Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Физика және техника» қолданбалы курсы

08 мам 2024, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
«Физика және техника» қолданбалы курсы
Садыкова Жанаргул Рахымбековна
физика пәнінің мұғалімі
Абай облысы Ақсуат ауданы
«М. Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ
Қазіргі кезде білім берудің негізгі мақсаты – оқушыларға жаттанды білім беру емес, олардың қабілетін, әлеуметтік қызығушылығын неғұрлым жоғары дәрежеге көтеру, оқушылардың өмірлік мәні бар жоспарларын жүзеге асыруға кең мүмкіндік беруге ықпал ететіндей білім беру кеңістігін жасау.
Бүгінгі таңда мемлекетімізге инженерлер, ғалымдар, техника саласындағы мамандар қажет және әлеуметтік – экономикалық жағдайлардың күрделенуі, ақпараттар ағымының қарқындауы, мектеп түлектеріне жаңа талаптар жүктейді. Елімізде техникалық мамандықтарға гранттар санының көптеп бөлінуі соның дәлелі. Оқушылар болашақта техникалық мамандықтарға түсу үшін физика пәнін таңдап, қызығушылықпен оқитын болады.
Қарапайым өлшеу құралдарынан бастап зымырандар мен заманауи құрылғыларға дейінгі жетістіктердің даму тарихы, техникалық жаңалықтар, бүгінгі техниканың өнертабысы, электр желісі мен байланыс құралдарының дамуы туралы мағлұматтар қамтылған. Бағдарламаға енгізілген жобалар мектеп бағдарламасына сай алынған, бірақ кейбір жұмыстар оқушылардың физикалық білімдерін тереңдету мақсатында күрделірек болып келеді. Оқушылардың жоба жұмыстарына бағдарламаның практикалық бөлімінен бірнеше сағат жоспарланған.
«Физика және техника» тақырыбындағы курс бағдарламасы оқушылардың қызығушылығынан, кәсіптік мүддесінен туындайтын арнайы мақсаттарын ескере отырып дайындалған. Вариативтік компонент есебінен білім алушылардың ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз етуге ықпал жасау мақсатында аптасына 1 сағат көлемінде оқытылады.
Курстың мақсаты:
- Бағдарлы физика пәні туралы оқушы білімін кеңейту
- Техникалық құралдардың жұмысын физикалық заң аясында түсіну
- Соңғы ғылым жаңалықтарымен таныстыру
- Танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту арқылы мамандық таңдауға бағыттау
- Орта және жоғары білім сабақтастығын жетілдіру
- Ойлау, есептеу дағдысын кеңейтіп, шығармашылыққа бейімдеу
- Зерттеу жүргізуге, STEM сауаттылықты арттыруға, виртуалды модельдеу арқылы жобалық жұмыстарын әзірлеуге бейімдеу.
Курстың міндеті:
- Физика және техника жетістіктерінің байланысын оқыту
- Стандартты емес есептер шығару арқылы физика пәнінің маңыздылығын дәлелдеу
- Теорияны өмірмен байланыстыра білу
- Физика пәнінің негізгі заңдарының техникалық бағытта қолданылуын нақты игеру
- Нарық жағдайындағы байланыс саласы мен ауыл шаруашылығы қызметіндегі физика ғылымының маңыздылығын ашу
Оқу - тақырыптық жоспар. Барлығы 34 сағат

Р/сТарауТақырыпСағ санымер
зімі
теорпрак
1Кіріспе
(3сағ)
Ғылым мен техника арасындағы байланыс. Физика – техника негізі
Қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерімен танысу
Физикалық эстафета ойыны
1
1
1
2Техникалық құралдар
(3 сағ)
Физикалық шамаларды өлшеу және есептеу тәсілдері
Техникалық өлшеу құралдары. Құралдардың қолданылуы, жұмыс принципі
Практикалық жұмыс. Техникалық құралдардың көмегімен өлшеулер жүргізу, салыстырмалы және абсолют қателіктерді табу
1
1
1
3Күш және қысым
(7 сағ.)
Техникадағы деформация және серпімділік күші
Үйкеліс және техника. Үйкелістің пайдасы мен зияны.
Қысым. Гидравликалық машиналар
Су құбыры. Атмосфералық қысым. Сорғылар
Архимед заңы. Жүзгіштік
Практикалық жұмыс. Виртуалды симулятор көмегімен компьютерлік модельдеу.
Жобалық жұмыстар. «Субұрқақ», «Атмосфералық қысымның адам өміріне әсері», «Архимед заңын зерделеу», «Кемелердің жүзуі» 
1
1
1
1
1
1
1

4Қозғалтқыштар (5 сағ.) Жылу қозғалтқыштары. Түрлері. Жұмыс принципі
Жылу қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициенті
Техниканың дамуындағы жылу қозғалтқыштарының ролі
Жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау
Жоба. «Қозғалтқыштар және оның маңызы»,«Жылу қозғалтқышының модельдерін жасау» 
1
1
1
1
1
5Электронды техникалық және байланыс құралдары (5 сағ)Электроника. Телекоммуникация
Қазақстандағы байланыс саласының дамуы. Сандық байланыс құралдары
Интегралдық схема. Баспа тақташалар. Ардуино - басқару тақтасы
Компьютерлік модельдеу: Цифрлық құралдардың мүмкіндіктерін пайдалану
Ардуино көмегімен әртүрлі механизмдерді басқару 
1
1
1
1
1

6Ғарыштық техника
(4 сағ)
Импульстің сақталу заңы. Реактивті қозғалыс. Зымырандар
Жасанды серіктер. Ғарыш әлемі. Байқоңыр ғарыш айлағы
Эссе. «Қазақстанның ғарышты игерудегі жетістіктері»
Практикалық сабақ. «Ұшу аппараттары» модельдерін құрастыру
1
1
1
1


Энергия және электр (4 сағ).Энергия. Энергия көздері. Күн, жел, су энергияларын қолдану
Электр энергиясы, оны өндіру және жеткізу
Электр энергиясының жұмысы мен қуаты. Энергияны үнемдеу. Электр энергиясын есептеу
Жоба. «Болашақтың энергиясы», «Қалдық май жанарғысы»
1
1
1
1
7Қорытынды (3 сағ)Экскурсия: Ауыл шаруашылығы техникасы жұмысын зерделеу
Қорытынды: тест
21

Қолданбалы курстың толық нұсқасын жүктеу​​​
1 320
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазіргі білім беру саласындағы заманауи бағыттар
Қазіргі білім беру саласындағы заманауи бағыттар
Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы – білім беру ұйымдарында бейіндік оқытуды ұйымдастыру мен оқушылардың бейімдік қабілетін анықтаудағы
Инновациялық технологиялар
Инновациялық технологиялар
Өркениет әлемінің озық технологияларын меңгерген, жаңа заман талабына сай кәсіптік білімі бар мамандар қажет десек, осы жолда орта кәсіптік білім беру – мемлекеттік саясаттың ауқымды да маңызды бағыты болып табылады.
Болашақ мейірбикелерді дайындау (қолданбады курс)
Болашақ мейірбикелерді дайындау (қолданбады курс)
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, «№19 жалпы орта білім беретін мектеп»ММ Физика пәнінің мұғалімі Алманова Гүлсім Аманқұлқызы
Оқушылардың физика пәнін қызығушылықпен оқуындағы техникалық үйірменің ролі
Оқушылардың физика пәнін қызығушылықпен оқуындағы техникалық үйірменің ролі
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бостандық ОЖББМ физика пәнінің мұғалімі Муканов Жумабек Нагимович
Қолданбалы курс бағдарламасы «Матрица»
Қолданбалы курс бағдарламасы «Матрица»
Ыдырысов Әбдіқасым Молдақадырұлы жоғары санатты математика пәні мұғалімі Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш селосы Жамал Ермегияев атындағы орта мектебі
Теңдеу және теңсіздіктерді шешу.10 сынып. Қолданбалы курс
Теңдеу және теңсіздіктерді шешу.10 сынып. Қолданбалы курс
Теңдеу және теңсіздіктерді шешу Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті №249 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі Сансызбай Айгүл Мұхтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×