Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Электромагниттік индукция. Генераторлар. Трансформаторлар. Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі

28 қараша 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
Физика пәні 8 сынып
«Физика» пәнінің мұғалімі: Сандыбаева Айнур Саябековна

Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік индукция. Генераторлар. Трансформаторлар. Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі.
Сабақтың мақсаты:
• Біліктілік: Оқушылар электромагниттік индукция құбылысын зерттейді. Генераторлар және трансформаторлар мен танысады. Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі жайлы мәлімет алады;
• Тәрбиелік: оқушылар пәнге деген қабілеті мен қызығушылығын арттырады;
• Дамытушылық: оқушылар логикалық ойларын, есте сақтау қабілеттерін дамытады; теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуге дағдыландырады.
Көрнекіліктер: 1. Мультимедиялы презентация, суреттер;
2. Генератор, темір өзекше, катушкалар, шағын трансформатор.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сабақтың мақсаты;
2. Сабаққа келмегендерді белгілеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Табиғатта ешқашан бір жақты құбылыстар мен процесстер болмайтынын біз бірнеше рет байқадық. Егер электр тоғы магнит өрісін тудыра алса, онда кері құбылыс та бар болуы керек.
Сондықтан, «Магнит өрісі электр тоғын тудыра ала ма?» деген орынды сұрақ туады.
Дәл осындай кері құбылысты ағылшынның аса көрнекті ғалымы Майкл Фарадей табуға тырысқан.

Бүгiнгi күннiң технологиялары ПӘК - i 97 - 98% болатын трансформаторлар жасауға мүмкiндiк бередi. Трансформаторлардың электр энергиясын тасымалдаудағы рөлi ерекше. Электр энергиясын қашық аралықтарға тасымалдау күрделi ғылыми - техникалық мәселе болып табылады. Бұл жердегi негiзгi мәселе энергия шығынымен байланысты. Өткiзгiштердiң қызуынан болатын энергия шығыны Джоуль - Ленц заңына сәйкес тiзбектегi ток күшiнiң квадратына пропорционал, яғни Q=I2Rt. Олай болса, тасымалдау кезiндегi бос шығынды азайту үшiн тасымалданатын қуатты кемiтпестен, ток күшiн мүмкiндiгiнше азайту қажет. Оның бiрден - бiр жолы кернеудiң шамасын аса жоғары, жүздеген мың вольтқа көтеру. Жоғарғы вольтты электр тасымалдау жүйелерiнiң болуы осымен байланысты. Электр энергиясын өндiретiн жерде кернеудi трансформаторлардың көмегiмен 400 - 500 мың вольтқа дейiн жоғарылатады да, тасымалдап жеткiзген соң энергияны тұтынатын жерде керiсiнше өндiрiстiк 220 вольтқа дейiн кемiтедi.
Электр энергиясының алыс қашықтыққа берілуінің жеңілдетілген сұлбасы.

Электромагниттік индукция. Генераторлар. Трансформаторлар. Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі жүктеу
2 963
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Электромагниттік индукция құбылысы
Электромагниттік индукция құбылысы
Физиканың ең негізгі қағидаларының бірі электромагниттік индукция заңының тұжырымдамасын игеріп, білім - білік дағдысын дамыту шараларын ұйымдастыру.
Физика пәнінен факультатив сақтарының күнтізбелік жоспары
Физика пәнінен факультатив сақтарының күнтізбелік жоспары
Оқушылар бойына физика пәніне шынайы сүйіспеншілікті дарыту, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту. - Пәнаралық байланысты арттыру. Физика есептерін математикалық тәсілдермен шешу әдістерін игеруге баулу.
Электр өрісінің энергиясына есептер шығару
Электр өрісінің энергиясына есептер шығару
Оқушылардың теориялық алған білімдерін тест есептерін шығарта отырып жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Электромагниттік индукция. Генераторлар
Электромагниттік индукция. Генераторлар
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, № 11 жалпы білім беру орта мектебінің физика пәні мұғалімі Багтыбаева Жанна
Электромагниттік индукция. Генераторлар. Трансформаторлар
Электромагниттік индукция. Генераторлар. Трансформаторлар
Ақтөбе қаласы, № 8 орта мектептің математика және физика пәнінің мұғалімі Айтпағанбетова Гүлдана Бақтығұлқызы
Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері. Күн - жұлдыз
Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері. Күн - жұлдыз
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға ауылы, Жанкелдин орта мектебінің физика және математика пәнінің мұғалімі Молбаева Айгерім Қошанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×