоғары бағытталғанда кинетикалық энергиясы кемиді де, потенциалдық энергиясы артады).

Сақталу заңдары тарауын қайталау және есептер шығару. жүктеу
16 842
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Физика есептері мен шешу жолдары
Физика есептері мен шешу жолдары
Физика есептерін шығарудың негізгі талаптары, оларды шығару жолдары.
Сақталу заңдары тарауын қайталау және есептер шығару
Сақталу заңдары тарауын қайталау және есептер шығару
формулаларды есеп шығаруда тиімді пайдалану; физикалық шамалардың айырмашылықтарын анықтау;
Сақталу заңдары
Сақталу заңдары
Сақталу заңдары және онда қолданылатын физикалық шамалар формуласын есеп шығаруда үйренеді.
Есеп шығару. Қайталау. «Сақталу заңдары»
Есеп шығару. Қайталау. «Сақталу заңдары»
Оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрету.
Тригонометриялық формулаларға есептер шығару
Тригонометриялық формулаларға есептер шығару
Тригонометриялық формулаларды есептер шығаруда тиімді қолдануға машықтану; Оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін, теориялық білімін практика жүзінде қолдана білу дағдысын дамыту;
Кинематика негіздері тарауына есептер шығару
Кинематика негіздері тарауына есептер шығару
Кинематика негіздері тарауын қайталап, формулаларды еске түсіріп, оны есеп шығару барысында қолдануға үйрену.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×