Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Электромагниттік индукция. Генераторлар. Трансформаторлар

27 шілде 2014, Жексенбі
Категориясы: Физика
Сабақ тақырыбы: Электромагниттік индукция. Генераторлар. Трансформаторлар. Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі.

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Электромагнитік индукция құбылысын қарапайым, терең әрі жан - жақты түсіндіру, тәжірибе арқылы көрсету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін дамытуға, өз бетімен ізденуге, қорытынды жасауға, өзін - өзі бағалап, сын көзбен қарауға машықтандыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, өз елін сүюге тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақ типі: жаңа тақырыпты меңгеру.
Сабақтың көрнекілігі: презентация, видеоролик, портреттер, интер
белсенді тақта, тест парақшалары.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, география, информатика.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу және сынып тазалығына көңіл бөлу. (2 мин)
2. Өткенді қайталау; Жұптық жұмыс (12мин)
3. Жаңа сабақты түсіндіру, видеоролик көрсету. (15мин)
4. Жаңа сабақты бекіту. ( тест тапсырмаларын орындау, сөз құрастыру, суреттің мағынасын ашу). (12 мин)
5. Сабақты қорытындылау.(1 мин)
6. Оқушыларды бағалау.(2 мин)
7. Үйге тапсырма.(1 мин)

II. Үй тапсырмасын тексеру.
1) Сұрақ - жауап арқылы сұрақтар беріп білімдерін тексеру.
1. Заттардың магниттік қасиеттері неден болады?
2. Ампердің болжамдары
3. Магниттер қандай денелер?
4. магнит өрісіндегі тоғы бар өткізгішке әрекет ететін күш бағыты?
5. магниттердің түрлері.
6. ақпараттың магниттік жазылуы қалай жүзеге асады?

Жаңа сабақ түсіндіру
Проблемалық сұрақ: «Магнит өрісі электр өрісін тудыра ала ма?»
Табиғатта ешқашан біржақты құбылыстар мен процестер болмайтынын біз бірнеше рет байқадық. Егер электр тоғы магнит өрісін тудыра алса, онда кері құбылыс та бар болуы керек. «магнит өрісі электр өрісін тудыра ала ма?» деген орынды сұрақ туады.
Дәл осындай кері құбылысты ағылшынның аса көрнекті ғалымы Майкл Фарадей табуға тырысқан. 1931 жылғы тәжірибелерінде магнит өрісін өзгерткенде, электр тоғының пайда болу құбылысын ашты. Бұл құбылыс электромагниттік индукция құбылысы деп аталды.
Майкл Фарадей туралы қысқаша мағлұмат.

1 - Тәжірибе: 129 - сурет. Екі шарғыны А, В алып, А - шарғыны гальванометрге, В шарғыны тұрақты ток көзімен қосамыз. Шарғының біреуін екіншісіне кигізуге болады, сонда гальванометр ток пайда болғанын тіркейді. Енді, біріншісін қозғалыссыз қалдырып, екіншісі қозғасақ, онда да ток пайда болғанын көреміз.

2 - Тәжірибе: 130 - сурет. Екі шарғы да қозғалмайды, бірақ В шарғыға темір өзекше кигізіледі немесе одан шығарылады. Өзекті кіргізгенде ол магниттеледі де, өріс күшейеді, өзекті шығарғанда, өріс кемиді. А шарғы тізбегінде тек өзек қозғалғанда ғана ток жүреді.

3 - Тәжірибе: гальванометрге жалғанған А шарғыға магнитті енгізейік. Гальванометрдің тілі осы кезде токтың пайда болатынын, шарғыдан магнитті шығарғанда тілі қарама - қарсы жаққа ауытқитынын. Шарғыда қарама - қарсы бағыттағы токтың пайда болатынын көрсетеді. Сонымен тұйық өткізгіштің контурын тесіп өтетін магнит өрісінің кез келген өзгерісі өткізгіште электр тогын тудырады. Электромагниттік индукция құбылысының мәні де осы.
Электромагниттік индукция құбылысы жылу және гидроэлектр стансаларында электр энергиясын алу үшін қолданылады.
Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машиналар – генераторлар деп аталады.
Генераторлардың бөліктері: индуктор, якорь, контакт сақиналары және олардың бетімен сырғитын контакт пластиналар. Айналатын бөлік – ротор, қозғалмайтын бөлік – статор деп аталады.
Кернеуді жоғарылатуға және төмендетуге арналған құрылғыларды трансформаторлар деп атайды. Трансформатор темір өзектен және орам саны әртүрлі екі катушкадан тұрады. Егер көп орамы бар (n1) орамаға кернеу берілсе, онда электромагниттік индукция салдарынан аз орамы (n2 ) бар катушкадаU2˂U1 кернеу пайда болады және керісінше.
Электр энергиясын алыс қашықтыққа ең аз шығынмен тарату – оны тиімді қолданудың бірден – бір жолы. Ол үшін энергияны жоғары кернеуде беру керек.

Бекіту сұрақтары: Тест
1. Магнит өрісін өзгерткенде, электр тогы пайда болады. Бұл құбылыс қалай аталады?
А) электр өрісі
Ә) электромагниттік индукция құбылысы
Б) магнит өрісі
2. Электромагниттік индукция құбылысын ашқан кім?
А) Андре Мари Ампер
Ә) Александро Вольта
Б) Майкл Фарадей
3. Индукция латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
А) магнит
Ә) бағыттау
Б) өріс
4. Кернеуді арттыруға және кемітуге арналған құрал қалай аталады?
А) трансформатор
Ә) генератор
Б) ротор
5. Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машина
А) трансформатор
Ә) генератор
Б) ротор
2 - тапсырма: трактор+ конденсатор+формула+ мотор
Осы сөздердің қосындысынан қандай құралдың атын табуға болады?
3 - тапсырма: суреттің мағынасын ашу.

Қорытындылау.
Не білемін?
Не білдім?
Нені білгім келеді?
Үйге тапсырма: §59 - 60 оқу, Майкл Фарадей туралы мәнжазба дайындау.
19 775
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Электромагниттік индукция құбылысы
Электромагниттік индукция құбылысы
Физиканың ең негізгі қағидаларының бірі электромагниттік индукция заңының тұжырымдамасын игеріп, білім - білік дағдысын дамыту шараларын ұйымдастыру.
Электромагниттік индукция. Генераторлар. Трансформаторлар. Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі
Электромагниттік индукция. Генераторлар. Трансформаторлар. Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі
Оқушылар электромагниттік индукция құбылысын зерттейді. Генераторлар және трансформаторлар мен танысады. Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі жайлы мәлімет алады;
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Су ішінде денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтауды үйрете отырып білім және білік дағдыларын қалыптастыру.
Электромагниттік индукция. Генераторлар
Электромагниттік индукция. Генераторлар
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, № 11 жалпы білім беру орта мектебінің физика пәні мұғалімі Багтыбаева Жанна
Электромагниттік толқындар тарауын қайталау
Электромагниттік толқындар тарауын қайталау
Қызылорда қаласы, И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінің физика пәні оқытушысы Күздеубаева Перизат Сайфуллақызы
Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері. Күн - жұлдыз
Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері. Күн - жұлдыз
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға ауылы, Жанкелдин орта мектебінің физика және математика пәнінің мұғалімі Молбаева Айгерім Қошанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×