Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның энергетикалық даму кезеңдері

18 наурыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
Сабақ тақырыбы: Қазақстанның энергетикалық даму кезеңдері
Сабақ мақсаты:
а) білімділік: Қазақстан энергетикасы, электроэнергетика міндеттері,
ОЭК, электр станциялары туралы оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыру;
ә) дамытушылық: электр энергетикасы туралы толық деректер бере отырып, оқушылардың білімін арттыру; жаңаша оқыту әдістері арқылы логикасын, ойлауын дамыту.
б) тәрбиелік: отансүйгіштікке тәрбиелеу, минералды ресурстарды және энергияны үнемдеуге тәрбиелеу арқылы оқушының пәнге,ғылымға қызығушылығын арттыру. Белсенді жеке тұлға
қалыптастыру.

Сабақ түрі. Дәстүрлі емес.
Әдісі: интерактивті оқыту; СТО бағыты «Қызығушылықты ояту»,
ойын «Шам жағу», сұрақ - жауап.
Көрнекіліктер: Электронды оқулық «Қазақстанның экономикалық және
әлеуметтік географиясы», «Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан» Н. Назарбаевтың жолдауы 12 - бағыт, ойын
«Шам жағу», плакат «Энергетикалық жүйе», ғалымдар
портреттері, «Ақиқат» журналы, компьютер, мультимедия
аппараты.
Пән арқылы байланыс: арнайы технология (дәнекерлеуші), география,
нарықтық экономика, физика.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Оқушыларды тексеру.
2. Сынып бөлмесінің, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Өткен сабақты тексеру.
1. Сұрақ - жауап әдісі.
(жалпы топқа қойылады)
Сұрақ: Өткен сабақта қандай тақырып өттік?
Жауап: Электотехникаға кіріспе.
Сұрақ: 1. Электротехника нені зерттейді?
Жауап: Электротехника - электр және магниттік құбылыстардың практикалық мақсатқа қолданылуын зерттейтін ғылым.
Сұрақ: 2. Электроника туралы не білесіңдер?
Жауап: Электронды, жартылай өткізгішті, вакуумды, газды ортада электр құбылыстарын қолдануға негізделген құрылғылар.
Сұрақ: 3. Электр энергетикалық жүйе туралы не білеміз?
Жауап: Өзара байланысқан өндіруші, тұтынушы, түрлендіруші, таратушы, жеткізуші желілердің жиынтығы.
Сұрақ: 4. Үшфазалы электр жүйесін, электр қозғалтқышын, үшфазалы трансформаторды ойлап тапқан ғалым кім?
Жауап: Электроэнергетиканың негізін салушы: М. О. Доливо - Добровольский.

2. Қорытындылау. Ойын «Шам жағу»

Шарты: сұрақтарға жауап бере отырып, жанған шамға жету.
Экранда «Ойын аты», сұрақ біртіндеп шығады.
1. Электрлік техникаларды ата.
2. Электротехниканың негізін салушы ғалым. Оның ашқан жаңалығы.
3. Электр энергиясын қайда өндіреді?
4. Сапалы, тұрақты электр тоғын пайдалану үшін қандай шарт орындалуы тиіс?
Мұғалім: Алғашқы электр шамын орыс өнертапқышы А. Н. Лодыгин құрастырған еді.

ІІІ Жаңа сабақты меңгерту.
1) Тақырыпты, негізгі жоспарды экранға шығару.

1. Электрлік энергетиканың міндеттері.
2. Қазақстанның отын - энергетикалық кешені (ОЭК)
3. Қазақстан энергетикасының даму кезеңдері.

«Қызығушылықты ояту» стратегиясы:

Мұғалім: Бүгінгі жаңа тақырыптың 1, 2, 3 - сұрақтары бойынша не білетіндеріңізді, қандай мәліметтер белгілі екенін 1 - бағанға қысқа түрде жазамыз. (Не жазғандарын анықтау.)
Оқушылар, 2 - бағанға экранда тұрған 1, 2, 3 - сұрақтар бойынша не білгілеріңіз келетінін жазып шығыңыздар.

2. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Электрлік энергетиканың міндеттері:
Экранда:
- халық шаруашылығын, өндіріс орындарын электр энергиясымен толық қамтамасыз ету,
- электр энергиясын өндіріп, пайдалануды оңайлату;
- электр энергиясын үнемдеу мақсатында энергетикалық тиімді құрылғылар мен қондырғылар, аспаптар жасап шығару;
- электр құрылғыларды пайдалануды оңайлату (батырма, қосқыш, пульт т. б.)
- электр энергиясын үнемдеу;
- Біріккен энергожүйе құру және т. б.
1997 жылы Қазақстан Үкіметі «Энергияны үнемдеу» туралы Заң қабылдады. Электр энергиясын үнемдеу арқылы Жер - Анамыздың бізге және біздің ұрпақтарымызға беретін табиғи - минералды ресурстарды үнемдейміз.

2. Қазақстанның отын – энергетикалық кешені (ОЭК)
ОЭК – отынды және электр энергиясын өндіруді, оны тұтынушыға жеткізуді қамтамасыз ететін кешенді өндіріс.
ОЭК отын өндірісінде көмір, мұнай, газ сияқты минералды ресурстарды пайдаланады. ОЭК - тің энергетикалық бөлігін электр станциялар құрайды. Өздеріңе белгілі Қазақстанда негізінен үш электр станциясы жұмыс жасайды.
Электронды оқулықты қолданып «Су электр станциясы», «Электр станциялары» бейне жазбаны көрсету. Гипермәтіннен Қазақстан Республикасының экономикалық картасын пайдаланып, негізгі электр станциялары орналасқан аудандарды көрсету.
Кең байтақ отанымызды электр энергиясымен қамтамасыз етіп, ел экономикасын көтеруде үлкен үлес қосып отырған энергетикалық станциялар қай аймақтарда орналасқанын көрейік.
ЖЭС - лары Орал, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Петропавл, Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Қызылорда, Семей, Арқалық қалаларында орналасқан.
СЭС - лары Шығыс Қазақстанда Өскемен (Ертіс, Үлбі, Бұқтырма, Хариуз өзендерінде), Алматы облысында (Қапшағай, Үлкен Алматы, Кіші Алматы), Шымкент облысында(Шардара су қоймасы), Талдықорған облысында(Текелі) электр энергиясын өндіріп, осы өңірлерді энергиямен қамтамасыз етеді.
Қазақстандағы әзірше жалғыз АЭС біздің өлкемізде - Ақтау қаласында орналасқан. Болашақта Балқашта да АЭС бой көтермекші.
Еліміз бойынша барлық ЖЭС бүкіл өндірілетін энергияның 90%- ын, СЭС - 8%- ын, АЭС - 2%- ын береді. Бүгінгі күні 42 ірі және бірнеше шағын ЖЭС, 6 ірі және бірнеше шағын СЭС, 1 АЭС бар. «Жоңғар қақпасы», Арқалық аудандарында екі ЖелЭС салынуда. Жел қатты соғатын тағы 40 ауданда қуаты 2 млн. квт. ЖелЭС жоспарлануда.

3. Қазақстан энергетикасының даму кезеңдері.
ОЭК Қазақстанды электр энергиясымен толық қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Ол үшін отын да, энергоресурстар да жеткілікті. Бірақ, ОЭК біркелкі дамымаған. Оны мынадан көруге болады 1990 жылы Қазақстанда 90 млрд. квт. сағ. энергия өндірілген болатын. Ал, сол кездегі республикамыздағы электр станцияларының энергия өндіру мүмкіндігі 19млрд. квт. сағ. еді. Бүгінгі күні электр станциялардың өндіріс мүмкіндігі 95млрд. квт. сағ., бірақ 60 млрд. квт сағ. энергия өндіреді.

Қазақстанның энергетикалық даму кезеңдері
Қазақстан егемендік алғаннан бері төл энергетикамыз қалай дамып келеді,
бүгінде қандай деңгейде? Бұл сұраққа жауап беру үшін мына диаграммаға назар аударайық. (Экраннан диаграмма шығады.)
1990жылы - 90 млрд. квт. сағ.
1994 жылы - 66, 4 млрд. квт. сағ.
1997 жылы - 60 млрд. квт. сағ.
2003 жылы - 64 млрд квт. сағ.
2005 жылы - 68 млрд. квт. сағ.
2010 жылы - 85 млрд. квт. сағ.
2015 жылы - 102 млрд. квт. сағ.
2020 жылы - 114 млрд. квт. сағ.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Қазақстан үкіметі энергетикалық тоқыруға ұшырамас үшін ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып энергетика өндірісін жекешелендіріп, тығырықтан шыға білді. Алғашқы отандық өнімдерді, жаңа типті қондырғыларды АМЖЗ, ЭЛМО зауыттары шығара бастады.(«Энергетика» журналын пайдалану)
Оңтүстік жақтағы энергетикаға тапшылық көршілес Қырғызстаннан және Түрікменстаннан энергия алуға мәжбүр етуде.»Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында және Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында энергетика міндеттерін орындау, энергетикалық тапшылық мәселелерін шешу жолдары қарастырылған. Сондай - ақ, еліміздің Энергетика және минералды ресурстар министрлігі «Самұрық» энергетикалық өндірісімен бірлесіп 2007 - 2015 жылдарға арнап перспективалық жоспар жасаған. Осы орайда Энергетика және минералды ресурстар министрі С: Мыңбаев Екібастұз ЭС қуаты молайтылып, Қарағанды, Павлодар т. б. аймақтарда ЖЭС салынатынын мәлімдеді. Бүгінгі күні энергия құны көтерілді. («Жас Алаш»газеті,»Ақиқат» журналы)

4. Бекіту.
1.«Қызығушылықты ояту» стратегиясы бойынша кестедегі 3 - бағанды толтыру.
2. Біз өтілген тақырыптан нені меңгердік?
ОЭК деген не?
Қазақстан энергетикасын дамыту нені көздейді?

5. Дәптермен жұмыс.
1. Лекция жаздыру.
6. Бағалау.
7. Үйге тапсырма.
Қазақстан энергетикасын даму кезеңдерінің диаграммасын сызу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 690
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Потенциал және потенциалдар айырымы. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымының арасындағы байланыс (Конденсаторлар)
Потенциал және потенциалдар айырымы. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымының арасындағы байланыс (Конденсаторлар)
Потенциал және потенциалдар айырымы. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымының арасындағы байланыс (Конденсаторлар) Потенциал ұғымын қалыптастыру, өрістің энергетикалық сипатын, потенциал айырымы мен кернеулік арасындағы байланысты
Павлодар облысының отын - энергетикалық кешені (күнделікті сабақ жоспары)
Павлодар облысының отын - энергетикалық кешені (күнделікті сабақ жоспары)
Отын өнеркәсібі – облыстың басты энергиясының көзі. Павлодар облысында көмірді шығаратын 8 орын бар. Ең ірілері – Екібастұз бен Майкүбі бассейндері. Екібастұз көмір алаңы – Қазақстандағы ең ірі алаңның бірі. Оның жалпы қоры – 1208 млрд. т.
Атажұрт
Атажұрт
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №170 орта мектептің география пәні мұғалімі Әбдіжаппарова Жадыра Орынбайқызы
Потенциал және потенциалдар айырымы. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымының арасындағы байланыс
Потенциал және потенциалдар айырымы. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымының арасындағы байланыс
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жаланаш селосы, Ж: Ермегияев атындағы орта мектеп Физика пәнінің мұғалімі Утегенова Сәуле
Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі
Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш селосы, Ж. Ермегияев атындағы орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Утегенова Сәуле
Ресей шаруашылығының даму деңгейі және мамандануы, отын өнеркәсібі
Ресей шаруашылығының даму деңгейі және мамандануы, отын өнеркәсібі
Ресей шаруашылығының даму деңгейі және мамандануы, отын өнеркәсібі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×