Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұлдызды 50 жыл

24 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Физика
Кештің мақсаты: Оқушыларға ғарышкерлер өмірінен мағлұмат бере отырып, ойын дамыту, танымдық қабілетін шыңдай түсу ғарышкерлікке қызығуын ояту.
Кіріспе сөз Елу жылда ел жаңа дегендей, Ю. Гагариннің космосқа ұшқанына биыл 50 жыл толып отыр. Ғарышқа тұңғыш ұшқан адам 1961 жылы 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет «Восток» ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты. Бірінші ғарышкер, Ресей азамат – Юрий Гагарин.
Байқоңырдан сағат 9-дан 07 минут кеткенде ұшты, 108 минут өткеннен кейін «Восток» кемесі алдын ала белгіленген жерге аман есен жетті. 1961жылы 12 сәуірде Мәскеуден адамның ғарышқа тұңғыш сапарының ойдағыдай аяқталғаны туралы хабарланды, әлемнің тұңғыш ғарышкері қонған жерінен былай деп хабарлады. Үкіметке, халыққа жерге қонудың ойдағыдай өткенін, өзімді жақсы сезінетінімді хабарлауды сұраймын.
1 минут Юрий Гагаринді еске алу.

1 - оқушы: Циолковский Константин Эдуардович.
(1857 - 1935)
Космонавтиканың негізін салушы ұлы ғалым Константин Эдуардович Циолковскийдің есімі бүкіл әлемге әйгілі. К. Э. Циолковский Рязань түбіндегі Ижевск селосында дүниеге келді. Әкесі орманшы болған.
Ол төбеге орнатылған шағын дүрбі арқылы Күн мен Айға жұлдыздар мен планеталарға бақылау жасады. К. Э. Циолковскийдің осындай жұпыны жағдайда, шет аймақта, орналасқан шағын қалашықта, ешкімнен ешқандай көмек ала алмаса да, теңдесі жоқ ұлы жаңалықтар ашқанына таңданбау мүмкін емес.

Тек совет өкіметі орнағаннан кейін ғана Циолковскийдің тұрмысы жақсарып, оның жұмыс істеуіне жан - жақты жағдай жасалды. Совет үкіметі оған барынша көмек көрсетті. К. Э. Циолковскийдің ең басты ғылыми еңбектері космос ракеталары мен олардың космосқа ұшуына арналған 1903 жылы ұлы ғалым өзінің «әлем кеңістіктерін реактивтік құралдармен зерттеу» деген мақаласында планетааралық ұшулардың мүмкіндігін дүние жүзінде алғаш рет ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берді. Тек ракета ғана планета аралық корабль бола алатынын дәлелдеді.
К. Э. Циолковский адам космоста ұзақ уақыт тұрып жұмыс істейтін орбиталық ірі станциялар жасауды ұсынды. Ғылым мен техника жетіле келе космос сөзсіз игеріледі деп есептейді.

2 - оқушы. Тоқтар Әубәкіров
Ғарышта 2 аптадай уақыт болғанда қазақ ғалымдарының алғашқы ғылыми - зерттеу жұмыстарын тұңғыш рет шексіз кеңістікте сынақтан өткізіп қайтты. Екі апта ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізу қысқа мерзім еді. Соның өзінде Тоқтар үлкен істер атқарды.

3 - оқушы. Талғат Мұсабаев.
«Мир» станциясына барған сапарының екеуінде ғылыми зерттеу бағдарламасы бойынша ғалымдарымыздың зерттеу жұмыстарын сынақтан өткізді. Талғаттың отыз сағаттан артық ғарышта болуы қазақ үшін үлкен мәртебе, мақтаныш. Ол тау өңіріндегі тау қар қабаттарын Қостанай, Семей маңын суретке түсірді.

4. хор: Атамекен
5. Өлең жолдарын оқу (оқушылардың өздерінің шығарған өлеңдері)
6. Ай неге жалаңаш? (ертегі)
7. Шәкірттер айтысы
8. Викториналық сұрақтар
Құпия - сөздер шешу
3 666
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
12 сәуір - дүниежүзілік Космонавтика күні
12 сәуір - дүниежүзілік Космонавтика күні
Бүгінгі сабақта біз космонавтиканың даму тарихымен, ғаламшарды игеруде өз үлестерін қосқан ғарышкерлердің өмірбаяндарымен танысамыз.
Мен ғарышкер боламын
Мен ғарышкер боламын
Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Мен ғарышкер боламын
Мен ғарышкер боламын
12 - сәуір бүкіл дүниежүзілік ғарышкерлік және авиация күні. Бүлдіршіндеріміздің «Мен ғарышкер боламын» ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Байқоңыр – ғарыш айлағы
Байқоңыр – ғарыш айлағы
Балалардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту. Еліміздің мақтаныштары - қазақ ғарышкерлермен таныстыру. оқушыларға ғарышкер өмірінен мағлұмат беру, ойын дамыту. Ой - өрісін кеңейтіп, сауатты оқуға жаттықтыру
Ғарышкерлер күні
Ғарышкерлер күні
12 - сәуір ғарышкерлер күні туралы түсінігін кеңейту. Ғарыш, ғарыш кемесі, ғаламшар, аспан денелері ұғымдарын қалыптастыру. Еске сақтау қабілетін, зейінін, тілін, байланыстырып сөйлеу дағдысын түзете - дамыту, сөз байлығын кеңейту, ұсақ қол
Ғарышқа ұшу
Ғарышқа ұшу
№35 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Курманова Лида Аманбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×