Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Электодинамика негіздері

14 ақпан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Физика
Тапсырма: Электрлік құбылыстардың табиғатта, тұрмыста қолданысы
Тапсырма мәтіні: Электрлі зарядталған бөлшектердің өзара әсерлесуі мен қозғалысы арқылы анықталатын процестердің күнделікті өмірде, техникада және табиғатта жиі кездеседі яғни қолданыста екені белгілі. Электрлік құбылыстардың (Электр тогы, электр өрісі, магнит өрісі, электромагниттік өріс т. б.) зиянынан пайдалы жақтарын айқындау керек. Алғашқы электрлік құбылыстарды кімдер, қашан байқады? Бояу жаққышы жоқ бояушы жалы не айтасыз? Электрмен ыстау, электрлік түк, тозаңды қалай ұстайды, заттарды араластыруда электрлік құбылыстардың қандай қатысы бар? Табиғаттағы электрлік құбылыстардың шығу салдары. Электрлік құбылыстар арқылы газды тазартудың сыры неде? Жылу көзі электрлік лампаның құпиясы. Ас өнімдерін электрлі стерилизациядан өткізудің тиімділігі неде? Электросмос арқылы жерді қалай дымқылдап тазартады? Шаш өсіруде электрдің әсері. Мұхиттағы кұралдарды электрлік қорғаудың мәнісі не?

Қор көзі:
Әдебиеттер:
Г. Я. Мякишев, Б. Б. Буховцев. «Физика» 10 сынып Алматы «Рауан» 1998ж
М. Н. Алексеев «Физикаға құмар өренге...» Алматы «Мектеп» 1984ж
«Физика в школе» 1991 жыл.№6,
«Физика в школе» 1988 жыл.№1
«Сұрақ және жауап энциклопедиясы» Стив Паркер, Брайан Уильямс 2007 Алматы кітап

Бағыт - бағдар (үлгі).
М. Н. Алексеев «Физикаға құмар өренге...» Алматы «Мектеп» 1984ж

Үйкеліспен электрлеу жайындағы алғашқы түсінік өте ерте заманнан басталды. Бірақ та электр құбылыстары жайындағы ғылымның тарихын ағылшын королевасы Елизаветаның дәрігері, Вильям Гильберттің зерттеулерінен бастауға болады. Гильберт электр және магнетизм жөніндегі бірінші шығармасын 1600 жылы жарыққа шығарды. Алғашқы электр машинасын 1650 жылы неміс ғалымы Отта Герике жасады. 1729 жылы ағылшын ғалымы Стефан Грей электрді өткізетін және өткізбейтіндердің болатындығын ашқан. 1730 жылы Француз ғалымы Шарль Дюфе электрленген денелердің кейбір жағдайларда бірін – бірі тартатын, кей жағдайда бірін - бірін тебетінін байқаған. Ең алғашқы лектроскоптардың бірін 1745 жылы Петербург академиясының академигі Георг Вильгельм Рихман жасады. 1785 жылы Француз инженері Шарль Кулон электрленген денелердің өзара әсерлесу күші неге байланысты екенін тәжірибе жолымен анықтады.

Статикалық электрдің заңдылықтар мен оларды пайдаланудың ережелерін зерттеп білсе, ол адамның сенімді көмекшісі бола алады. Материалдың қатты және сұйық ұсақ бөлшектері электр өрісіне кіргізіледі, бұл жерде олардың бетіне электрондар мен иондар «қонады», яғни бөлшектер заряд алады да, әрі қарай электр өрісінің әсерінен қозғалатын болады.

Конвейермен келе жатқан сырланатын детальдарды, айталық автомобиль корпусын, оң зарядпен зарядтайды, ал бояудың бөлшектерін теріс зарядтайды, сонда олар теріс зарядталған детальға қарай ұмтылады. Оның бетінде жұқа, тығыз және біркелкі бояу қабаты пайда болады. Бояғыштың аттас зарядпен зарядталған бөлшектері бірін бірі тебетіндіктен сырланатын қабат біркелкі болып шығады. Электр өрісінен қашқан бөлшектер бұйымға қатты соғылатындықтан, бояу тығыз түседі.

Таза ауа тек адамға емес, өндірістерге де керек. Машиналардың барлығы шаңның әсерінен тез тозады, ал оларды ауамен салқындатып тұратын каналдар бітеліп қалады. Сонымен қатар, көбінесе шығып жатқан газдармен ілесіп ұшып кететін тозаңдар бағалы шикі зат болып саналады. Металл құбырдың центріне орнатылған сым бір электродтың қызметін атқарады, екінші элетрод құбырдың қабырғасы болып табылады. Электр өрісінде құбырдың ішіндегі газ иондалады. Теріс иондар кіретін жол арқылы газбен бірге келген түтіннің бөлшектеріне «жабысады да», оларды зарядтайды. Электр өрісінің әсерінен олар трубаға қарай қозғалады, оған қонады, тазартылған газ шығатын жолға қарай қозғалады. Құбырды мезгіл - мезгіл қағады, сол кезде ұсталған бөлшектер шанаққа келіп түседі. Ірі жылу электр станцияларының электр сүзгілері сыртқа шығатын газдың құрамындағы күйенің 99%- ін ұстап қалады...

«Физика в школе» 1991 жыл.№6,
Америкалық компания қуаты1млн. Вт электрлік шамды ойлап тапты. Ол шам бөлмені жарықтандыру үшін емес, жылыту үшін жасалған. Шамның жұмыс жасау принципі мынада: екі спираліне шоғырланған электроды бар кварцт трубаның біреуіне иондалған аргон келеді. Оның арқасында анод пен катод арасында электрлік өріс пайда болады. Екінші спиральда дииондалған болады электр тогын өткізбейді және соның әсерінен су қайнамайды. Су жылуды екі трубаның арасында тасымалдайды. (үстінен және астынан).....
Бұл шамдарды жартылай өткізгіштерді өндіруде пайдаланылады. Авиациялық және машиналардың үстіңгі бөліктерінің құрылғылары істен шыққанда қолданылады....
Теңіз суында токтың әсерінен электролиздің пайда болуы құралдардың өсуіне үлкен жақсы әсерін тигізетінін және балықтарды олардан қашыратынын жапон ғалымдары байқаған. Бұл экологиялық тұрғыда пайдалы екенін көрсетіп отыр...
Жер бетіндегі адамзаттың 30% шаш түсуден зардап шегеді. 80жылдардың ортасында шаштың өсуіне электр өрісінің әсері зор екенін көрсетті. Ал қазіргі уақытта шашы таз адамдарға арнайы құрылғы жасалды. Құрылғының түрі кәдімгі шаштараздағы кептіргішке ұқсас, оның ішінде 12 В токпен қоректенетін төрт электрод орналастырылған (адам шашынан 1 - 4см қашықтықта). Құрал периодтты өшіп жанып тұрады. Жасушалардың жандануын, ДНК пайда болуына, шаштың түбіндегі мембраналарды тірілтуге поляризация және деполяризациялау әсер етіп шаштың өсуіне септігін тигізеді.

«Физика в школе» 1991 жыл.№6,
Егер бір заттың ұсақ бөлшектері оң зарядпен, екіншісінікі теріс зарядпен зарядталған болса, онда бөлшектері бір қалыпты орналасқан олардың қоспасын шығарып алуға болады. Мысалы, осы күні нан заводтарында нанды илеу үшін үлкен механикалық жұмыс жасаудың қажеті жоқ. Оң зарядталған ұнның ұлпасы ауа ағынымен камераға жіберіледі, камераның ішінде олар ашытқысы бар, теріс зарядталған су тамшыларымен кездеседі. Ұн ұлпасы мен су тамшылары бірін - бірі тартып бірігеді де, біртекті қамыр жасалады. Бұл құбылысқа негізделген технология ыңғайлы: зарядталған бөлшектердің ағынын электр өрісін өзгерту арқылы басқаруға болады, барлық процесті автоматтандыру жеңіл...

Оқушының зерттеу жұмысын жүргізуде алатын функционалдық оқу әрекеті
Тапсырманы орындау барысында оқушы:
Зарядталған бөлшектердің өзара әсерлесу арқылы электрлік құбылыстардың анықталатынын, техникада және тұрмыста жиі қолданылатынын біледі.
8 866
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі.
Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі.
Алғашқы түсініктер мен ұғымдар қалыптастыру және бекіту: өріс, электр өрісі, кернеулік – электр өрісінің күштік сипаттамалары, физикалық мағынасы, есептеу формуласы, өлшем бірлігі.
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіш және өткізбейтіндерді күнделікті өмірде және өндірістерде қолдана білуге үйрету.
Табиғи құбылыстар
Табиғи құбылыстар
Дыбыстық құбылыстарға – құстардың сайрауы, жапырақтың сылдыры, аңдардың ырылдауы, күннің күркіреуі және т. б жатады. Дыбыссыз өмір сүру мүмкін емес сияқты. Ойлап көріңдерші дыбыссыз кинофильмдер, құстардың ән салмауы, адамның бір - бірімен
Денелердің электрленуі
Денелердің электрленуі
А) Оқушыларға денелердің электрленуі туралы жалпы мағлұматтар беру, электр сөзінің пайда болуы мен дамуы туралы түсінік беру.
Тұрақты электр тогы тарауын қорытындылау сабағы
Тұрақты электр тогы тарауын қорытындылау сабағы
Шығыс Қазақстан облысы, Тассай ауылы, М. О. Әуезов атындағы орта мектеп Смагулова Бақытгул Ақытовна
Табиғат және адам
Табиғат және адам
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №4 орта мектептің физика пәні мұғалімі Дина Ақылбекова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×