Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғажайып бестік алаңы

15 қаңтар 2013, Сейсенбі
Категориясы: Физика
Қызылорда қаласы, Талдыарал елді мекені
№215 орта мектебінің физика пәні мұғалімі
Бекетова Ғалия

Тақырыбы: «Ғажайып бестік» алаңы
Түрі: Сыныптан тыс жұмыс
Пәні: Физика және информатика
Мақсаты: Оқушылардың физика және информатика пәндері бойынша білім дәрежесін байқап, алған білімдерін одан әрі тереңдету, кеңейту
Сайыс түрлері:
І тур “Ғалымдар”
ІІ тур “Өлшем бірліктер”
ІІІ тур “Құрылғылар”
ІУ тур “Шамалар мен пернелер”
У тур “Кім жылдам?”
І тур
Тақтада физика және информатика саласында зор үлес қосқан ғалымдардың аты-жөндері шығады.
1. Физика саласында:
1. Архимед
2. М.В.Ломоносов
3. И. Ньютон
4. Б. Паскаль
5. Аристотель
Қойылатын сұрақтар:
1. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым? (И.Ньютон)
2. Информатикада программа аты, қысымды анықтаған ғалым? (Б.Паскаль)
3. Ауырлық күшіне қарсы ығыстырушы күш кімнің атында? (Архимед)
4. Физиканың бірінші ұстазы кім? (Аристотель)
5.Физика сөзін орыс тіліне енгізген кім? (М.В.Ломоносов)

2. Информатика саласында:
1. Ада Лавлейс
2. Ч. Бэббидж
3. Говард Айкен
4. Д. Робертсон
5.С.А.Лебедев
Қойылатын сұрақтар:
1. Алғашқы есептеуіш автоматтың авторы ? (Ч. Бэббидж)
2. Бірінші советтік ЭЕМ –ға 1950 жылы басшылық жасаған академик ғалым? (С.А.Лебедев)
3. Бірінші бағдарламаушы саналған, Бэббидж машынасына бағдарлама жазған? (Ада Лавлейс)
4. Марк -1 автоматты есептеуіш машына құрастырған кім? (Говард Айкен)
5. 1761 жылы логарифм сызғышын ойлап тапқан? Д. Робертсон

ІІ тур
Тақтада физика және информатика пәндерінің өлшем бірліктеріне арналған
1. Информатика саласында:
1. Байт
2. Мегабайт
3. Гигабайт
4. Килобайт
5. Бит
Қойылатын сұрақтар:
10 секунд ішінде ақпараттың өлшем бірліктерін өсу ретімен орналастыру керек. (Жауабы: Бит; Байт; Килобайт; Мегабайт; Гигабай)
2. Физика саласында:
1. Джоуль
2. Кельвин
3. Ватт
4. Ампер
5.Ом
Қойылатын сұрақтар:
1. Ол физикалық өлшем бірлік қуатты анықтайды? (Ватт)
2. Ол физикалық өлшем жылу мөлшерін анықтайды? (Джоуль)
3. Ол физикалық өлшем бірлік токты анықтайды? (Ампер)
4. Ол физикалық өлшем бірлік кедергіні анықтайды? (Ом)
5. Ол физикалық өлшем бірлік температураны анықтайды? (Кельвин)

ІІІ тур
Физикалық приборлар және компьютер құрылғыларының атқаратын қызметтерін білу
1. Физика саласында
1. Динамометр
2. Барометр
3. Манометр
4. Вольтметр
5. Амперметр
Қойылатын сұрақтар:
1.Гректің сөзінен аударғанда сирек, тығыз емес деген ұғымды білдіріп қысымды өлшейтін құрылғы – (Манометр)
2.Ток көзіндегі кернеуді өлшейтін құрылғы – (Вольтметр)
3. Дененің электрленгенін анықтайтын құрылғы – (Электроскоп)
4. Гректің сөзінен аударғанда ауырлық деген ұғымды білдіріп атмосфералық қысымды өлшейтін құрылғы –( Барометр)
5. Күшті өлшейтін құрылғы – (Динамометр)
2. Информатика саласында:
1. Монитор
2. Пернетақта
3. Принтер
4. Дискжетек
5. Сканер
Қойылатын сұрақтар:
1. Ақпаратты адамнан ЭЕМ-ға беруге арналған құрылғы - Пернетақта
2. Графикалық ақпаратты адамнан ЭЕМ-ға енгізу құрылғы- Сканер
3. Ақпаратты (мәтіндер мен бейнелерді) ЭЕМ-нан адамға беруге арналған құрылғы - Монитор
4. Ақпаратты адамға қағазға басылған мәтіндер мен бейнелер түрінде беруге арналған құрылғы- Принтер
5. Ақпараттың үлкен көлемін сақтауға және қайта шығаруға арналған құрылғы - Дискжетек
ІУ тур
Физикалық шамаларды белгіленуі және информатика саласында пернетақта пернелерінің атауы шығады
1. Информатика саласында:
1. Shift
2. Delete
3. F1 – F12
4. Enter
5. Num lock

Қойылатын сұрақтар:
1. Енгізу пернесі - Enter
2. Сандық ақпаратты енгізу үшін - Num lock
3. Бас әріпті жазу үшін - Shift
4. Функционалдық пернелер- F1 – F12
5. Меңзерден кейінгі қатені өшіру - Delete
2. Информатика саласында:
1. R
2. A
3. F
4. U
5. Q
Қойылатын сұрақтар:
1. Кедергі- R
2. Жылу мөлшері - Q
3. Күш - F
4. Жұмыс - A
5. Кернеу - U
У тур
«Кім жылдам?» деп аталатын ойынның қорытындысы бойынша ұпайлары жоғары екі оқушы қатысады
Физика-информатика сөзінен физика және информатика пәндеріне байланысты сөздер құрау. Кім жылдам, көп сөз құрайды екен?
Мысалы: атом, ток, Ом, формат, фон, найти, рамка т/б
Қорытынды .
Осымен «Ғажайып бестік» алаңының жеңімпазы анықталды.
Жеңімпазды марапаттау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 659
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Тест, физика 7 сынып
Тест, физика 7 сынып
Молекула дегеніміз не? А) заттың ең ұсақ бөлшегі. Ә) бөлінбейтін бөлшек. Б) күрделі зат.
Ғажайып физика
Ғажайып физика
Оқушылардың білім деңгейін байқау, ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың ақпараттық мәдениеті қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру.
Архимед күші. (қысқа мерзімді жоспар)
Архимед күші. (қысқа мерзімді жоспар)
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы Ақсай қаласы, №5 ЖОББМ физика, информатика пәні мұғалімі Акашаева Л. С.
Жұлдызды сағат
Жұлдызды сағат
Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебі Информатика пән мұғалімі Тапаева Бақтыханым Төлеубайқызы
Жаңа технология әдістемелерін қолдана отырып физика, математика, информатика, сызу – сурет сабақтарында оқушы біліктілігін дамыту
Жаңа технология әдістемелерін қолдана отырып физика, математика, информатика, сызу – сурет сабақтарында оқушы біліктілігін дамыту
Әбдіқасым Молдақадырұлы жоғары санатты математика пәні мұғалімі Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш селосы Жамал Ермегияев атындағы орта мектебі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×